1 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қанат Ислам құр сөзбен тойдырып, түк тындырмай жүре бере ме?

21 февраль 2018, 14:01
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Америкаға аттаныпты. Оның PR менеджері Берік Сұлтан өзінің инстаграмдағы парақшасында «Бұйыртса, жақсы жаңалық күтіңіздер» деген жазба қалдырыпты. Күтеміз. Бірақ, шыны керек, қазір Қанатқа байланысты аңдатпаларға бұрынғыдай елеңдемейтін болдық деп жазады diamondring.kz.

Неліктен дейсіз ғой? Мэнни Пакьямон келіссөздер жүріп жатқанын жазып, 22 наурызда «Алматы Аренада» жанкүйерлерге үлкен шоу жасауға дайын екендіктерін жазғанда, расымен де «оһо» дестік. Сендік. Біз де қазақтың дархан даласында Пакменді күттік.

Бірақ, оның жай ғана PR екенін кеш білдік. Кейін Кел Брук туралы ақпарат шығып, онымен де айқасуға дайын екендіктерін білдірді. Ал іс жүзіне келгенде WBA бекіткен америкалық боксшы Джон Вераға қарсы айқастан бас тартты.

Егер сол кезде шаршы алаңға шығып, жеңіске жеткенде онда бірінші орта салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеуден басты үміткер болар еді. Бірақ неге екені белгісіз, бұл жекпе-жек аяқсыз қалды. Америкалықтар ашық айтты.

Бас тартқан Қанат Исламның командасы деп мәлімдеме жасауды да ұмытқан жоқ. Ал әшейінде боксшысына байланысты кез-келген жаңалыққа жауап жазатын Исламның командасы бұл жолы үнсіз қалуды жөн көрді. Соған қарағанда, бар гәп расымен де біз жақта сияқты. Ал Джон Вера ше?

Қашанғы күтіп жүрсін, кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, оның 11-інде қарсыласын нокаутқа түсірген Вера наурыздың 24-інде франциялық Мишель Сороға (31-2-1, 30 КО) қарсы шаршы алаңға шығатын болды. Қай жеңгені чемпиондық белбеуден басты үміткер атанады.

Сонда кубалық Эрисланди Ларамен жұдырықтасуды бұрыннан мақсат қылып жүрген Қанат Ислам неліктен мұндай мүмкіндіктен оңайлықпен бас тарта салды. Әлбетте, Қанат әлгі америкалықтан қорыққанынан жекпе-жектен бас тартты дегіміз. Кәсіпқой бокстағы 25 қарсыласының 20-сын құлатқан батырымызға салсаң, дәл қазір бірінші орта салмақтағы төрт чемпионды да шаршы алаңға тізіп қойып, әрқайсысымен кезек-кезек те, бір мезетте де жұдырықтасуға дайын.

Келісе алмаған бірінші кезекте промоутерлері болуы әбден мүмкін. Дегенмен, неліктен промоутерлерінің біліксіздігінен боксшы зардап шегуі қажет? Әлде оған бір қадам алға жасау үшін екі қадам артқа шегінуі керек пе?

Бір қызығы, Джон Вераға қатысты ешнәрсе айтпаған Исламның командасы қаңтар айының соңында ІВF чемпионы Джарретт Хердпен төбелесуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Алайда, Херд 7 сәуірде Қанат армандаған Эрисланди Ларамен айқасады. Бұл ресми тіркелген дата.

Иә, байқағандарыңыздай, чемпиондық айқастарға шығатын уақыты баяғыда жеткенімен әзірге Қанат Ислам командасының ісінен сөзі көп болып тұр. Шаршы алаңдағы жарқын жеңістерінен инстаграмдағы жарқын жазбалары эффектке ие.

Бірақ, қашанғы Inter-Continental белбеулерін арқалап жүре бермек, оның да Головкиннің деңгейіне, кем дегенде Жақияновтың дәрежесіне жететін уақыты болды ғой. Жасы да 33-тен асты. Енді қашан?

Бүгін Қанат Исламның промоутері алмасқаны туралы ақпарат жарық көрді. Расымен де Нельсон Лопестен кетіп, Эгис Климастың қарамағына өткен болса, жақсы екен. Бұл қадам Қанат Исламды кәсіпқой бокста жаңа белестерге шығарады деп үміттенеміз.

Ең бастысы, Климас оны шетқақпай, тиісті дәрежеде көңіл бөлсе екен дейміз. Әйтпесе, уақыт қазір Қанатқа қарсы жүріп тұр.
Просмотров материала: 4 342

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 188 901 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 188 445 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 188 000 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 188 052 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 188 384 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 998 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 112 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 379 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 681 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 821 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 314 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 280 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 524 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 341 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 175 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 509 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 420 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 110 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 515 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 265 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 219 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 054 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 894 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 179 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 613 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 285 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 933 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 200 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 565 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 957 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 903 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 971 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 935 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 152 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 297 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031