23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қаратаудың алғашқы мал дәрігері

26 февраль 2018, 8:20
Мен сіздерге арғы нағашы атам туралы әңгімелегім келеді. Жаңақорған ауданынан шыққан, 35 жылдай малдәрігері болып абыройлы еңбек еткен, қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді мал дәрігері Әбжаппар Ахметов (1912-1996жж.) – үлкен құрметке лайықты жан.

Атамның өз қолымен жазған естеліктерін нағашы әжем ауылға барған кезде маған берді. Естелікті оқып отырып, оның бала кезінен білімге деген құмарлығына, жастай жетім қалып, елден жырақта аш жүріп, қаншама қиындық көрсе де, оқуға деген ынтасына және алға қойған мақсатына табандылықпен жеткеніне тәнті болдым.

Ол 1940 жылы Самарқандағы Өзбек Мемлекеттік ауылшаруашылық институтының малдәрігерлік факультетін ойдағыдай бітіріп шығып, сол жылдан бастап жолдамамен Бұқара облысының Термез, кейін Шер-абад аудандарында бас малдәрігері болып қызмет атқарады. 1944 жылы күзде елге, Жаңақорғанға оралып, ауданның бас малдәрігері қызметіне орналасады.

Әбжаппар атам Жаңақорған МТС-і жанында 1953-1958 жылдары аға малдәрігері болып жұмыс жасады, оның алдында бір-екі жыл Қызылордада облыстық ветбаклабораторияның директоры болған екен. Кейінен ауданнан ветбаклаборатория ашылып, атамыз 1958 жылдан 1962 жылға дейін осы ветбаклабораторияның директоры болды.

1962 жылы “Талап” совхозы ашылып, нағашы атамның әкесі зейнеткерлікке шыққанша осында бас малдәрігері болды. Ол аудандағы алғашқы жоғары білімді қазақ малдәрігері болды. Әбжаппар Ахметов – “Қажырлы еңбегі үшін”, “Еңбек ардагері”, басқа да 11 медальдың иегері. Зайыбы Орынша апа екеуі 11 ұл-қыз өсіріп, немерелер сүйді. Атам жазушы-журналист Ұзақ Бағаевтың “Қаратауды ән тербейді” атты деректі кітабының басты кейіпкерінің бірі болған.

Сіздерге Әбжаппар атамның естеліктерінен үзінді ұсынып отырмын.

«...Мен әкемді «ата» дейтінмін. Себебі әкемнің ұлғайғанда көрген ақ кенжесімін. Атамның әділет пен шындық жолындағы берген насиқаты мен кеңестері тек бізге өз бала- шағасына ғана емес, бүтін ауылға әсері тиген еді. Менің атам барда жақын ауылдарда негізгі әрі қажетті тәртіптерді қатаң ұстанатын. Әсіресе, той-жиындар, өз бетімен өлең айтып, ойын-сауықтар бола бермейтін.

Карта ойнау, темекі тарту біздің ауылда болған емес. Үлкен шешем менің атам ауылда жоқта бір үйге жиналып, кешке «бәдік» айтқан көрінеді. Сол бәдік аяқтала келіп Жүрсімәмбет ағамыз «ой дүние-ай» дегенде, менің атам жақын келіп қалыпты. «Мә, саған, дүние-ай» - деп қолындағы таяғымен салып қалған екен, деп менің апам марқұм айтып, ішегімізді қатыратын. Менің үлкен ағаларым, тағы басқалар тым-тырақай қашып құтылған.

Мешітке жақын ауылдың балалары осы мешітте оқитынбыз. Бізді оқытатын мұғаліміміз – менің атам. Басқалар бала-шағаның тірлігін жасайды. Біздің айналамыздағы елдің жалғыз ұстазы – менің атам. Басқа мектеп қайда? Кейін білдік қой ол кезде үлкен мектеп Түркістан, Қарғақ деген жерде ғана болған. Атам ұлғайып қалған соң, тек ауылдағы балаларды оқытатын.

Мен қазір 76-дамын. Мен де қартайып, үлкен қариялардың қатарына қосылдым. Шүкір, немере сүйдім. Сонда да әкем есіме түссе, құдды бір бала секілді бірден жасарып, жастық шағым көз алдыма елестеп кетеді.

1923 жылы көктемде мені Түркістандағы мешітке оқуға берді. Оқудан бас көтеруге мұрша жоқ. Берілген тапсырмаларды жаттап алғанша дамыл таппаймын. 1926 жылы мешіт жабылды, ескі оқуға тыйым салынды. Болған жайды атама баяндадым. Атамның жаңа саясаттан хабары бар еді.

«Е, балам, оқы. Қандай оқу болмасын оқы, алған ілімің өмірде қажет болады, балам!»- деді. Ауылда Қызыл отау ашылып, сонда төтеше оқумен сауат аштым. Есеп шығарудан төрт амалды үйреніп алдым...»

Кейіннен Өзбекстанның Мырзашөл ауданында техникум ашылып, атам соған оқуға түседі. Бұл қиын кезең 1932 жылдарға сәйкес келеді.

«Балапан басымен,тұрымтай тұсымен» кеткен заман болды. Ағайындар жан-жаққа тарап кеттік. Менің Әбдіраман ағам Түркістанның «Қорған төбе» деген жеріне барып, түйекештерге (керуеншілерге) бастық болып, маған хат жазып, кейде ақша жіберіп тұрды. Ақшаға нан алып жеймін, техникумның тамағына жарымаймыз.

