23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ұрлықтан басталған "Рухани жаңғыру" немесе министрлік гонорарға 50 мың теңге таппай қалды ма?

23 февраль 2018, 15:33
Біраз уақыттан бері Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында фотограф Сәрсенбек Қызайбекұлының Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының үстінен түсірген талап арызы бойынша сот жүріп жатыр. Әуел баста фотографтың суретін "Рухани жаңғыру" бағдарламасын насихаттау үшін сұрап, бірақ, 50 мың теңге гонорарды көпсінген Мәдениет министрлігі енді сотта жеңілсе, 1,5 миллион теңге өтемақы төлеуі мүмкін. Sputnik Қазақстан тілшісі авторлық құқығы бұзылған фотограф Сәрсенбек Қызайбекұлына хабарласып, мәселенің анық-қанығын білді.

Sputnik: Сәрсенбек мырза, жалпы, бұл дау қашан және қалай басталды, айтып беріңізші?

— Маған суретімді "Рухани жаңғыру" бағдарламасын насихаттау үшін билбордқа пайдаланайық деп рұқсат сұрап, Мәдениет министрлігінің өкілдері өткен тамызда бірінші рет хабарласқан болатын. Гонорар төлесеңіздер, рұқсатымды беремін дедім.

Министрліктен хабарласқан адамдар қаржы жағы қарастырылмағанын, бірақ, басшылыққа айтып көретіндерін айтып, тағы хабарласамыз деді. Сонымен әңгіме біткен болатын, сол қалпы хабарласпады.Ал қыркүйек айының ортасына қарай менің суретім билборд болып ілініп тұрды.

Әріптестерім, журналистер, жалпы, бұл сурет менікі екенін білетін адамдар маған хабарласып, суретің ілініп тұр екен деп, ана жақтан, мына жақтан суретке түсіріп жіберді. Билбордтар әр жерде ілінген, облыс орталықтарында, аудандарда, қалаларда.

Сол кезде авторлық құқықым бұзылды деп, алғаш рет фэйсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшама жазба қалдырдым. Менімен хабарласқандары рас, мен гонорар сұрадым, бірақ, гонорар төленбеген соң, келісімшарт та болған жоқ. Яғни, рұқсатсыз пайдаланды деген сөз.Сол жазбамды оқыған әріптестерім, заңгерлер, қарапайым оқырмандар сотқа беруге болады деп пікір қалдырыпты.

Шыны керек, менің әуел баста соттасайын деген ойымда болған жоқ. Суреттерімді бұған дейін де рұқсатсыз пайдаланған жағдайлар басымнан көп өткен. Бірақ, бұл жолы сурет бүкіл республика тарап кеткен соң, сотқа беруге бекіндім.


Sputnik: Осыған дейін соттың неше отырысы өтті?

— Бірінші, екінші, үшінші отырыстары өтті. Енді 26 ақпан күні төртінші отырысы өтеді.

Sputnik: Сот процесі қалай өтіп жатыр? Негізгі жауап берушілер кімдер болып отыр?

— Сотта жауап беріп отырған Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен мәдениет және спорт министрлігі. Басында айтқанымдай, сурет аймақ-аймақтың бәрінде ілініп тұр. Бірақ, дәлел болу үшін өзім тұратын Алматы қаласындағы билбордтарға қатысты соттасып жатырмын.

Қалалық ішкі саясат басқармасының айтуы бойынша, билбордтарды іліңдер деп мәдениет және спорт министрлігі арнайы хат жібергендіктен, көшелерге ілген. Қысқасы, екі орган бір-біріне сілтеп жатыр. Ал, сотта мәдениет министрлігі мен ішкі саясат басқармасының заңгерлері жауап беруде.

Sputnik: Сіздің заңгеріңіз бар ғой?

— Ия, менің адвокатым бар. Өзім заңды бүге-шүгесіне дейін білмейтін болғандықтан, заңгер жалдадым.

Sputnik: Сіз қандай өтемақы сұрап отырсыз?

