5 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ауылдағы әр үйге 10 қой, бір сиырдан неге бермейді?

20 февраль 2018, 11:32
Ойды ой қозғайды. Ауылдың ажары да, тарқамас базары да мал ғой, негізі. Бүгінде ауылдағы көп үйлердің қорасы қаңырап, жетімсіреп тұр. Ал қалада үйcіз-күйсіз, жұмыссыз босып талай адам жүр. Күні үшін біреуге жалданып жұмыс істеп, көзін шел басқан қожайынынан неше түрлі намысын таптайтын, қытығына тиетін сөздер естиді. Маңдай терімен тапқан адал ақшасының өзін қайыр сұрағандай жалынып зорға алады.

Ол аз десеңіз, қоқаңдаған пәтер иесінің ит мінезі тағы бар. Еріксіз өзіңді құл сезінесің. Бас көтермей жұмыс істегенімен тапқан табысы жұмырына жұқ болмағасын жыланға арбалған торғайдай болып банк деген аждаһаның аузына қалай барып түскенін өзі де сезбей қалады.

Осылайша бір басында дікеңдеген үш қожайыны бар сорлыға айналып шыға келесің. Қанша қиналсаң да қызыл-жасыл қызығын, қалалық деген атыңды қимай жүре бересің. Бірақ қалалық та емессің. Өйткені «пропискаң» жоқ. Үйің болмаса, ол қайдан болсын?!

Өстіп жүргенде бала-шағаң өсіп, еш жағдайын жасай алмай, оларды да өзің секілді жалдамалы құл болуға дайын­дайсың.

Егер менен біреу ақыл сұраса, ауылға барып тұруға, мал бағып, егін егуге кеңес берер едім.

Мал өсіру – бейшаралық немесе ақымақтық емес. Мал баққан ата-бабамыздың ақымақ болғанын естімеппін. Қайта қыздарына дейін жаужүрек батыр, сөз маржанын теріп сөйлейтін шешен, көңіл көзі ашық, зерек болғанын оқып жүрміз ғой.

Ол аз десеңіз, ешбір құрал-жабдықсыз-ақ ауа райын болжап, соған қарай қам жасайтын болжампаздығын тағы қосып қойыңыз. Осынау ұлан-ғайыр даланы мал бағып жүріп-ақ алашадай жерін ешкімге берместен ұрпағына аманат етіп кетті емес пе ата-бабаларымыз?

Негізі малың болса, азатсың! Соны бағып, төлін көбейтемін, жем-шөбін дайындаймын деп жүріп-ақ кісіге жалданып, құл болудан аман қаласың. Қорадағы қозы-лақпен ойнап өскен балаң да мейірімді әрі еңбекқор болып қалыптасады. Әрі десе төрт қабырғаның арасына қамалып, күн көрмеген гүлдей әлжуаз болмайды. Ерігіп, компьютердегі қатыгез ойындармен уақыт өткізіп жүрегін қарайтпайды.

Соза беріп қайтейін, малдың пайдасы шаш-етектен екенін менсіз де білесіздер ғой.

Айтқым келгені – үкімет жұмыссыздықпен күрескісі келсе, ауылда тұратын әр үйге бір сиыр мен он қой әперуі керек деп ойлаймын. Онсыз да жоқшылықтан жүндей түтіліп, титықтап отырған көпбалалы отбасылардың талғажау етіп отыр­ған аз-маз «пособиесін» тоқтатып, мың-сан құжат туралатып, шартты-шартсыз атаулы әлеуметтік көмек дегенді шығарып қо­йыпты.

Шарттысына «ЖК» ашып, алты ай бойы зейнетақы қоры мен кіріс салығына өзің 7 мың теңге құйып тұрады екенсің. Беретіндері – итке сүйек тастағандай аз ғана ақша. 200 мың теңгенің төңірегі. Оған не келеді? Мал ауа жұтып семіре ме? Оның азығы да бар емес пе?

Бала-шағасына нан тауып бере алмай отырған адам осыларды ойлап мал алуға ұмтылмайды да ғой. Қысқасы, көз алдау әшейін. Жоқтан тәуір ғой деп осы мардымсыз ақшаны да жұрт жұбаныш қып отыр. Онымен қай жыртығын жамамақ?

Айтпақшы, ұмытып барады екенмін. Біздің ауылдың әкімдігіндегі қызметкерлер су мен жарықтың, қоқыстың ақысын, үй мен жердің салығын төлемесе, әлгі шартты-шартсыз көмектеріне құжат қабылдамайды екен. Төлемақыларды қабылдау үшін әлекедей жаланып кассирлері де сол жерде отыр деседі. Бейшара жұрт әйтеуір ақша алсақ болды деп оған да көніпті.

Қыста еш жерде жұмыс жоқ. Базарға барып нан табатындар да, құрылысқа жалданатындар да күннің жылынуын сар­ғая күтіп үйінде отыр. Қаптап алған көмірін үнемдеп жағып, әр үзім нанын жегенде ұн таусылып қалмас па екен деген уайым­ға салынып отырған адамды төлемесең құ­жатың өтпейді деп сорлатқаннан ләззат ала ма екен?

Әрі-беріден соң өзі де сол ауылдың тұрғыны ретінде түсіністікпен қараса нетті? Мемлекеттен бөлінген ақшаны қалтасынан беретіндей құжат қабылдауға неге сонша қиналады екен?

Қысқасы, іш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ. Құқығыңды таптап жатыр деп сөзін сөйлейін десең, бәлесінен аулақ деп көптің өзі тағы көнбейді. Не істерсің? Тым құрыса күйігіңді шығара­йын деп жатасың осылай «диван батыр» болып.

Г.ӘШІРБЕКОВА
ДЕРЕККӨЗ: zamana.kz
Просмотров материала: 2 944

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 203 027 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 202 653 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 202 147 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 202 205 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 202 567 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 807 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 864 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 170 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 791 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 865 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 049 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 637 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 669 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 441 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 295 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 915 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 539 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 236 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 634 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 453 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 325 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 155 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 013 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 334 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 234 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 723 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 690 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 072 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 306 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 686 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 061 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 003 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 123 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 067 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 271 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 425 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930