30 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тәтішев тірі болғанда, Әблязов БТА банкті иемдене алмас еді - куәгер

22 февраль 2018, 9:43
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында бизнесмен, «Депутаттық корпус» атты қылмыстық топтың серкесі Мұратхан Тоқмәдидің ісі бойынша сот ісі жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазірдің өзінде таңдап алынған 75 куәгердің 40 куәгерінен жауап алынды. Жалпы, 135 куәгер бар. Алайда олардың 75-і ғана сотта сөйлейді. Тоқмәдидің ісі бойынша куәгер ретінде өтіп жатқан 25 азаматтан сотқа келе алмайтыны туралы өтініш түскен. Бұл туралы агенттік тілшісіне Бас прокуратураның аға прокуроры Ілияс Есқалиев хабарлады.

БТА Банктың бұрынғы бас-менеджері Жақсылық Жәрімбетов сотта айтқан сөзі бойынша М.Әблязов түрмеден босап келген соң Н.Дүтбаев оған Ресейде бизнес бастап, өз жобаларын дамытуға көмектескен. Тәтішевке осы жерде Әблязовтың әсіресе Ресейдегі бизнес жобаларына, «Бетпақ-дала» компаниясын дамытуға 300 млн АҚШ долларын несие ретінде банктен ақша беруге міндеттейді.

«Тәтішевті мен білемін, ол Әбілязовке мұндай ақшаны ешқашан бермес еді, екеуінің арасы жақсы емес еді»,-деді куәгер.

Ержан Тәтішевтің аңға шыққандағы өлімі туралы ол былай деді: «Ол кезде Тәтішевке Әбілязов пен Дүтбаев тарапынан қысым жасалды. ҰҚК тарапынан әдейі ұйымдастырылған тексерулер жүріп жатты. Естуімше, Тәтішев күйзеліс жағдайында жүрген. Сол себептен аңға жиі шығып тұрған». Куәгер Әбілязовпен Лондонда кездескен әңгімесінде не туралы айтқанын жеткізді.

«Мен одан Ержан туралы сұрағанымда Әблязов айтты: «Мурка, өзінікін жасады, саған ол не керек, араласпа» ол кезде бұған мән бермеген едім, өз шаруам бастан асып жатқан. Қазір ойласам, ол сөздер тегін айтылмапты»,- деді куәгер. Ол өзін Ержан Тәтішевті жақын досы санайтынын және оның қазасына қатты күйзелгенін де жеткізді.

«Тәтішевтің өліміне Мұратхан Тоқмадидің қатысы болуы мен үшін жаңалық болды. Мен бұрын да Тәтішевтің өлімі Әбілязов үшін пайдалы екендігін білетінмін. Оның өлімінен кейінгі 4-5 айдан соң ол «БТА Банк» тізгінін толықтай қолына алды. Ержан Тәтішев тірі болғанда ол банкке қол жеткізе алмас еді»,-деді ол.

Еске салайық, «Депутаттық корпус» қылмыстық тобының жетекшісі М.Тоқмәди 2017 жылдың қазанында Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен бопсалаушылық жасағаны үшін және заңсыз қару-жарақ сақтағаны үшін сотталған еді. Сот оны үш жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Белгілі болғандай, 2017 жылдың қазанында шыққан сұхбатында сотталушы М. Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті 2014 жылдың 19 желтоқсанында Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар стансасы маңында аңшылыққа шыққан кезде атып өлтіргенін мойындаған. Бұдан бөлек, жемқорлық жасағанын - ҚР ІІМ Тергеу-жедел тобының басшысы Ержан Артықбаевқа ақшалай сыйақы бергенін де мойнына алған.

Енді М.Тоқмәдиге 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімі «ж», «з» тармақтарында (адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен адам өлтіру) қарастырылған қылмыстар жасады деген айып тағылуда.

Сот барысында айыпталушы өзіне тағылған айыптардың бәрі негізді екенін айтып, Ержан Тәтішевті өлтіргендігін толықтай мойындаған болатын.
Просмотров материала: 2 651

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 202 207 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 201 831 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 201 325 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 201 384 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 747 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 761 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 819 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 124 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 740 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 816 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 006 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 627 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 655 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 434 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 287 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 877 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 532 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 227 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 624 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 445 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 315 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 147 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 002 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 325 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 226 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 715 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 647 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 065 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 299 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 678 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 055 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 992 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 114 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 062 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 263 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 414 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031