— Қазір біз 1,5 миллион теңге ғана өтемақы талап етіп отырмыз. Сот әлі аяқталған жоқ, қандай да бір болжам жасау қиын. Бірақ, заңгерімнің айтуы бойынша кез келген автордың рұқсатынсыз оның туындыларын пайдалану 100 айлық есептік көрсеткіштен 15 мың айлық есептік көрсеткішке дейін өтемақы талап етіледі екен. Оның өзінде, бір туынды үшін. Ал, бұл сурет есепсіз пайдаланылған, балабақшаларда, мектептерде, көшелерде…

Осының бәрін ескерсек, біз сондай бір көп ақша талап етіп отырған жоқпыз деп ойлаймын. Ең қызығы, мен әуел баста олардан (мәдениет министрлігінен – авт.)50 мың теңге ғана гонорар сұраған едім. Кейін хабарласамыз деді де, жоқ болып кетті. Ал, мен әлеуметтік желіге жазып, сотқа беретінімді айтқанда, қайтадан хабарласып, сол 50 мың теңгені төлей салайық деді. Мен, әрине, оған келіспедім.

Sputnik: Мәдениет министрлігі мен ішкі саясат басқармасы осы үш отырыста сізге гонорар төлемегендерін, жалпы, суретті рұқсатсыз пайдаланғандарын мойындады ма?

— Ия, олар жағдайдың солай болғанын растап отыр. Арада ешқандай келісімшарт болмаған.

Sputnik: Жалпы, сот қашанға дейін созылады деп болжап отырсыздар? Іске қашан нүкте қойылады?

— Қазір қандай да бір болжам жасау қиын. 26 ақпан күні өтетін келесі отырыста мүмкін бір шешім шығатын шығар.

- Sputnik: Білуімше, бұл сурет жаңа емес, бірнеше жыл бұрын түсірген суретіңіз ғой?

— Ия, бұл суретті 2014 жылы Алматы облысында құсбегілердің жарысы болған. Сол кезде түсіріп алған суретім. Көп жерде байқалып, халықаралық конкурстарға қатысқан, «Үркер» сыйлығын алған сурет. Бір қызығы, мәдениет министрлігінің заңгерлері суретті ғаламтордан алып, үлкейтіп, билборд жасадық дейді.

Бірақ, ғаламтордан алынса, үлкейткенде оның сапасы нашарлайды. Ал, билбордтардағы сурет өте қанық, сапалы, түпнұсқаны пайдаланғандай. Сол жағы әлі анықталмай жатыр.


Sputnik: Елбасы жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғамның, Қазақстан халқының сана-сезімін жаңғыртып, жақсылыққа бастауға бағытталған дейміз. Бірақ, бұл жерде "рухани жаңғыру" ұрлықтан басталып тұрған сияқты. Жалпы, құқығы бұзылған адам ретінде, өз пікіріңізді айтыңызшы, бізде неге авторлық құқық мәселесі реттелмеген деп ойлайсыз? Мемлекеттік органдар біреудің еңбегіне әлі де немқұрайлы қарайтын сияқты.

— Олай болатын себебі, дәл фототілшілерге қатысты айтсам, Қазақстанда суреті заңсыз, рұқсатсыз пайдаланып жатқан фотографтар қаншама, бірақ, олар сотқа бермейді. Соттасып, өз құқығын дәлелдемеген соң, ешкім фотографтарға автор ретінде қарамайды.

Шығармашылық адам ретінде қабылдамайды. Суретіңді интернетке салсаң, пайдалана беруге болады деген түсінік қалыптасқан. Қазақстанда авторлар қоғамы бар, бірақ ол қоғам фотографтардың емес, көбіне, композиторлардың, ақын-жазушылардың құқығын қорғайды екен.

Мен ол қоғамға да бардым, бірақ ол жақта фотографтың құқығын қорғау ісі болмапты, бірінші рет келіп тұрсыз деді. Осыған қарап та, Қазақстанда фотографтардың өнері, еңбегі елеусіз екенін түсінуге болады.

Sputnik: Уақыт бөлгеніңізге рақмет. Соттың әділ өтуіне тілектеспіз.

Сұхбаттасқан Кенжекей Тоқтамұратқызы
Фото: Сәрсенбек Қызайбайұлы
Просмотров материала: 2 758

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 281 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 113 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 754 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 778 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 086 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 652 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 719 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 907 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 053 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 432 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930