28 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



9 жаста жездем зорлады деген қыз жатырынан айрылуы мүмкін

29 март 2018, 13:03
Жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы #Немолчи қозғалысының көшбасшысы Дана Смаилова өзінің Фейсбуктегі парақшасына Алматы қаласында тұратын кішкентай қыздың басынан өткен сұмдықтарды жариялады. Қоғамдық белсендінің айтуынша, ол қызды 9-жасында туысы зорлаған, ал полиция бірнеше жылдан бері бұлыс істің ақ-қарасына жете алмай, жылы жабумен келеді.

"Бүгін маған бір әже келді, оның немересін 9 жасында өз туысқаны зорлапты. Бұл отбасының басынан өткен қиындықтарды естіп, менің өзім есеңгіреп қалдым. Аттарын атамаймын, бірақ айтқан сөзімнің бәрін растайтын құжаттар бар, қылмыстық және азаматтық іс қозғалған. Демек, бұл оқиға шындық. Сондықтан ол туралы барлығыңыз білгендеріңіз жөн" деп жазады Дана Смаилова.

Қозғалыс жетекшісінің сөзінен ұққанымыз, қыздың әжесі мүгедек, бір бүйрегі, өті, асқазанының бір бөлігі жоқ, Семей полигонының ардагері. Күйеуі екеуі 40 жыл бірге ғұмыр кешіп, екі бала тәрбиелеп өсірген. Бүгінде екі перзентін де жер қойнына тапсырыпты.

Аталмыш қыз - қариялардың ұлынан көрген немересі, 2012 жылы ұлы қайтыс болған соң немересі ата-апасымен жиі хабарласып тұрған. Ал 2014 жылы қыз олардың үйіне қашып келген. Ол кезде немересінің жасы 12-де екен.

Дереу анасына хабарласып, не болғанын сұраса "оған сенбеңіз, ол өтірікші және ұры" деп анасы өз перзентін ғайбаттапты.

Бала түнде ұйықтай алмай, шошына береді екен. Ал 2014 жылдың соңында қыздың ең бірінші етеккірі келгенде ол қатты науқастанып қалды. Сонда ғана қыз дәрігердің алдында өзін туысы 9 жасында зорлағанын айтып берген. Дәрігер де қыздық перденің жыртылғанын растады.

Тез арада анасын шақыртқанымен, ол қызының жылап айтқан сөздерін үнсіз тыңдап, жүрегі селт етпепті.

Содан кейін қыздың көрмегені жоқ. Оның жатырын сақтап қалу үшін ол көптеген емдеу курсынан өтті. Оны отаға дайындады, өйткені құрсақ қуысында көп су жиналып қалған, жатыры қисайған, оған қоса эндометриоз, аналық без ісіген, осы аурулардың салдары жатырды алып тастауға апарып соғуы мүмкін.

Бір жаманы, қыз 10 жасында осының бәрін анасына айтқан екен, тіпті дәрігерлер де қызды УЗИ-ге түсіріп, гинекологқа қарату керектігін жеткізген. Алайда анасы емдеуге келіспепті. Шешесінің "емдеуден бас тартамын" деген жазбаша хаты да тіркелген. Ал бейшара қыз 4 жыл бойы сол ауруға шыдап, оны асқындырып алды.

Бір күні қыз анасымен бірге тұрған кездегі сұмдықтарды айта бастаған. Ол қызын көп еркектер отырған пәтерге апарып, оларға арақ құйғызған, сосын олар мас болғанда қалталарындағы ақшаны ұрлауды үйреткен. "Қыз сол ақшаның бәрін жинап, сөмкеге салып, үйіне қайтады, ал анасы сол еркектердің ортасында қалады екен" дейді әжесі. Анасы қызына белгісіз бір дәріні егіп, сосын бір жаққа апарады екен. Бірақ ол жерде не болғаны қыздың есінде қалмайды. Шешесі қайта-қайта "түнде не болғаны есіңде ме?" деп сұрайды.

Қыз 9 жасында туысқаны қалай зорлағаны туралы айтқанда, тұла бойың түршігеді. Жездесі қыздың қолын байлап, сарайға апарып, көмірдің үстіне жатқызып зорлайды. Ісін бітірген соң бүлдіршінді сарайға тастап, өзі кетіп қалады. Қансыраған күйі үйіне әрең жеткен қыз төсекке жатып, ұйықтап қалған. Анасы келгенде бәрін айтып бергенімен, ол міз бақпапты.

"Ешкімге айтпа, әйтпесе сені ешкім жақсы көрмейтін болады" дейді ол. Бала бәріне көнуге мәжбүр болды.

Өкініштісі, полиция көмектеспеді. Қыз алты рет арнайы медициналық және психологиялық сараптамадан өтті. Қанша рет тергеу жүргізіліп, бейшара қыз көрмегеннің бәрін көрді. Бірақ анасы әлі күнге дейін аналық құқығынан айырылған жоқ. Ал қыз қазір анасының қолында қалған сіңлісін уайымдап жүр.

Дана Смаилова бүгінде балалардың құқығын қорғау жөніндегі сенімді өкіл Зағипа Балиеваның көмегіне жүгінуді жоспарлап отыр. Өйткені қызға әлі де құрсағынан айырылу қаупі төніп тұр.

Материалдың толық нұсқасымен мына сілтемеден таныса аласыздар.
Просмотров материала: 19 271

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 224 274 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 980 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 223 473 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 507 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 872 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 946 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 974 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 308 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 001 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 023 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 223 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 922 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 050 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 672 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 555 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 591 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 786 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 545 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 955 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 736 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 551 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 397 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 239 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 613 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 488 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 969 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 410 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 300 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 538 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 931 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 277 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 219 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 363 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 300 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 548 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 674 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031