2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Біздің спортшылар Олимпиадаға қазы жеп, сорпа сораптау үшін бара ма?

15 февраль 2018, 11:23
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылғанына біраз уақыттың жүзі болды. Әзірше шығысқазақстандық фристайлшымыз Юлия Галышевадан басқа спортшымыз медальге қол жеткізген жоқ. Юлия қызымыз қола медальді қанжығасына байлап, сөніп бара жатқан үмітімізді жаққандай болды. Ал қалған спортшылармыз қара үзіп, үздіктердің қатарына қосылған жоқ.

Айтпақшы, Ақ Олимпиада басталған сәтте Пхенчхан қаласына спортшыларымызбен бірге барып, оларға бас-көз болып жүрген Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов ағамыздың "Қазақпарат" агенттігіне берген "Қазақстандық спортшылар Пхенчханға қазы-қарта ала келді" деген сұхбатын оқып, спортшыларымыз байрақты бәсекеге ас ішіп, аяқ босату үшін барады ма деп ойға қалғанымызды жасырып қайтеміз.

Қазақстандық спортшылардың шетелге шықса сөмкесін қазы-қартаға толтырып, азығын арқалап жүретіні біз үшін жаңалық емес. Соңғы уақыттары қысқы, жазғы Олимпидаға аттанып бара жатқан спортшыларымыз "қазы-қарта мен жал-жаямызды алып бара жатырмыз" деп реті келсе де, келмесе де әңгіме айтатын әдет пайда болды. Бұл не? Ет жеп, сорпа сораптау ұлттық патриотизмнің бір нышаны ма?

Мемлекет спортшыларымызды мешкейлердің жарысына жебіргендей ішкен-жегенін сөз қылатынын әдеттерін түсіне алмай жүрміз. Олардың әңгімесін естігенде ауылдағы туған-туысқанның басын қосып, соғым басын беретін Сәрсембай көкеміздің әрекеті еске түсетінін жасырып қайтейін.

Олар қыста қазыны кертіп жеп, ұзақ түнде жылқы бағатын жылқышы емес қой. Соңғы кездері спортшылардың "Жарысқа қазы-қарта мен жал-жаяны ала кеттік. Ұлттық тағамымыз бізге күш-қуат береді" деп лепіре сөйлегеніне күдікпен қарайтын болдым.

Олардың бөтен жерге жарысқа барғанда ет асып, арқа-жарқа болып отыратын жағдайы бола ма, десеңізші? Әлде спорт саласына жауапты шенділеріміз ет асатын қазан-ошағын алдын ала апарып, сайлап қоя ма екен?

Кім білсін? Бір білсе "Қазақстандық спортшылар Пхенчханға қазы-қарта ала келді" деп сұхбат берген Елсияр ағамыз білетіні анық.

Нұрлан Жұмахан

ДЕРЕККӨЗ: Abai.kz
Просмотров материала: 2 206

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 946 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 595 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 083 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 141 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 506 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 015 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 065 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 367 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 006 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 088 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 268 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 469 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 332 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 092 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 568 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 275 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 681 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 494 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 049 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 876 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 339 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 085 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 158 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 307 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031