11 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Қаршадайынан қасыма ерген Айзатжан..." - Қарақат лифтіде көз жұмған журналисті еске алды

13 апрель 2018, 17:27
Ақтөбеде лифтте қайтыс болған журналист қыз әнші Қарақат Әбілдинаның жақын танысы болып шықты. Марқұммен жақсы қарым-қатынаста болған әнші онымен соңғы рет тілдескенін жазып, жұрттың жүрегін елжіретті.

«Айзат... Осыдан он шақты жыл бұрын өте бір нәзік, сүйкімді жас қыз бала мені үлгі тұтатынын, жақынырақ араласқысы келетінін айтып қасыма келген еді. Жүзінен мейірім төгілген сол бір аруды мен де бірден жаныма жақын тарттым, өйткені, оның адалдығы, маған деген кіршіксіз ақ көңілі, адам баласына жамандық ойламайтын әппақ жүрегі кез келген адамды баурап, жанын елжірететін еді.

Қаршадайынан қасыма ерген сол Айзатжан бірнеше жыл бойына менімен бірге жүрді, әрдайым жанашыр болды. Кейін біз көшіп, ол ұзатылып, Алматыдан жырақтасақ та, байланысымызды үзбедік. Әрдайым xал сұрасып, барлық қуаныш-қызығымызға ортақтасып отыратын.

Ақ тілегі мен құттықтауын аямайтын... Аялам дүниеге келгенде ең бірінші боп қуанып еді, өзінің ботақанымен үйімізде қонақ та болған... Ертең үлкен концерт деп қарбаласып жатқан күні Айзат қайтыпты деген қайғылы xабарды естідім...

Төбеме жай түскендей күй кештім...

«Құдайым-ау, бұл мүмкін бе, қалайша?» деп сенбедім, сенгім келмеді.... Жанарымнан жас парлай берді....

Кеше ғана «Айналайын, әпкетай, ертең Сіз үшін ерекше күн, алдын ала құттықтаймын. Ұзақ жасаңыз, Сізді қатты жақсы көрем, концертіңіздің керемет өтеріне еш күмәнім жоқ» деп xат жолдап еді ғой... Дәл кеше ғана еді сол xаттың келгені... Қалайша? Бірдеңені сездің бе, күні бұрын құттықтауға неге асықтың екен, қоштасқаның ба бұл әлде?

Пендеміз ғой, кейін сөйлесерміз деген оймен «Көп раxмет, Айзатжан» деген бір ауыз жауап жазып жібердім.

Қайран, өмір... Ол сәттің енді орайы келмейтінін, жаныма жақын сіңліммен енді қайтып тілдесе алмайтынымды қайдан білейін...

Айзатжанның қазасы оның танитын барлық жанның қабырғасын қайыстырғанына күмәнім жоқ... Пешенесіне анасыз өсуді жазған кішкентай ботақан үшін жүрегім қарс айырылады...

Амал нешік?!... Бәріміз кету үшін келдік... Осы ғана жұбаныш...

Бүгінгі қасиетті жұма күні Айзат үшін дұға тілеп, Ата-анасына, жолдасы мен барлық туыстарына қайғыра көңіл айтамын!

Айзатжан, Алла алдыңнан жарылқасын, жаның пейіште шалқысын... Осы дүниедегі жақсылықтарың ол дүниеде алдыңнан нұр боп шыққай...

Сенің жадыраған бейнең мәңгілік есімізде қалады...

Жақындарымыздың қадірін біліп, күнделікті көңіл бөлуді, дер кезінде жылы сөз арнауды ұмытпау керек екен...» деп жазады әнші Instagram-парақшасында.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының журналисі Айзат Әбдісаматты лифт қысып қалып, қайтыс болған еді. Айзаттың артында 3 жасар қызы мен жұбайы қалды.
Просмотров материала: 5 231

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 830 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 516 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 016 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 049 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 422 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 806 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 839 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 172 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 851 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 881 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 088 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 870 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 003 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 633 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 511 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 528 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 751 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 505 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 901 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 698 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 513 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 355 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 200 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 568 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 444 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 933 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 359 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 262 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 498 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 896 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 238 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 185 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 328 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 260 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 503 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 639 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031