9 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақша сөйлемейтін қызметкерді жұмыстан шығарыңыз, министр мырза!

11 апрель 2018, 15:48
Білім және ғылым министрлігінің Бюджетті жоспарлау департаменті директорының орынбасары Жанар Рахметова деген біреу қазақ мұғалімінің сұрақ-сөзіне: «Я не говорю по казахский. У нас трехьязычие, если что…» – депті…

Қатты ашуланып отырмын…

Егер қазақтың намысын таптағасы келіп, жарты ауыз сөз айтқан адамға кездессем… (арғы жағын айтсам… статья…)

Қайдам…

Осы қазақ бауырларымның намысы қайда кеткен?!.

Жігіттер! Анамыздың тілі мен ұлтымыздың намысын қорлатып қашанғы жүре береміз?..

…Ерлан Сағадиев басқарған Білім және ғылым министрлігінің Бюджетті жоспарлау департаменті директорының орынбасары Жанар Рахметова деген біреу қазақ мұғалімінің сұрақ-сөзіне: «Я не говорю по казахский. У нас трехьязычие, если что…» – депті…

Кеше ғана Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үкімет пен парламент ТЕК ҚАНА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУІ КЕРЕК» -деген тапсырмасын Білім министрлігі департамент директорының орынбасары Жанар Рахметова тыңдағысы келмей, Президент тапсырмасына ашық қарсылық танытып отыр ма, министр Ерлан Сағадиев мырза?!

Әлде, өткенде ақын Қазыбек Иса Елбасы айтқан "ТЕК ҚАНА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУІ КЕРЕК" деген сөздің, «өзге тілдерде сөйлеуге болмайды» деген сөз екенін министрлер мен депутаттарға түсіндіріп, тегін дәріс бергендей, біз де енді Үкіметтің біраз министрлігіне дәріс оқиық па барып...

Білім және ғылым министрлігінің Бюджетті жоспарлау департаменті директорының орынбасары Жанар Рахметоваға қолданылатын жаза біреу-ақ:

1.Қызметінен босату.

2.Өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салу.

3.Үлкен көлем, жоғары сомада айыппұл салу (Қолданыстағы заңдарға сәйкес) (Мысалы, 90 (тоқсан) млн теңге шамасында…)

4.Қазақ халқынан арнайы (ашық түрде) кешірім сұрату.

Біз Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтен бір аптаның ішінде бір жауабын күтеміз!

Егер дәп осыны жасасақ, ертең бірде-бір адам қазақ тіліне қарсы жарты ауыз сөз айта алмайды. Өйткені, нәпақадан айырылу, лауазымнан ажырау, болашаққа үмітті жоғалту, қыруар қаржы айыппұл төлеу, ақырында, «екі елі ауызына – бес елі қақпақ» қоя алмай, жұрт алдында масқарашылықпен кешірім сұрау – кез келгеннің «сайтанын» қағып алады!

…Осыдан бірнеше жыл бұрын Алматыдағы дүкендердің бірінде сол кезеңде сырқатты болып жүрген Әсел Назарбаева қарындасымызды жазықсыз соққыға жыққан, қазақ жерінде туып, суын ішсе де, қазір орыс елінің азаматы Диана Перегуда дейтінге де қолдану керек.

«Спортсменка»-сымаққа қарсы заңның ең қатал баптарын қолданып, аса ауқымды айыппұл салып, қазақша айтқанда «тыржалаңаштап», дүние-мүлкін тәркілеу керек те, Самараға қарай жіберу керек!

Бұл – бұзақылық емес! Қатардағы қылмыс емес.

Бұл – мемлекеттің тәуелсіздігіне қауіп төндіру. Ұлттар­дың арасына от тастау. Тіпті, ұлтаралық соғысқа шақыру.

Бұл – экстремизм мен терроризмге қарай жасалған алғашқы қадам. Ешқандай өрт – бірден лаулап жанбайды, ол алдымен, шырпымен тұтанады.

Бәлкім, бұл қатынның артында белгілі қылмыстық топтар, орыстың арнайы қызметттері, тіпті, мемлекеттік жоғарғы құрылымы тұрған шығар?!. (Іске Ресейдің Бас Консулының өзі араласқанына қарағанда…)

Қазақтың құқық қорғау құрылымдары осыны анықтасын.

Бес-алты журналист, оншақты қолдаушы қатысып, бұл мәселені ұлты басқа судьяға жұмсақ шештіріп, ұмыта салуға болмайды.

Ең алдымен, сотты қазақ тілінде жүргізуді талап ету керек! Мейлі, ұлты басқа адам болса да, қазақ тілін таза меңгерген маман болсын. Сонда көреміз «қандай тілдің түсініксіз» екенін…

Білікті заңгер, қоғам белсендісі Абзал Құспан, әлбет­те, бәрімізді сабырға шақырып отыр. Бірақ, әлем халқы түңілген бұл ел – заңның не екенін әлі танып-білген жоқ!

Абзал бауырым, жатқа сеніп, опық жеген Әбілқайыр хан мен Махамбет батырдың (басқаларын айтпағанда…) тағдырын есінен шығармасын!

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА,
«Қазақ үні» газеті.
Просмотров материала: 5 124

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 435 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 116 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 616 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 651 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 024 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 785 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 815 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 147 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 828 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 860 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 064 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 862 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 995 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 627 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 504 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 479 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 743 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 496 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 894 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 692 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 506 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 348 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 191 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 560 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 439 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 925 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 310 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 251 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 490 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 889 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 235 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 181 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 323 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 254 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 496 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 633 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031