30 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Пайғамбарлар да күнә жасаған, оның жанында біз кімбіз?

02 май 2018, 10:55
Некедегі тұрақсыздық эстрада жұлдыздарының біразын айналып өтпеген. Мұның себебі неде? Әншілердің бақытты өмір сүруіне не кедергі болады? Бұл сұрақтың жауабын білу мақсатында танымал әнші Ақбота Керімбекованы әңгімеге тартып көрдік. Айта кетейік, Ақботаның өзі үш рет күйеуге шыққан. Оның қазіргі күйеуімен арақатынасы туралы соңғы уақытта қоғамда алып-қашпа әңгіме желдей есіп тұр. Яғни, әнші бұл күйеуімен де ажырасыпты дейтіндер бар.

- Ақбота ханым, күйеуіңізбен ара қатынасыңыз жөнінде шындықты айтып беріңізші, жұрттың айтып жүргені рас па? Яғни шынымен ажырасып кеттіңіздер ме?

- Журналистер рейтинг үшін әншінің өмірімен ойнайды. Осы өсекті жазған адам ертеңгі күні өзінің өмірінде де мұндай жағдай кездеспейді деп ойлай ма екен? Отбасы болған соң түсінбеушіліктер болып тұрады. Тек күйеуімізбен ғана емес, кейде анамызбен, кейде баламызбен де ренжісіп қаламыз.

Бүкіл интернет «Ақбота ажырасып кетіпті» деп шулап жатыр. Жеке өмірім мен өткен өмірімді қозғағым келмейді. Барлығы жұмбақ болып қалсын. Біреуді кінәлай алмаймын да. Қателеспейтін адам жоқ. Тіптен фильмдерде көрсетіліп жатыр ғой, пайғамбарлар да күнә жасаған. Олардың жанында біз кімбіз?

- Жақсы, жеке өміріңізге араласпайық. Бірақ, жалпы әншілер қауымы осы ажырасады да жатады. Артынша екінші, үшінші рет үйленулері де тез. Сонда өнер жұлдыздарының арасында отбасылық құндылық деген асыл қасиеттің қалмағаны ма? Мәселен, өзіңіз үш рет тұрмыс құрдыңыз, ана KeshYOU тобының қыздары үшін әйелдері мен балаларын тастап кеткен әншілерді де білеміз. Бұл бір-екі мысал ғана...

- Ажырасып жатқан әншілер ғана емес, қазір екінің бірі некесін сақтай алмайды. Иә, мойындау керек, қазір отбасылық құндылықтың мәні жойылған. Отбасын асырайды деп сенген кейбір еркектеріміз жалқау, еңбек еткісі келмейді.

Біз сахна адамы болған соң жеке өміріміз елдің аузында жүреді. Сондықтан көзге бірінші болып түсеміз. Ал, жалпы әншілердің ғана емес, тағдыры ауыр қарапайым адамдардың өмірін естігенде жағамды ұстаймын. Сондықтан, әншілерді кішкентай қателігі үшін жер қылудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

- Жарайды. Ал, осы әншілердің жиі ажырасуына не себеп? Бәлкім өнер жұлдыздары сүйген жарына адалдық таныта алмайтын шығар?

- Біз де барынша жақсы жар, жақсы әйел, жақсы әнші болуға тырысамыз. Бірақ сахна адамы болған соң отбасында түсініспеушіліктер, қызғаныш басым болып тұрады. Негізі өнер адамымен отбасын құрған екен, онда барынша оны түсіне білген жөн.

Мен өзім адамдарды отбасына берілген және екі жақты бірдей, яғни отбасын да, қызметін де алып жүретін деп екіге бөліп қараймын. Тек күйеуі мен бала-шағасының жағдайын жасап отыратын әйелдер - отбасына берілгендер. Олар сол өмірін бақыт тұтады. Бұл типтегі әйелдерге басқа әлем қызық емес. Әркім бақытты өзінше бағалайды.

Ал, бойына Алла өнер дарытқан адамдардың өмірі оңай бола бермейді. Мүмкін ер азаматтарға қиындығы онша біліне бермейтін шығар. Бірақ әйел заты үшін қызметімен бірге үйдегі күйеуінің де жағдайын жасап отыру оңай емес.

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Анар Дәукен.

Дереккөз: sn.kz
Просмотров материала: 13 019

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 215 549 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 219 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 214 717 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 214 761 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 130 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 464 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 499 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 823 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 481 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 540 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 734 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 785 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 879 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 552 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 425 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 326 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 667 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 406 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 806 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 605 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 433 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 277 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 131 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 479 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 364 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 847 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 145 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 184 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 424 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 814 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 165 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 114 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 244 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 188 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 409 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 561 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31