9 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Салафит күйеуінен қашып жүрген астаналық әйел 1 жасар баласымен далада қалуы мүмкін

18 апрель 2018, 17:38
40 жастағы келіншек 1 жылдан астам уақыт жалғыз ұлымен аядай бөлмені паналап, өлместін күнін кешіп жүр деп жазады NewTimes.kz. Азаматтық некеде болған "діндар" күйеуіне қайта оралғысы келмейтінін айтқан ол пәтерақысына берер ақша таппай зар жылап отыр.

Үміт (аты өзгертілді) жүкті болмай тұрып күзет қызметінде істеген екен. Ол кезде таза әрі жылы пәтерде тұруға жағдайы болыпты. Алайда, кейін оның аяғы ауыр екенін білген басшысы бірден жұмыстан шығарып жіберген.

«Ақшасыз қалай өмір сүремін? Осы бөлменің өзіне ай сайын 25 500 теңге төлеймін. Мұнда жағдай жоқ. Әжетхана да сыртта. Үй салқын. Қыс бойы балам екеуміз ауырып шықтық», – деп бастады әңгімесін астаналық әйел.

Жалғыз басты ананың көмек сұрап бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Бірақ емізулі анаға ешкім де жәрдем бере алмаған.

«Аналар үйіне» бардым. Ол жерде 40 жастасың деп қабылдамады. Айтуларынша 29 жасқа дейінгі келіншектер ғана паналай алады екен ол жерді. Сосын "Дағдарыс орталығына" бардым. Ондағылар тек зорлық көргендерге көмектеседі екен. Үй кезегіне тағы да тұра алмаймын. Ол үшін Астанада 3 жыл тұрғылықты мекен-жай бойынша үздіксіз тіркеуде болуың шарт. Ал мен былтыр ғана тіркелдім», – дейді ол көзіне жас алып.

Үміт осы айға пәтерақысын қалай төлейтінін білмей дал. Өйткені мамыр айында ұлы 1 жасқа келіп, үкімет беретін жәрдемақы да тоқтатылмақ. Баласына керекті заттарды несиеге алған ана оның да ақшасын төлей алмай, банкте қара тізімге ілініпті.

«Білмеймін не істерімді. Жұмысқа орналасайын десем, баламды кімге қаратамын? Ұлым жиі ауырады. Қолы дірілдейді. Дәрігер массаж жасату керек деген. Ал оған ақшаны қайдан табамын?» – деген ол қол ұшын созар бірде-бір туысы жоқ екенін айтып шағымданды.

Келіншектің тек қана азаматтық некеде тұрған «діндар» күйеуі бар екен. Айтуынша, дәстүрлі емес діни ағым – салафизмді ұстанатын көрінеді. Бірақ Үміт одан көмек сұрамақ түгілі, жүзін де көргісі келмейді.

«Біз айрылысып кеттік. Бір жарым ай өткенде одан аяғым ауыр екенін білдім. Бірақ оған айтқым келмеді жүкті екенімді. Баланы алдыртпадым да. Өйткені жасым 40-қа таяды. Қазір туып алмасам, қашан туамын дедім. Ол менің қайда тұрып жатқанымды да білмейді. Уахабимен араласқым да келмейді. Егер ол менің одан ұл туғанымды білсе, баланы тартып алады. Сосын өзі сияқты теріс ағымға оқытып, ұлымның санасын улайды. Олар ер баланы қатты бағалайды», – деп тәмамдады сөзін Үміт.
Просмотров материала: 3 508

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 199 117 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 198 728 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 198 228 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 198 274 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 198 648 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 592 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 662 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 969 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 536 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 625 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 839 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 586 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 633 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 418 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 271 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 785 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 510 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 203 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 601 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 403 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 299 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 131 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 982 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 291 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 202 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 697 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 560 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 047 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 283 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 661 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 040 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 977 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 087 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 043 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 241 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 392 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031