3 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ОҚО алғыс айту күнін 10 күн тойлайды

21 февраль 2018, 9:57
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасымен өңірде биыл 1 наурыз – Алғыс айту күні ретінде аталып өтпек. Жаңа мазмұнда өткізілетін мерекелік шаралар оңтүстікте 20 ақпаннан басталып, 1 наурызға дейін 10 күн бойы жалғасады. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі аппараты ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов мәлім етті.

Оның айтуынша, елді бірлікке үндейтін мерекенің түпкі мәні – кезінде түрлі себептермен қазақ жеріне қоныс аударған этнос өкілдерінің мемлекет құраушы ұлтқа алғыс айтуын көздейді. Он күндік мерекені жер-жерлерде ұйымдастыру мен өткізудің тұжырымдамасы әзірленіп, әр күнге арнайы атаулар берілген.

«20 ақпан – Тарихқа тағзым күні деп белгіленді. Бұл күні облыста, аудан, қала орталықтарында қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға тағдыр тәлкегімен қоныс аударған этностардың өткені мен бүгіні туралы арнайы көрме өткізіледі. Сондай-ақ, Шымкенттегі «Қазақ еліне мың алғыс» монументі алдында арнайы іс-шара ұйымдастырылып, тарихқа тағзым жасалады», - деді Мұратәлі Оразалыұлы.

Сонымен қатар, 21 ақпан – Қайырымдылық күнінде облыс аумағында «Жан жылуы» тақырыбында акция ұйымдастырылып, жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға көмек беріледі. 22 ақпан – Шабыт күнінде «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» тақырыбында өңірдегі қолөнер бұйымдары мен шығармашылық өнер туындылары көрмесі ұйымдастырылмақ.

Бұдан бөлек, 23 ақпан – Көршіге ізет, 25 ақпан – Құрмет, 26 ақпан – Өлкетану, 27 ақпан – Келісім, 28 ақпан – Ықылас, 1 наурыз – Алғыс айту күні деп белгіленіп, әр күндері атауына сай шаралар өтетін болады.

Айта кетерлігі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өңірде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келеді. Өңір тұрғындарының ұлттық құрамы бойынша 72,9 пайызын - қазақтар, 16,8 пайызын - өзбектер, 4,5 пайызын - орыстар, ал 5,7 пайызын - өзге этностар құрайды. Облыста қалыптасқан этносаралық ахуалды саралау мақсатында социологиялық зерттеулер жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар, медиация институтын нығайтуда өңірдегі 57 кәсіби және 485 кәсіби емес медиатормен байланыс орнатылған. Өткен жылы облыс бойынша медиация рәсімімен шешілген 8 мыңнан астам даудың 84 пайызы медиаторлардың араласуымен реттеліп, 2016 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2 есе артып отыр.

Алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысының толыққанды жаңарған этнокартасы дайындалып, өңірдегі ассамблея қызметі туралы кітап әзірленетін болады. Сондай-ақ, биыл 5 аудан, қала аумағында «Достық» үйлері ашылады. Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, «Әр этностың бренді» жобасы аясында ассамблея алаңында тұрақты шеберлік дәрістері мен ашық көрмелер ұйымдастырылмақ.

ДЕРЕККӨЗ: sn.kz
Просмотров материала: 2 626

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 225 249 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 224 949 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 224 448 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 224 485 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 224 849 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 998 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 024 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 364 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 062 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 083 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 279 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 938 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 066 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 684 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 568 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 612 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 801 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 558 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 966 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 750 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 559 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 413 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 256 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 628 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 498 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 987 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 426 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 314 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 547 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 948 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 294 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 232 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 376 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 309 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 563 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 685 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30