25 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Колледж мұғалімі 68 мың теңге алады" - депутат ұстаз жалақысының аз екенін айтып қынжылды

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Әбдіманап Бектұрғанов кәсіптік-техникалық білім беру саласының кейбір проблемаларын көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Депутаттардың сауалы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаевқа жолданды. Сауалда кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы түйткілді мәселелер қозғалған. Мәжілісмен Бектұрғанов жалақының аздығынан колледждерге тәжірибелі оқытушылар тарту қиынға соғып отырғанын айтты.

"Қазіргі уақытта кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында инженерлік-педагогикалық кадрлар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тапшылығы байқалады. Біліктілік санатына қосымша ақы берілмейтіндіктен, жалақы деңгейінің төмендігі тәжірибелі оқытушыларды тартуға мүмкіндік бермей отыр. Оқытушылардың айлығы 68 мың теңге, ал еңбек өтілі 25 жылды құрайтын мұғалімдер 82 мың теңгеге дейін ғана алады. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері біліктілік санаты үшін қосымша ақы алатынын білеміз. Алайда жоғары және бірінші біліктілік санаты бар колледж мұғалімдеріне Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 27 қаңтарындағы бұйрығына қарамастан қосымша ақы төленбейді. Білім және ғылым министрлігіне барлық жергілікті атқарушы органның осы бұйрықты орындауын бақылауға алуды ұсынамыз", — деді депутат.

Бектұрғанов, сондай-ақ, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқытушылардың беделін көтеру үшін ұстаздардың біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау курстарының деңгейлік бағдарламаларын ұйымдастыруды және енгізуді ұсынды.

"Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесіне сәйкес, деңгейлік курстарға қосымша ақы төлеуді енгізу қажет деп есептейміз. Себебі мектептерде бұл бар, ал колледжерде жоқ", — деді ол.

Бұған қоса, мәжіліс депутаттары кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында бір студентті тамақтандыру үшін күніне бөлінетін ақша сомасын ұлғайту қажет деп есептейді.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім беруді, қысқа мерзімді кәсіби оқытуды республикалық бюджет есебінен оқыту қарастырылған. Бағдарламаға қатысушылар стипендия, біржолғы ыстық тамақ және жолақымен қамтамасыз етілген. Бір студентті тамақтандыру үшін күніне 535 теңгеге дейін бөлінген қаржының аздығы туралы менің әріптестерім де айтқан болатын. Мен де бұл соманы жеткіліксіз деп есептеймін. Студенттердің толыққанды тамақтануын қамтамасыз ету үшін бұл соманы қайта қарау керек деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта тек осы бағдарлама бойынша білім алатын студенттерге ыстық тамақ беріледі. Сондай-ақ баршаға арналған кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасында әлеуметтік аз қамтылғандар ғана ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұған қоса олар әр айда өздерінің мәртебесін растау үшін құжат жинап отыруы керек. Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасының еңбек мамандықтары бойынша оқитын барлық жастарға ыстық тамақ беру үшін "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" ҚР 2012 жылғы 12 наурыздағы қаулысына тиісті өзгертулер енгізу қажет деп есептейміз", — деді Бектұрғанов.
Просмотров материала: 4 288

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 797 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 214 466 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 213 964 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 214 005 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 214 378 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 427 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 461 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 784 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 438 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 501 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 693 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 775 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 870 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 545 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 419 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 316 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 658 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 398 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 797 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 596 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 426 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 271 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 127 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 473 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 356 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 837 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 133 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 179 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 417 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 805 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 161 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 103 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 237 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 178 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 400 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 552 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31