22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Пара берме" деп ұрандатып жүрген Асанәлі ағамыздың парақорды қорғауы күлкілі екен - Т. Жаманқұлов

17 февраль 2018, 13:42
Жуырда ғана пара алғаны үшін сотталған артист, М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық театрдың бұрынғы басшысы Ерлан Біләл енді мемлекетке 52,5 миллион теңге айыппұл төлеуі тиіс.

Ерлан Біләл ұсталған сәтте қоғамда, соның ішінде мәдениет саласы өкілдерінің арасында кереғар пікірлер туындады. Мәселен, оның әріптестері жаппай жиналып, конференция өткізіп, Біләлді ақтауды сұраса, әлеуметтік желі қолданушылары мен бірқатар журналист керісінше, пара алған адам жазасын алсын деп мәлімдеп жатты.

Тіпті, Тұңғышбай Жаманқұлов пен Ерлан Біләлдің істі болуын байланыстырғандар да аз болған жоқ. Есте болса, былтыр күзде ҚР Халық артисі Т.Жаманқұлов киноға бөлінген қаражатты талан-таражға салды деп сотталған болатын.

Сол кезде оның шәкірті саналатын Ерлан Біләл ұстазына қолдау білдірмей, сол үшін көпшіліктің сынына да ұшырағаны әлі есте.

Күні кеше Тұңғышбай Жаманқұлов «TalkLIKE» жобасында қонақта болып, журналист Аман Тасығанға сұхбат берген болатын. Әңгіме барысында ол Ерланға тек жаны ашитынын айтты.

«Ерлан менің шәкіртім. Менің басыма қара бұлт үйрілгенде ол қайда барарын білмей, әуре сарсаңға түскен балам сияқты менің. Мен жағына шығайын десе, басшысынан қорқады. Басшы жағына шығып кетейін десе, мені ойлайды. Сөйтіп, қатты жағдайға түскенін мен жақсы білемін. Сондықтан мен оған менің қасымнан табылмадың деп, сөзімді сөйлемедің деп өкпе арта алмаймын. Өйткені заман солай, қызмет солай. Ол қызметінен айрылып қаламын деп ойлады. Бұл да бір пендешіліктің бір түрі», - дейді Халық артисі.



Ол сондай-ақ, Біләлдің ұсталғаны жанына батқанын да жасырмай айтты.

«Мен Ерланның ұсталғанын өте ауыр қабылдадым. Facebоok-тен көргенде кино шығар деп те ойладым. Өйткені, ол ондайға баратын бала емес сияқты еді. Бәлкім, Жаңа жылдың алдында өзіне тізесі батып жүрген адамдарға сый жасаймын деп амалсыз осындай қадамға барды ма екен деп те ойлаймын», - деген Жаманқұлов мәдениет саласында да «сыйлық алғанды» жақсы көретін шенділердің бар екенін меңзеді.

Ал, Ерлан Біләлді қорғауға бағытталған баспасөз конференциясын ол нағыз театрлық қойылым деп есептейді.

«Әріптестерім Ерланды қорғап баспасөз конференциясын өткізгенде мені шақырған жоқ. Өйткені, олар кезінде менің басыма қара бұлт үйіруге себеп болған адамдар. Сосын мен бұл конференцияны не үшін өткізгендерін де түсінбедім. "Пара берме" деген билбордтарда суреті ілініп тұрған Асанәлі ағамыз пара алғанын мойындап тұрған адамды қорғауы күлкілі әрі ұят болды. Мұны ұйымдастырған адамды соттау керек деген де артық сөздер айтылды. Негізі бұл конференцияға келгендер "мұндай жағдайдың болғанына өкінеміз" деп айтулары керек еді. Қысқасы, бұл жөнсіз, жосықсыз конференция болды. Оны кімнің ұйымдастырып отырғанын да жақсы білемін. Бұл пресс-конференция мені қыспаққа алған ведомствоның зорлықпен жасатқан пресс-конференциясы деп айта аламын», - дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Ол сондай-ақ, Біләлге қолдау көрсеткісі келетінін, алайда оған зиянын тигізіп алғысы келмейтінін де айтып мойындады.

«Ерлан Біләлге басына күн түскенде хабарласпадым. Өйткені, біріншіден - ол менің қоңырауларыма жауап бермейді. Екіншіден - жауап берген күннің өзінде менімен сөйлескені үшін оған үлкен зиян келуі мүмкін. Өйткені, тағы айтам, Ерлан мені қыспаққа алған ведомство басшыларының сүйіктісі. Олар Ерланның менімен сөйлескенін білсе оған зиян тигізуі мүмкін еді. Сондықтан хабарласпадым. Мәселен, кезінде менің сөзімді сөйлеп, мені қорғамақ болған журналист қыздар жұмыстан шығып, ауыр сөздер естіп, аяқтарына тұсау салынған болатын. Оның алдында іс енді басталғанда Оралға барып Батыс Қазақстан облыстық театрында қойылым қойдым. Ұстазым Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына орай сол кісінің ойнаған спектакльдерінің бірін қойыңыздар деп ниет білдірді. Спектакль қойылды, артынша ұйымдастырған оралдық жігіттерге бәзбіреулер телефон соғып, "оны неге шақырасыздар, оған неге қойғызасыздар" деп менің көзімше ұрысты. Бірақ, соған қарамастан, ол жігіттер батылдық жасап, аяғына дейін ойнап шығуымызға кедергі келтірмеді», - деді Халық артисі.

ДЕРЕККӨЗ: sn.kz
Просмотров материала: 8 514

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 274 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 106 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 747 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 771 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 079 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 652 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 719 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 907 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 053 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 432 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930