18 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мектеп директоры 100 мың теңге пара алам деп, 20 млн айыппұл төлейтін болды

Көптен бері Мақтаарал ауданындағы А.Пушкин атындағы жалпы орта мектебіне басшылық етіп жүрген Анар Зертасованың түбіне ақыры парақорлық дейтін әзәзіл жетті. Алақандай ауылдағы мұғалім біткенді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап үйренген оған әл-әзір жау алыстан келмейтіндей көрінетін. Жоғарыдан келгендердің аузын буда-буда ақшамен ұрып, онысын ләм-мим деуге дәрмені жоқ мұғалім байғұстан өндіріп алуға дағдыланған Анардың қылығына ауылдастарының да еті үйреніп кеткен. Бұл жайлы okg.kz хабарлады.

Босануына байланысты демалысын өткеріп, жұмысқа шықпақ болған Сәулені мектеп директоры кабинетінде көңілсіз қарсы алды. Терісі былғарыдан тігілген жұмсақ креслоны әрі-бері тербеген күйі бұған сағаттың жоқтығын айтып, әлі де демала тұруға кеңес берді. Өзіне таныс әйелдің әлсіз тұсын білетін Сәуле осы кезде «құр қолға бата жүрмейтінін» қабағымен ұқтырып өтеді.

Әлгінде ғана «Самарқанды су алдырып отырған» Анардың осы тұста екі қасының ортасына жиырыла қалған әжімдері тарамдала түсіп, әлгіндегі ашулы жүзіне қан жүре бастады. Алғашқыдағы арыны басылып, ашумен айтқан сөздерін жуып-шайғандай болды. Не керек, басшы мен қосшы ақыры тіл табысып, бұл Анардың емеурінмен білдірген 100 мың теңгесін екі-үш күнде әкеліп беруге келіседі.

Уәделі күн де жетіп, Сәуле тиісті соманы мектеп директоры Анар Зертасованың кабинетіне алып кіреді. Бірақ ақшаны бермес бұрын тағы бір мәселенің басын ашып алуды жөн көреді. Өзіне ағайын жағынан алыс емес әрі осы мектепте лаборант болып жұмыс істейтін Айманды бастауыш сынып мұғалімі етіп ауыстырып беруін өтінеді.

Сәулеге қапысыз сенген директор лаборанттың қызметтік бұл секірісі 1000 АҚШ долларына бағаланатынын жеткізіп, ақшаны тезірек жеткізуін сұранады. Сәуле 100 мың теңгені бастықтың тартпасына салып, сыртқа шығуға беттегенде, сау етіп құзырлы органның қызметкерлері кіріп келеді.

Түйені түгімен жұтып үйренген директордың қылмыстық ісі Мақтаарал ауданының №2 сотында қаралды. Мектеп басшысы өзіне тағылған айыпты толық мойындап, өткен іске өкінгенімен, судья Ж.Мақұлбаев Анар Зертасованы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2 бөлігімен кінәлі деп тауып, 20 338 800 теңге айыппұл салу жазасына кесті.

Мүлкін тәркілеп, өмір бойы білім беру саласындағы ұйымдар мен мекемелерде басшылық ету құқығынан айырды. Бұл осы саладағы бір ғана дерек. Күні кеше облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген жиында мектеп диреторлары арасында пара алу, тамыр-таныстықпен мектепке жұмысқа орналастыру деректері бойынша былтыр 157 қылмыстық істің тіркелгені белгілі болды.

Дәулет Тұрсынұлы
Просмотров материала: 8 746

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 050 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 649 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 158 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 208 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 563 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 411 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 506 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 799 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 284 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 382 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 685 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 495 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 598 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 400 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 244 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 739 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 485 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 178 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 576 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 355 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 278 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 112 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 960 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 264 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 176 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 677 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 514 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 014 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 265 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 640 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 016 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 052 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 015 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 212 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 370 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930