22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



72 жастағы қарияның туризмге қосқан үлесі ұшан-теңіз

12 апрель 2018, 8:22
Бұл мақаланы қолға алған кезде, ең алдымен, өңіріміздің табиғаты мен туризм саласы жөнінде сөз қозғауды жөн деп шештім. Себебі, менің туып-өскен жерімде асқар таулар көкке өрлеп, өзендері сарқырап, табиғаты сұлулығымен көздің жауын алып тұрады. Бұл мәселеге қазіргі уақытта көп назар адару керектігін бәрі де ұғынып, өзінің қандай да бір үлесін қосуға тырысып бағуда. Тіпті осы салада қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтар баршылық.

Сол кісілердің еңбегін ескеріп, өз қаламның бетке ұстар азаматы мен оның қолға алған жобаларын таныстыру арқылы көпке үлгі боларлық жайттарды үлкен мақтанышпен баяндасам деймін. Ал бұл мақалам туған жерімнің табиғатын танытудағы менің қосар кішігірім ғана үлесім болмақ.

Еліміз жылдан-жылға дамып, өркендеп, көркейіп келеді. Ілгері басуымыздың маңызды алғышарты – ұлан-байтақ қазыналы жеріміз бен сол байлықты көрегенділікпен қолдана білетін азаматтарымыз.

Менің туып-өскен өлкемнің ең басты ерекшелігі – Батыс Тянь-Шань тауларының бөктерінде орналасуы. Ауданымызда Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Сайрам-Су, Сары-Айғыр, Қасқасу, Біркөлік, Ақмешіт шатқалдары және де «Тау самалы» демалыс кешенінде «Алатау» шаңғы базасы бар.


Көркем табиғаты көз тартар, таза ауасы жан сергітер, мөлдір сулы өзендері бар туған өлкем туризм саласын дамытуға сұранып-ақ тұр. Осы орайда Әлихан Әбдешев атамыздың экономикалық, экологиялық маңызы зор аймақта туризм саласын жетілдіруге сіңіріп жүрген қажырлы еңбегі жайлы айта кеткенді жөн көрдім.

Ол – мамандығы бойынша ұшқыш-авиатор. Совет Армиясы құрамында 29 жыл бойы өз борышын атқарып, 1992 жылы туған жеріне оралған. Жастайынан қатарластарымен құлын-тайдай тебісіп өскен жерінің табиғаты үлкен әсер етіп, осы салада еңбек ететінін сол бала күнінде-ақ түйсігімен сезген екен.

2005 жылы 23 қарашада Ә.Әбдешевтің басшылығымен ауданымызда «Өгем» қоғамдық бірлестігі құрылды. Бірлестік 2008-2009 жылдары «Оңтүстік Қазақстан жергілікті халықтың арасында күнделікті өмірде альтернативтік энергетиканы дамыту мүмкіндігі», 2010 жылы «Ресурстар мен энергияны пайдалану жөніндегі халықаралық мектеп жобасы» мен 2012 ж. (наурыз-мамыр) «ҮЕҰ Төлеби аудандық және кәсіподақ қоғамдастығы жас ұрпаққа экологиялық білім беруді шешу үшін институционалдық дамуын нығайту» және т.б. жобаларды қолға алды.

Ол күн шуағы молынан түсетін өңірде ешуақытта сарқылмайтын әрі экологиялық жағынан еш зияны жоқ күннен энергия алу жобаларын жүзеге асыру арқылы жаһандық жылыну процесін тежеуге де өз үлесін қосып келеді.

Бүгінгі күнге дейін шет елдерден, сонымен қатар еліміздің түкпір-түкпірінен келетін туристерге қызмет көрсетіп, табиғатымыздың сұлулығын, салт-дәстүріміздің ерекшеліктерін паш етуде.

Кең керегелі киіз үйде мұхиттың арғы жағынан келген қонақтарға ұлттық тағамдар мен қымыз, айран сынды сусындарды ұсына отырып, мәдениетіміз бен әдеп-ғұрыптарымыз жайлы баяндап, көрнекті орындарға байланысты терең мағлұмат береді.

Атқа мінген қария автокөлік жүре алмайтын сан түрлі жолды бағындырып, өлкенің көркем де көрнекті жерлерін өзі бастап аралатады.


«Жас ұрпақ бүгін аяқтың астында жатқан қазынаның түбіне жетіп, қадірін жете танып, қолға алар емес. Болашақ заңгер мен есепшілерден құралған қазақ жастарына осы байлықты қастерлеуді үйрету керек. Сол себепті, қазіргі таңда ішкі туризм саласына көбірек көңіл бөліп, өз еліміздің көрнекті мекендеріне отандастарымыздың назарын аудартқым келеді», – деп, Әлихан атамыз ой-толғанысымен бөлісті.

Туризм ол үшін тек табыс көзі емес. Олай дейтінім, Әлихан ата өз кәсібін қайырымдылық іс-шараларымен де ұштастырып тұрады. Оның бірден-бір көрінісі – Төңкеріс ауылындағы жазғы оқу-сауықтыру лагері.

«Авиатор» деп аталатын бұл лагерь, ең алдымен, әлеуметтік жағдайы төмен, жетім, көпбалалы отбасы балалары мен Леңгер қаласындағы құлағы нашар еститін балалар мектеп-интернаты тәрбиеленушілерінің жазғы демалысын қызықты өткізуіне арналған бірден-бір орын.

Өңіріміздің дамуына талмай өз үлесін қосып келе жатқан жарқын тұлғаның ең басты мақсаттарының бірі – жас ұрпақты ұлтжандылыққа, білім мен ғылымға, туған жерін қастерлеуге баулу.

72 жасар қарияның қайраттылығы, ел үшін атқарып жатқан игілікті іс-әрекеті кейінгі өскелең ұрпаққа үлгі, мақтаныш болмақ. Осы кісінің қолға алған жобаларының ауқымдылығына, оған жұмсалып жатқан күш-қуаттың молдығына, алға қойған мақсатына жету жолындағы табандылығына қайран қалып, осы қасиеттерінің әрқайсысымызға өнеге боларын бағамдадым.

Әсем АЙХЫНБАЙ
11 сынып оқушысы
Төлеби аудандық
мамандандырылған мектеп-интернаты
Оңтүстік Қазақстан облысы
Төлеби ауданы
Леңгір қаласы
Жетекші: Мейрамкүл Мусаева
Просмотров материала: 2 245

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 259 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 091 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 732 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 756 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 064 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 474 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 651 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 718 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 906 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 052 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 431 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930