17 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Еуразия бірінші арнасы "Қалаулымды" сынағандарға жауап берді

01 март 2018, 10:36
«Еуразия» бірінші телеарнасы бас директорының орынбасары, экс-сенатор Светлана Жалмағамбетова «Қалаулым» бағдарламасын сынаушыларға жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің отырысында Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова елімізде пайдасы жоқ ток-шоуларды түсіру сәнге айналып бара жатқанын атап өтті.

Кейін жиын барысында «Еуразия» бірінші телеарнасында шығарылатын «Қалаулым» бағдарламасына қатысты сыни пікірлер айтылды.

Бұл сындарға экс-сенатор, аталған телеарнаның бас директорының орынбасары Светлана Жалмағамбетова жауап берді.

«Қалаулым» бағдарламасына тоқталайын. Бақытгүл (Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова – автор) сізге бағдарлама ұнамайды. Сіз көрмесеңіз, көрмей-ақ қойыңыз. Бұл басқа ток-шоулармен салыстырғанда рейтингісі ең жоғары бағдарлама. Бірде-бір телеарнада 3 сағат бойы көрерменнің назарын ұстап отыратын бағдарлама жоқ», - деді ол.

Сонымен қатар, Светлана Жалмағамбетова аталған бағдарламаның еліміздегі өте өзекті мәселелерді көтеріп отырғанын жеткізді.

«Бұл бағдарлама расында өте маңызды мәселерді көтереді. Бүгінгі таңда елімізде тұрмысқа шықпай, жалғыз қалған қыздар көп. Олар анда-мында баруға ұялады. Ал бұл мәселені біз тек тоқал алып қана шешу керекпіз бе? Біз 21 ғасырда отырып, орта ғасырға шегінуіміз керек пе? Сонымен қатар қаладағы құрылыста және т.б. жерде жұмыс істеп жүрген азаматтар бар. Олар үйленуге уақыт таба алмай жүр. Сондықтан сондай азаматтар бағдарламаға келеді», - деді басшы.

Сондай-ақ, «Еуразия» бірінші телеарнасы бас директорының орынбасары «Қалаулым» бағдарламасына азаматтар қоңырау шалып, алғысын білдіретінін жеткізді.

«Әлеуметтік желіде жаман пікірлер айтылып жатыр дедіңіздер. Бірақ жақсы пікірлер де бар. Бізге көптеген хат келіп жатыр. Қаншама адам қоңырау шалады. Олар бізге «бағдарламаны неге Астанада түсірмейсіңдер? Біз де қатысайық» дейді. Ал кейбіреулері алғысын білдіріп жатады», - деді экс-сенатор.

Сонымен қатар, Светлана Жалмағамбетова алғашында аталған бағдарламаның рейтингісін көтеру үшін эфирден қолайсыз жағдайлар көрсетілгенін мойындады.

«Алғашында рейтингті көтеру үшін біз тікелей эфирде қолайсыз жағдайларды көрсеттік. Бірақ бағдарламаның рейтингісі көтеріле бастаған соң, біз бұл мәселені басқаша шеше бастадық. Қазіргі таңда бізде техникалық мүмкіндіктер бар. Егер эфирде ұрыс-керіс болса, олардың барлығын кесіп тастаймыз. Осылайша бағдарламаны ретке келтіріп жатырмыз», - деп түйіндеді сөзін «Еуразия» бірінші телеарнасы бас директорының орынбасары.
Просмотров материала: 4 554

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 209 133 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 208 796 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 208 280 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 208 330 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 208 701 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 135 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 175 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 473 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 124 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 202 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 386 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 711 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 766 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 486 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 157 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 586 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 306 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 710 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 518 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 368 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 211 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 071 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 403 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 288 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 770 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 952 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 126 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 359 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 740 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 098 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 042 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 116 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 328 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 486 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031