21 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



20 минут ән айтқаны үшін 1 млн теңге алатын қазақстандық әншілер салық төлеуден қашып жүр

24 апрель 2018, 13:23
Небәрі 40 минутта екі миллион теңгеден астам таза табыс табатын эстрада әншілері неге салық төлеуден қашқақтайды? Олар неге ашық сұхбат беруден бас тартты? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Тойда дәуірі жүріп тұрған отандық шоу-бизнес жұлдыздарының салық төлеуден қашатыны жайлы ақпараттар әлеуметтік желіде жиі талқыланады. Тіпті, осыдан бірнеше жыл бұрын мемлекеттік кірістер департаменті салықтан жалтарған өнерпаздардың тізімін жариялаған болатын. Оның ішіне Асхат Тарғын, Жанар Дұғалова, Бүркіт, Әлішер Кәрімов те кірген еді. Жұлдыздарды сан соқтырған мәліметтен кейін бе, көпшілігі салықты уақытылы төлеуге көшіпті. Бірақ бәрі емес.

«Біз басында түсіндіру жұмыстарын жүргізгенде, әншілерге 1 миллион теңге табатын болсаңыз, 30 мың теңге табыс салығы мен әлеуметтік сақтандыруға төлейсіз деп түсіндіріп айтқан кезде, олар айтты, бұл деген ештеңе емес екен ғой деп, шын мәнінде түсіндіру барысында түсінді» – дейді ҚР мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Олжас Отар.

Бүгінде елімізде 2 337 шоу бизнес өкілі жеке кәсіпкер болып тіркелген. 2017 жылы олар мемлекеттік қазынаға 64 миллон теңгеге дейін жеке табыс салығын аударыпты. Мәселен, танымал жұлдыздардың бірі Айқын Төлепберген басқаларды қайдам, өз басым «қарыздан адамын» дейді.

«Қазақстан азаматы ретінде мен салық төлеймін. Әнші ретінде де өз ИП-ым бар. ИП бойынша 10 миллион теңгеден 3%, сонда жылына 300 мың теңге налог төлеп тұрамын жыл сайын. Соңғы 3 жылда 1 миллион теңгеден салық төледім. Оған дейін де салық төленіп тұрды» – дейді әнші Айқын Төлепберген.

Салық төлейсіз бе деген сұраққа жауап алу үшін еліміздің бірнеше танымал жұлдыздарына хабарластық.

Айдана Меденова, Төреғали, Камшат Жолдыбаева, Мөлдір Әуелбекова, Ерке Есмахан уақыттары болмады ма, түсірілімге келісуден үзілді-кесілді бас тартты. Ал еліміздің еңбек сіңірген қайраткерінің бірі Маржан Арапбаева «салықтан қашпаймын» дейді.

«Қазіргі таңда концерттерде өте жақсы, гонорары да өте мықты. Әрине қазақтың тойы бітпесін деп тілейміз. Той да, концерт те жақсы ғой. Әрине бәрі заңды түрде, көптеген концерттік бағдарламаға қатысқаннан кейін оның барлығы перечисление дейміз ғой ИП, ТОО арқылы өткізіліп жатады. Ол жерде міндетті түрде салық төлейміз» – дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева.

Ғаламтор беттерінде жариялғанған ақпаратқа сәйкес, бүгінде ең қымбат әншілердің көш басында Төреғали Төрәлі тұр. Оның гонорары – 2 640 000 теңге құрайды. Ал Қайрат Нұртастың сыйақысы 2,5 миллион теңге! Ал қыздардың арасында ең көп табыс табатындардың бірі – Ерке Есмахан. Ол 40 минут ән салғаны үшін 2 000 000 теңге алады екен.

Осылайша, салық декларациясына сүйенсек, жұлдыздар әр тапқан табысының 3 %, ал патент негізінде жұмыс істесе 2% төлеуі қажет. Бірақ оны да елеп-ескеріп жатқандары шамалы. Ал ақын Талант Арынғалидің айтуынша, арнайы жүйе болмағандықтан әр тойдан нақты кімнің неше тапқаның білу мүмкін емес.

«Тойдан салық алу меніңше арнайы бір заңы, жүйесі болмаса, негізсіз шығады. Бізде көбіне өнер жұлдыздары ешқайда тіркелмеген ғой. Бізде ешқандай негіз жоқ қой. Ешқандай қолдау жоқ. Сосын әркім білгенін істейді. Білгенін істегеннен кейін әр түрлі жағдайлар туындайды» – дейді ақын Талант Арғынғали.

2017 жылдан бастап табысын жасырып, салық төлеуден жалтарған шоу-бизнес өкілдеріне қатысты заң күшейтілді. Олар енді арнайы ескертуден кейін, берешектерін төлемесе үлкен соммада айыппұл арқалайды. Ал оған да құлақ аспаса, банктік есепшоттары жабылып, шетелге шығуға тыйым салынды.
Просмотров материала: 7 175

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 598 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 421 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 162 054 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 162 095 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 385 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 560 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 701 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 914 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 757 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 942 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 723 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 529 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 166 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 024 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 844 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 013 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 126 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 794 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 171 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 900 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 911 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 744 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 588 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 842 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 791 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 296 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 746 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 619 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 882 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 214 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 624 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 598 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 637 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 590 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 822 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 962 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031