Нан алып жеу де қиын, бұзық балалар тартып алып кетеді. Техникумда оқуым да, тәртібім де жақсы болғаны үшін сыйлыққа бір бәтеңке алдым. Аяғыма үлкен екен, базарға апарып, нанға айырбастайын дедім. Базарда тұрсам, 3-4 жігіт сау ете қалды.

Біреуі бәтеңкемді ұстап көре беріп еді, екіншісі маған: «Әй, шалбарыңның арты күйді ғой!» - дегені,артыма қарасам күйген ештеңесі жоқ,е нді алдыма қарасам әлгі жігіттер бәтеңкемді алып, тайып тұрыпты. Алдап кетті. Өзегім талып, жатақханаға әзер жеттім.

...1932 жылы техникумда тамақ жағы өте қиын болды. Күніне 200гр нан және суға қайнаған қызылшаның көжесін талшық еттік. Хал мүшкіл. Ағам да, жеңгем де қайтыс бопты. Сабаққа кірпігім зорға қимылдап барып қайтамын. Балалар біртіндеп оқуды тастап кетіп жатыр. Мен де жұмыс істеуге шықтым. Оқудан күдер үзген жоқпын, мүмкіндік болса оқысам деймін, бірақ алдым қараңғы...

Самарқандағы оқудың да бітетін уақыты жақындап қалды. Бітіргендерді институттың дайындық курсына қабылдайды деген сөз шықты. Мен не істерімді білмеймін. Ақылдасатын адамым да жоқ. Бір Глушко деген украин жігітпен курсты бірге оқыдым. Мені тәуір көретін. Маған ақыл айтқан сол болды.

«Бір жылдық оқумен қайда барамыз, осы институттің мал дәрігерлік факультетінің дайындық курсына түсейік, тәуекел, институтқа түсіп кетерміз. Мен осы дайындық курсында оқимын. Сен де оқы» деді. Соның айтуымен курсты бітіріп, мен 1934 жылы дайындық курсына түсіп кеттім.

1934 жылы оқуды бастадым. Оқу жақсы, көңілді сияқты еді, күн өткен сайын қиындай бастады. Химия, физика деген сабақтар өтіп жатты. Математика, жоғары математиканы да өте бастадық. Техникумда екі жылдай оқып, гидрода әжептеуір болып қалғанмын. Класта оқығаным жоқ, сонда да жалпы білімім жаман емес сияқты. Орыс тілін аз білемін.

Институттің 3-курсына барғанша орыс тілін де жобалап, біліп қалармын деген үміт бар. Оқуды игеріп қалдым. Дайындық курсын бітіріп, 1935жылы ветфакультеттің 1- курсына түстім. Студент болып көңілім көтеріліп қалды. Каникулда кездесіп қалған ағайындар: «Әу, Әбжаппар сен бір таусылмайтын оқуға түскенсің бе?» - деп сұрайтын. Менің жауабым қысқа: «ілім өлгенше парыз деген ғой», - деймін. Ағайынның несі кетті. Мені әжуалағысы келетін.

«Осы неме оқып не болады?»дейтін. Біздің қазақтың ересектері ол уақытта оқудың не екенін де білген емес. Қазір ғой, баланы оқуға түсіру бәсеке болды. Дүниенің бетіне қарамайды. Шамасы келетін дүниесі барлар мейлі 5 мың,мейлі 10 мың сом болсын беріп, баласын оқуға түсіреді. (1987 жылдар жайында)

Ал ол заманда біз бір үзім нанға зарығып оқыдық. 1935 жылдан бастап тойымшылық болды. Магазин нанға толды. Бір сомға нан алсаң, бір күнге тамақ болды. Институт 90 сом стипендия береді. Оның 45 сомын тамаққа ұстайтын. Қалғаны қолымызға түседі. Енді бәрі жетеді, тек оқу керек. Бұрынғы қарынның ашқанын ұмыттық. Самарқандта гидротехникумда оқып жүргенде «нанға бір тойғанның арманы бар ма?» деген күндеріміз болған. Міне, енді оны да ұмыттық.

Талай қиыншылықтарды бастан кешіп, 1944 жылдың күзінде елге Жаңақорғанға оралдық. Білім алып, қиын кезеңді жеңе отырып, ауданның бас малдәрігері болып қызмет жасадым. Бұл өмірде аштықты да, тоқшылықты да көрдім. Еңбектенген, ерінбеген және күш-қайраты мол адам бәріне де жетеді», - деп күнделігін аяқтапты атам.

Менің көз алдыма сол заман елестеді. Қиын кезең, аштық, жоқшылық. Осындай азапты кезеңді жеңе білген атамды мен мақтан тұтам. Мен де өскенде Отаныма өз пайдамды тигізгім келеді. Жан-жағыма қарасам, ұялы телефонға үңіліп отырған, өзгені ойламақ түгілі, өзін ұмытуға дейін баратын құрдастарыма айтарым: «еліңе елеулі адам болам десең, ерінбе, жалқау болма!».

Темірлан ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ
№178 лицейдің
11 «г» сынып оқушысы
Алматы қаласы
Алатау ауданы
Жетекшісі: Динара Ахметова
Просмотров материала: 2 540

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 296 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 128 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 769 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 793 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 101 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 476 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 653 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 720 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 909 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 054 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 433 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930