15 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Маңғыстауда Амал мерекесі кең көлемде тойланды

14 март 2018, 19:50
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ынтымақ пен Бірлікке шақырар дәстүрлі мейрам – Амал мерекесі тұңғыш рет республикалық деңгейде аталып өтілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мәшһүр-Жүсіп (Павлодар), Абай-Шәкәрім (ШҚО), Қорқыт ата (Қызылорда), Қожа-Ахмет Иассауи (ОҚО), Ақмешіт (ОҚО), Сарайшық (Атырау), Бекет ата (Маңғыстау) кесенелерінің және Ұлытау кешені (Қарағанды) шырақшыларының қатысуымен, еліміздің әр аймағынан келген 3 жүздің ұрпақтары мен ресми делегация Отпан таудың бауырында бас қосып, Бірлік отын жақты.

Ынтымақ пен берекенің, тұрақтылық пен татулықтың белгісіне айналған Бірлік отын жағу тарихи сәтінде Облыс әкімі Ералы Тоғжанов аталмыш мейрамның мән-мағынасына тоқталып, халықты Амал мерекесімен құттықтады.

«Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» деген. Қазаны оттан, азаматы аттан түспеген қазақ елінің өркениеті мен тарихы Маңғыстауда әр жусанның түбі мен бетегесінің биігінде сайрап жатыр. Бұл қасиеті сүт бетіндегі қаймақтай бұзылмаған киелі Маңғыстаудың шырайы. Қазақстанның ешбір өңірінде тойланбайтын бірліктің белгісіне, татулықтың таңбасына айналған қастерлі мерекеде кең құшақтар айқара ашылып, төс тоғыстырып, алыс-жақын көрісіп, бар өкпе-наз кешіріледі. Тегін ұмытпау тектіліктің белгісі. 2 күнге жалғасатын осынау игі іс-шараның басы-қасында жүрген барша азаматтарға, Құнанорыс ұрпақтарына алғыс айтамын. Амалдан амалға аман-есен жете берейік, ағайын!» - деді өңір басшысы.


2008 жылдан бері Амал мерекесін барлық сән-салтанатпен Отпан таудың басында тойлау үрдіске айналды. «Амал -2018» мәдени көпшілік шарасының мақсаты – халық бірлігін және тұтастығын нығайту, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу.

2 күнге жалғасқан бағдарламада «Амал мерекесі – рухани жаңғыруымыздың жаршысы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Армысың, Амал!» атты облыс жыршыларының қатысуымен жыр кеші өтті. Қатысушылар Аударыспақ, Құнан жарыс және Аламан бәйге сынды қазақтың ұлттық ойындарынан бақ сынасты.

60-тан астам киіз үй тігіліп, 200-ден астам өнерпаз өнер көрсетті. Ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өтіп, аламан бәйге ұйымдастырылып, жүлделерге бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйақы берілді.


Мерекелік шарада «Шашу боп жырым шашылсын» Республикалық жыр мектептері өкілдері (Жетісу, Арқа, Батыс, Алтай-Тарбағатай мектептері) мен «Мен қазақпын» мега жобасы жүлдегерлерінің қала, аудан өнерпаздары концерттік бағдарламасы ұсынды. «Амал-2018» аясында «Аялы ағаш – саялы» тал отырғызу акциясы өтті.

Жалпы қатысушылар саны 5000 адамды құрайтын бұл шарада Қазақ даласының өнері, салт-дәстүрі, ұлттық болмысты бейнелейтін қойылымдар қойылып, ән-күйден, жыр-термеден шашу шашылып, қолөнер және түрлі тақырыптағы көрмелер жұртшылыққа таныстырылды.
Просмотров материала: 2 699

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 195 547 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 142 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 653 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 706 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 059 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 385 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 479 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 770 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 240 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 340 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 659 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 482 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 592 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 240 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 731 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 479 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 174 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 572 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 350 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 276 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 106 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 953 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 258 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 171 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 673 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 497 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 008 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 261 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 635 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 013 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 956 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 045 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 007 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 208 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 364 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930