25 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Астана – халқымыздың мерейі мен мәртебесі

20 апрель 2018, 9:13
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанның бас қаласы – Астана. 2018 жыл – халқымыз үшін айрықша ардақты, мемлекетіміз үшін ең мерекелі жыл болмақ. Өйткені біздің бас қаламыз, еңселі елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл болып отыр.

Астана – барлық Қазақстан халқының мерейі мен мәртебесі. Астана келбеті, оның жарқын суреті ойымнан еш кетер емес. Өзімнің кішкентай күнімнен Отаныма деген махаббатым шексіз, сағыныштан жүрегім дүрс-дүрс соғады.

Әр жыл сайын жазғы демалысымда қаланың өзгерген келбетіне таң қаламын. Кейде осындай байтақ, бақытты елдің ұланы болғаныма, ұлтымның қазақ болғанына қатты қуанамын.

Елордаға барған әр бала ең алдымен «Бәйтерекке» көтеріліп, Елбасының қолтаңбасына алақан түйістіріп, арман-тілегімен Елбасымен амандасады. Бәйтерек – болашағы жарқын, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің символы.

Дүние жүзінде теңдесі жоқ, ең сәулетті ғимарат. Мұнда келушілер шыны «шарда» орналасқан жарық әрі кең көру залына панорамалы лифт арқылы өтеді. Елбасының оң қолының алақаны тиген «Аялы алақан» композициясы осында орналасқан.

«Бүгінгі Астананың негізі мыңжылдықтар тоғысында қаланып, санаулы жылдар ішінде-ақ ғаламат сұлу заманауи шаһарға, нағыз урбанистік жауһарға айналып шыға келді. Еліміздің жаңа астанасын – бүкіл Қазақстан халқының арманынан туған ортақ перзенті десе де болғандай» деп жазды Нұрсұлтан Әбішұлы.


Әсіресе еліміздің жүрегінде халықаралық мамандырылған ЕХРО-2017 көрмесі барша халыққа есігін айқара ашты. Мен «Қостанай – Дарын» орталығы дарынды оқушылар атынан «Болашақтың энергиясын» өз көзіммен көрдім.

Мұнда әлемнің барлық мемлекеттері өздерінің ең үздік ғылыми және технологиялық жетістіктерін көрсетті. Осындай қызық қуанышты біздің мектептен көптеген оқушылар барып тамашалады.

Бәріміздің жүзімізді күлкі мен қуанышқа бөлеген мектеп басшысы Рағат Қабылан Қытайбекұлына алғысымыз шексіз болды. Көрмедегі павильонның әрбір қабаты бір-бір тақырыпқа арналған. Мұнда космос, күн, кинетикалық энергиялары туралы және басқа да мәліметтер алдық.

Әсіресе, Қазақстан павильонын аралап жүріп, ерекше қуанышқа бөлендік. Еліміздің осындай жетістікке жеткені бізді қатты қуантты.
Қазіргі уақытта елімізді әлемдегі барлық ел таниды, танып  қана қоймай еліміздің осы аздаған уақытта жеткен  жетістіктеріне қызыға қарайды.

Біз  осындай тәуелсіз,  бірлігіміз жарасқан, бейбітшілік орнаған  елдің ұрпағы болғанымызға мақтануымыз керек.

Асқар ЖҰМАШ
9 сынып оқушысы
Глазунов орта мектебі
Қостанай облысы
Қостанай ауданы
Глазунов ауылы
Жетекшісі: Дариға Берсүгірова
Просмотров материала: 5 913

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 197 104 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 196 709 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 196 215 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 196 265 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 196 633 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 561 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 860 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 372 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 465 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 739 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 522 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 608 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 404 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 253 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 755 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 490 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 186 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 584 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 375 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 282 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 117 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 966 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 274 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 185 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 684 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 528 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 028 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 271 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 647 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 023 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 967 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 064 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 027 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 224 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 380 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930