26 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Алматы, Астанада бұдан 4-5 есе көп ақша жұмсайды" - Қазығұрттағы Наурыз тойына 34 млн теңге бөлінді

20 март 2018, 13:37
Ертең, яғни 21 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданындағы Қазығұрт тауының бөктерінде Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурыз Қазығұрттан басталады» мерекелік іс шарасы өтеді. ОҚО мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының хабарлауынша, осы іс-шараны өткізуге 34,5 млн теңге жұмсалады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Алда өтетін бюджетті нақтылаудан «Наурыз Қазығұрттан басталады» іс-шарасына 34,5 млн теңге қаржы сұрап отырмыз. Өткен жылдың соңында қаралған қаржымыз бар. Қазір содан жұмсап жатырмыз. Бірақ нақтыланатын бюджеттен осы 34,5 млн теңгені сұратамыз. «Наурыз Қазығұрттан басталады» іс-шарасы 21 наурыда таңнан кешке дейін болады», - деді облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Асылхан Темірхан.

Оның сөзінше, бұл қаражат үлкен және кіші сахналарды безендіруге, театрландырылған қойылымға қатысатын 1000 адамның костюмін тігуге, этноауылдың Үлкен қақпасын орнатуға, ұлттық көрмелерді ұйымдастыруға жұмсалады.

«Мұндай іс-шараны өткізуге «34 млн теңге көп» деп айта алмаймын. Басқа облыстарда, Астана-Алматыда бұдан төрт-бес есе артық қаралады. Халық үшін жасалып жатыр. Ұлттық мерекеміз үшін жасалып жатыр», - деген Асылхан Темірханұлы мерекелік бағдарламаны айтып берді.

Қазығұрт ауданының Ақбұлақ ауылындағы Қазығұрт тауының етегіне 40 киіз үй тігіліп, этноауыл құрылады. Арнайы этноауылдың кіреберісіне Қазығұрт тауы іспеттес үлкен қақпа қойылып, этноауыл ішінде қолөнер шеберлері бұйымдарының, ұлттық тағамдардың көрмесі, ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылады.

Кіші сахна жасақталып, сонда облысқа қарасты 15 аудан-қаланың өнерпаздары ұлтымыздың салт-дәстүріне сәйкес театрландырылған қойылым мен концерттер береді. Бұл кіші сахна айналасындағы іс-шаралар жоспары. Ал негізгі мереке үлкен сахнаның маңында өтеді.

«Негізгі іс-шара сағат 11-де үлкен сахнада басталады. Үлкен сахна Нұһ пайғамбардың кемесі іспеттес жасақталып, безендірілген. Ұзындығы 48 метр. Алдына 2000 дана орындық қойылады. «Тіршіліктің бастауы – Қазығұрт» деген театрландырылған қойылыммен ашылады. Онда кеменің Қазығұрт тауына келіп тоқтап, тіршіліктің сол Қазығұрт тауынан басталғаны көрініс табады. Осы Қазығұрттағы Наурыз мерекесіне арналып жазылған «Рухани жаңғыру» әні алғаш орындалып, тұсауы кесіледі. Әннің авторы Әлімбай Ботақараев, ал сөзін Мұқағали Кенжетайұлы жазған», - деді Асылхан Темірхан.

Одан кейін «Күннің жаңаруы», «Қыдыр ата 12 аймен кездесуі», «Табиғаттың оянуы», «Наурыз тойы», «Рухани жаңғыру – ұлтты ұлықтаудың ұлы жолы», «Тәуелсіздік түндігі – Астана» сазды- хореографиялық композициясымен жалғасады.

Облыстық мәдениет және өнер мекемелерінің өнерпаздарынан бөлек, шараға 300 ат, 20 түйе, 8 арба, күйме мен 500 көгершін қатыстырылады. Мерекелік іс-шара өтетін алаңның аумағы 1,75 гектарды құрайды.

Еске салсақ, қаңтар айында облыс әкімдігінде Рухани жаңғыру бойында үлкен мәжіліс өтті. Сол кезде облыс әкімі Ж. Түймебаев биылғы облыстық Наурыз мерекесін Қазығұрт тауының етегінде тойлауды ұсынды.

Бұл ұсыныс қолдау тауып, жыл сайын 21 наурыз күні Қазығұрт тауының етегінде Наурыз мейрамын өткізу жоспарланды. Ал Оңтүстік Қазақстан облыс көлемінде Әз-Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар 19-25 наурыз аралығына белгіленіпті.

Жанат Смағұл
Просмотров материала: 3 497

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 201 582 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 201 202 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 200 698 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 200 757 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 119 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 724 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 788 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 090 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 700 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 775 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 975 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 616 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 650 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 429 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 285 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 858 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 524 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 222 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 620 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 312 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 145 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 996 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 318 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 222 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 714 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 627 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 063 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 295 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 674 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 049 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 990 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 109 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 061 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 259 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 408 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031