10 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Геологтар күні қалай пайда болғанын білесіз бе?

02 май 2018, 3:01
Менің шығармамның кейіпкері – Степняк қаласынан шыққан ұлы тұлға, аты аңызға бергісіз қадірменді ақсақал Қабдірашит Шауаханов.

Қабдірашит Шауаханов 1932 жылдың 15 мамырында Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданында Степняк қаласында дүниеге келген, геолог, тау-кен инженері.

Ол 1949 жылы Степняк қаласында Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінің 10 сыныбын аяқтады. Содан кейін Алматы қаласындағы Қазақ тау-кен металлургия институтына түсті.

Оны 1954 жылы тәмамдағаннан кейін 44 жыл бойы Балқаш тау-кен металлургия комбинатының кәсіпорындарында қатардағы инженерден бірінші басшы қызметіне дейін көтерілген.

1954-1998 жылдар арасындағы Қабдірашит атамыздың өмір жолын қарап отырсақ, он адамның өмірбаянындай: қатардағы инженерден бастап, бас инженер, шахтаның бастығы, Қоңырат кенішінің хатшысы, кәсіподақ комитетінің мүшесі, «Балқаш тау-кен металлургия комбинаты» партия комитетінің мүшесі, Саяқ руднигінің аға инженері, Ақшатау вольфрам-молибден руднигінің директоры, Ақшатау тау-кен байыту комбинатының басшысы қызметтерін атқарған.

Қабдірашит Шауаханов «Құрмет белгісі» орденімен және де ҚазССР Жоғары Кеңесінің «Құрмет грамотасымен»,, бірнеше медальдармен марапатталған.

Өзінің қиын балалық шағына қарамастан Қабдірашит Шауаханов үлкен жетістіктерге жетті. Балалық шағы соғыс уақытындағы қиын жылдарға сәйкес келіп, алты жасында әкесінен айрылды.

Әкесі Нүркенов Шауахан 1912 жылы Жаналық ауылында дүниеге келген, Омбы қаласында экономикалық факультетті аяқтапты. 1928-1936 жылдары Шауахан Жаналық ауылының бас бухгалтері болып қызмет істеген. Сол кездің деңгейімен орыс тілін жақсы меңгерген, өз ісі бойынша аса сауатты жан болған.


Бірақ саяси қуғын-сүргін басталып, Нүркенов Шауахан Магаданға жер аударылады. Қудалаудағы ауыр өмірдің салдарынан 1939 жылы 27 жасында ауырып, Магаданда қайтыс болады.

Іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмағандықтан Нүркенов Шауахан 1964 жылы ақталып, оң ісі қалпына келтірілді. «Қу тақырға шөп бітпейді» демекші, Қабдірашит атаның қабілетті, мақсатқа жетпей тынбайтын қасиеті әкесінен берілсе керек.

Атамыздың білімді, білікті, іскер болуымен қатар, оның ешкімге ұқсамайтын қайсар, өжет мінезі де бар. Бұл бірегей мінездерінің бір мысалы - КСРО деп аталатын мемлекеттің тарихында қалуы. Ол - Қабдірашит Шауаханов атамыздың арқасында геологтар күнінің тағайындалуы.

Бұл оқиға 1961 жылдың жаз айында болған екен. 29 жастағы жалындаған жас жігіт сол кездегі КСРО-ның бірінші хатшысы Никита Сергеевич Хрущевке хат жолдапты. Ол хатта былай делінген:

«Қымбатты Никита Сергеевич, барлық адамның өз мамандығы бар. Сол мамандықтардың өз күндері, төл мерекелері бар. Мысалға – «дәрігерлер күні», «мұғалімдер күні», тағы басқа. Бірақ геологтар күні жоқ. Біз дебір мамандықтың иесіміз. Геологтар да жұмыс жасап, әртүрлі пайдалы қазбаларды табады. Бірақ біз геологтар күнін қашан тойлайтынымызды білмейміз. Мұғалімдер, дәрігерлер күнін тойлаймыз, бірақ біз басқалар үшін емес, өзіміз үшін мерекені тойлағымыз келеді. Өтінемін, Никита Сергеевич, бізге арнап геологтар күнін белгілеңізші».

Хатты жібергендігі туралы әріптестеріне хат Мәскеуге кетіп қалған соң айтады. Содан тікелей мемлекет басшысына хат жазғаны туралы алып-қашпа сөздер айтылып, басшылары бұл ісінің жақсылыққа апарып соқпайтынын да ескертіп үлгереді.

Ал хат наурыз айында Никита Сергеевич Хрущевтың қолына түсіп, ол КСРО түсті металлургия министрлігіне «Ұсыныс дайындауға» сілтеме жасайды. Сөйтіп, геологтар күнін сәуірдің бірінші жексенбісіне белгілеу туралы бұйрық шығады. Қазіргі геологтар күнінің тарихы осылай болған екен (К.Шауаханов. «Горняки и металлурги Балхашцветмета». 35-37-беттер).

Шауахановтың Никита Хрущевқа жазған хаты


Қабдырашит атамыздың арқасында белгіленген геологтар күні бұрынғы КСРО-ның құрамында болған елдерде, оның ішінде Қазақстан Республикасында да осы күнге дейін атап өтіліп келеді.

Қабдірашит атамыз өзінің «Балхашцветметтің кеншілері мен металлургтері» атты кітабында жастарға техникалық білім алудың артықшылықтарын айта келіп, жас мемлекетіміздің қарыштап алға басуы үшін сауатты инженерлердің ауадай қажет екенідігіне өз өмірінен деректер келтіре отырып, кеңес береді.

Қазіргі жастардың техникалық білімнен гөрі гуманитарлық салаға көп көңіл бөлетіндігіне қынжылыспен қарайды. Ол ойы дұрыс та, өйткені, Ыбырай Алтынсарин айтпақшы «өнер-білім бар жұрттар» қолын алысқа сермеп, жан-жақты дамуда.

Атамыз мектебімізге 2-3 жылда бір келіп тұрады, келген сайын бізге өз өмірінен үлгі келтіріп, жоғарыдағыдай ақыл-кеңестерін айтып, бізді болашаққа мақсат қоюға жігерлендіріп кетеді.

Қазіргі таңда Қабдірашит ата Қарағанды қаласында тұрып жатыр. Қарағанды және Балқаш қалаларының «Құрметті азаматы».

Қаламыздың тумасы, туған мектебіміздің түлегі Қабдірашит Шауаханов Степняк қаласының тұрғындарының жүрегінен өз орнын ала білді, оның өмірі қазіргі жас ұрпаққа үлгі-өнеге!

Анжела ТӨКЕНОВА
7-сынып оқушысы
Абай атындағы
№2 қазақ орта мектебі
Ақмола облысы
Біржан сал ауданы
Степняк қаласы
Жетекшісі: Сәуле Сейдалина
Просмотров материала: 3 650

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 086 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 600 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 179 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 228 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 545 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 627 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 754 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 000 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 222 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 366 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 936 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 130 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 461 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 288 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 114 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 336 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 372 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 057 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 451 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 182 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 172 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 003 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 841 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 116 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 054 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 556 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 099 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 873 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 144 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 511 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 898 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 844 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 904 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 860 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 091 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 230 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031