8 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Интернет нашар болған соң ауыл мұғалімдері "отчет" тапсыра алмай, сандалып жүр - депутат

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Шаймардан Нұрымов жылдамдығы жоғары интернеттің жоқтығынан ауыл мұғалімдерінің қиындық көріп отырғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Ол депуттаттық сауалын Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдады.

«Елімізде ақпараттық технологияларды енгізу барысы көптеген шаруаны атқаруды талап етуде. Әсіресе ауылдық жерлер интернет желісімен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етіліп отырған жоқ. Ауыл халқы сапалы интернеттің жоқытығынан электронды үкімет, банк қызметтері және басқа да қажеттіліктерге қол жеткізе алмауда. Оған Мәжіліс депутаттары өткен айларда өңірлерге іс-сапары кезінде көз жеткізді», - деді депутат.

Ол мысал ретінде Алматы облысындағы бірнеше елдімекен тұрғындары ұялы байланыс сапасының нашарлығынан қиындық көріп отырғанын айтты.

«Орта білім саласында енгізілген жаңалықтар «Күнделік.кз», «Білімлэнд», «Оқулық.кз» жүйелері бойынша жұмыс істеу, олар бойынша есеп толтыру мұғалімдерге жүктелген. Ондағы мақсат мұғалімдерді қағазбастылықтан арылтып, уақытын бала тәрбиесіне көбірек бөлсін деген ниет болды. Ал ауыл мұғалімдері жоғары жылдамдықты интернеттің жоқтығынан сабақтан кейін жылдамдығы жоғары интернеті бар шалғай жерлердегі елдімекендерге барып есептерін өткізіп жатыр екен. Яғни біз жағдайды оңалтудың орнына одан сайын күрделендіріп, мұғалімдерді әуре-сарсаңға салып жатырмыз. Сондықтан интернетпен қамтылған ауылдардағы интернет қызметінің сапасын күшейту, яғни 20 Мбитке дейінгі жылдамдықпен жұмыс істейтін интернетпен қамтуды қолға алу қажет болып отыр», - деді Нұрымов.

Депутат оған дейін қажетті деңгейдегі интернетпен қамтылмаған ауылдық жерлердегі мұғалімдерді жоғарыда аталған бағдарламалармен есеп беру міндеттерінен уақытша босатуды қарастыруды ұсынды.

«Сондай-ақ ауылдық елдімекендерді интернетпен қамту, ұялы байланыс операторларының қызметін пайдалану неге кеңінен жүзеге асырылмай келеді? ҚР «Байланыс туралы» заңында ауылдық жерлерге қызмет көрсетілген жағдайда олардың шығыны субсидияланатыны нақты көрсетілген. Осы заң нормасын қолдану қазіргі кезде қаншалықты жүзеге асырылып жатыр? Елімізде қызметі жақсы дамыған ұялы байланыс операторларының қызметін субсидиялау арқылы аталған мақсатты жүзеге асыру дұрыс деп ойлаймыз. Тағы бір ұсыныс, біздің еліміздегі жоғарыда айтылған мәселелерді әлемдегі телекоммуникациялық қауымдастық қажетті радиожиілік алуға бейімделген технологиялық бейтараптылықты енгізе отырып шешіп жатыр. Осындай технологиялық жаңалық енгізуді біз қашан қолға аламыз?» - деп сұрады депутат.

Сондай-ақ, Нұрымов ауылдық жерлерді сапалы интернетпен қамтамасыз ете отырып, тұрғындардың оны пайдалану қабілетін арттыру қажет екеніне тоқталды. Әсіресе мүгедектер мен зейнеткерлер үйлерінде отырып, өздеріне қажетті қызмет түрлерін алуды жетік меңгерсе еліміз үшін үлкен жетістік болар еді дейді ол.
Просмотров материала: 4 736

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 212 303 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 211 971 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 211 467 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 211 506 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 211 879 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 305 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 336 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 649 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 297 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 373 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 559 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 744 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 824 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 518 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 394 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 241 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 627 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 360 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 760 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 566 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 402 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 247 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 104 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 444 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 328 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 808 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 049 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 158 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 396 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 783 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 137 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 075 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 210 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 152 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 373 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 524 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31