5 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Үкімет отырысы бұдан былай тек қана қазақша өте ме?

06 март 2018, 15:04
Үкімет бүгін тағы таңғалдырды. Мінберге шыққан министрлердің бәрі баяндамасын бастан-аяқ қазақша жасады. Бейнебайланыс арқылы өңірлерден қосылған әкімдер де қазақша отырыстың көркін бұзбады. Тіпті үкіметке емес, тікелей президентке бағынатын ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі де мемлекеттік тілде сөйлеуді өз парызы санаған тәрізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президенттің тапсырмасынан кейін үкімет мүшелері бүгін де бір-бірімен қазақша сөйлесті. Отырыс басында, ең алдымен, премьер-министр кешегі Елбасының бес әлеуметтік бастамасына байланысты міндеттерді айқындады. Әдетте, мұндай тапсырманы Бақытжан Сағынтаевтың басын қазақша бастап, әрі қарай орыс тілінде жалғастыратыны есімізде. Бірақ бүгін толық мемлекеттік тілде айтып шықты.

Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе – "Нұрлы жол" бағдарламасының жүзеге асырылуы. Мінберге шыққан ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, қаржы министрі Бақыт Сұлтанов және инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасының орынбасары Алик Айдарбаев баяндамасын бастан-аяқ қазақша жасады.

Өткенде отырыстың "шырқын бұзған" Ақмола обысының әкімі секілді елдің сөзіне қалмайық десе керек, облыс басшылары мен Алматы әкімі де таза қазақша сөйледі.

Осы жолы ұлттық қауіпсіздік комитеті де таңғалдырды. Әдетте, бұл органның басшылары баяндамасын тек орысша жасайды. Комитет төрағасының орынбасары Білісбеков мырза тілін сындырып, діни экстремизм мен терроризмге қарсы алдағы бес жылда не жасалатынын айтып берді. Осылай президентке тікелей бағынатын қауіпсіздік комитетінің өкілі қазақша отырыстың көркін бұзған жоқ.

Отырыста тек ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов қана қысқаша орыс тілінде сөйледі. Сірә, үкімет мүшесі болмағасын, қазақша сөйлеу туралы тапсырманың маған қатысы жоқ десе керек. Мүмкін, екі сөздің басын әрең қосып, қиналғысы келмеген де болар.
Сонымен, үкіметтің осымен екінші отырысы толық дерлік мемлекеттік тілде өтіп отыр.

Бұған дейін тек орыс тілінде болды деуден аулақпыз. Үкімет басшысы да, министрлер мен әкімдер де қазақша сөйлейді. Десек те, отырыстар екі тілде қатар өтетін, кейде орысшасы басым болатын. Соған қарағанда біздің үкімет Елбасының тапсырмасына мұқтаж болған секілді…

Енді үкіметтің бұл игі бастамасы бір-екі отырыспен шектеліп қалмайды деген үміттеміз. Мәсімовтың кезінде осындай жайттың болғаны естеріңізде шығар.
Просмотров материала: 3 135

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 220 830 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 220 509 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 011 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 048 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 220 421 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 748 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 777 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 109 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 789 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 820 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 021 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 852 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 972 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 616 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 493 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 463 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 729 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 483 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 882 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 678 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 494 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 335 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 182 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 541 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 426 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 912 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 293 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 235 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 479 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 877 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 227 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 171 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 312 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 240 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 481 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 622 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031