2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жамбыл облысы "рухани жаңғыруға" 1,1 млрд теңге жұмсаған

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өңір тұрғындары алдында есеп берді. Жыл ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижесі сараланған алқалы жиынға Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Еркін Базарханов, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы есепті кезеңде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика сақталғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Асқар Исабекұлы істі ілгері етуге кері әсерін тигізіп отырған салалардағы мәселелердің жан-жақты зерделеу қажеттілігіне де баса назар аударды.

– Есепті кезеңде 368 миллиард теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 13 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жалпы 10 жоба іске асырылып, 716 жұмыс орны құрылған. Әйтсе де кейбір көрсеткіштер бойынша өндіріс көлемінің төмендегені байқаладыКәсіпорындардың жұмысын тұрақтандыру үшін мына мәселелер зерделенуі тиіс: атап айтсақ, өндіріс орындарын қайта жаңғыртып, олардың қуаты мен жүктемесін көтеру бойынша нақты межеленген жоспарлар қабылдау қажет. Ал ол жоспар қатаң бақылауда болуы керек. Сол үшін мамандарды тарта отырып, Өнеркәсіп саласының аймақтық картасын әзірлеу қажеттілігі туындап отыр, –деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, өңір басшысы агроөнеркәсіп саласының да кешенді картасының әзірленіп жатқандығын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстардағы басымдық өсімдік шаруашылығында өңірдің климаттық жағдайын ескеру, суармалы жерлерді тиімді пайдалану, пайдаланудан шығып қалған егістік жерлерді қайта айналымға қосуға беріледі.

Мұнан өзге, тұқым сапасы мен агрохимия, су тапшылығы мәселелері де толыққанды зерделенбек.

Жалпы, облыстағы статистикалық көрсеткіштерге көңіл толады. Мәселен, 2017 жылы облыс бюджетіне кірістер бойынша 241 миллиард теңге сомасында түсімдер түсіп, жоспар 101,3 пайызға орындалған.

Есепті жиында жасаған баяндамасында облыс әкімі соңғы үш жылдағы бюджеттік түсім көлеміне жан-жақты талдау жасалынып, қазына қаржысын мақсатты жұмсаудың тиімді жолдарын қарастыруға басымдық беріліп жатқандығын да атап өтті.

Өткен жылы өңірде құрылыста қарқын алып 34 әлеуметтік, 25 инфрақұрылымдық нысан құрылысы жүргізілген. Түрлі қаржыландыру көздері арқылы 397,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 320 көп пәтерлі 4 үй, 505 бір типті жекеменшік тұрғын үйдің құрылысы аяқталады.

Экономиканың күре тамыры саналатын жолдың жай-күйі де жаман емес. 2020 жылға дейін облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдардың 82 пайызын жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізу жоспарланып отыр.

Облыс елді мекендерін таза ауыз сумен қамту ісінде де ілгерілеушілік байқалады. Бүгінгі күні облыстағы елді мекендердің 62,2 пайызы орталықтандырылған таза ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген.

Облыс әкімінің есебінде әлеуметтік саладағы атқарылған және жоспарланып отырған жұмыстар жайында да баяндалды. Сондай-ақ қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында да көп жұмыстың жасалғанына баса назар аударды.

Салаға бөлінген 6,2 миллиард теңгенің 1,3 миллиард теңгесі материалдық-техникалық жабдықтауға жұмсалған. Нәтижесінде жалпы қылмыстардың деңгейі 22 пайызға төмендеген.

Облыс әкімі рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жоспарланған жұмыстарды да қозғады.

– Тұтас қоғамның және әрбір қазақ­стан­дықтың санасын, рухани әлемін жаңғыртуға бағытталған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткен жылы өңірде жалпы құны 1,1 миллиард теңгеге жобалар мен іс-шаралар ұйымдастырылды.
Бүгін сіздерге өткен жылдың қорытындылары мен алдағы жоспарлардың бағытын баяндадым. Биылғы жұмысымыз Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен бағдарламаларды іске асыруға бағытталады, – деді Асқар Исабекұлы.

Жиында сөз алған Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындаған міндеттердің мәні мен маңызын түсіндіруді мақсат тұтқан республикалық ақпараттық топтың жұмысы облыс әкімінің халық алдындағы есеп беру жиынымен тұспа-тұс келгенін айтып, бірқатар мәселелерді қозғады.

Жолдау жүктеген 10 міндеттің әрқайсысының қалай жүзеге асырылып жатқанын баяндады. Мемлекет басшысы тапсырған 10 бағыт бойынша Жамбыл жерінде іске асатын жобаларға тоқталды.

Есепті жиын соңында облыс тұрғындары өңір басшысына сауалдарын жолдап, түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға ықпал етуін сұрады.
Просмотров материала: 2 846

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 825 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 474 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 205 962 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 019 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 386 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 009 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 059 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 362 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 000 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 081 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 263 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 724 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 091 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 274 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 680 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 492 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 048 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 468 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031