20 мая 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Дұрыс тәрбие көрген ұл-қыз басқа ұлттан әйел алмайды, тұрмысқа да шықпайды - Қарақат Әбілдина

08 февраль 2018, 12:23
Соңғы кездері қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдерімен көңіл жарастырып, шетел азаматтарына тұрмысқа шығуы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Тіпті бәзбіреулер түрік, әзірбайжан, өзбек азаматымен қыдырып жүрген қыздарды көшеде ұстап алып, күш көрсетіп, тәрбиелеуге көшкен.

Мұның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы екені белгілі. Алайда, полиция әлі ешкімді ұстап жазалаған жоқ. Ал, қоғамның пікірі бұл мәселеге келгенде қазір қақ жарылған.

Бірі қазақ қыздары тек қазақ жігіттеріне күйеуге шығуы тиіс деп есептесе, өзгелері ортағасырлық түсініктен арылуымыз керек дейді, яғни Қазақстан зайырлы ел болғандықтан әрбір азаматта таңдау құқығы бар.

Бұл мәселеге қатысты ел алдында жүрген өнер адамдарының да пікірін білуді жөн санадық. Ендеше жұлдыздар не дейді? Қазақ қыздарының өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуы дұрыс па, бұрыс па?


Қарақат Әбілдина, әнші:

– Өзге ұлтқа тұрмысқа шығуға, я болмаса жігітеріміздің басқа елдің қызын алуына қарсымын! Ешкімнің көңіліне, жеке басына сөз келтіргім келмейді. Бұл менің жеке пікірім. Ұл-қыз тәрбиелеп отырған ана ретінде бұл мәселенің маңызы зор. Әрбір ата-ана мұндайға бей-жай қарайды деп ойламаймын. Өз басым қызымның болашақта басқа ұлттың азаматына, ұлымның өзге елдің қызын алуына жол бермеймін. Сезімдері алаулап тұрса да ондай некені құптамайтын едім. Өйткені кейін уақыт өте келе олардың әйтеуір түсінетінін білемін. Сол себептен де балаларыма «Ұлтымыздың тәрбиесін бойына сіңіріп өскен, қазақы жерден шыққан қыз ал» деп айтып отырамын.

Шетел азаматына тұрмысқа шығып кеткеннен кейін ғана байбалам салмай, кішкентай кезінен бастап қыздардың санасына қазақы тәрбиені сіңіре беру керек. Шариғатта да өз ұлтыңнан шыққан адаммен тағдырыңды қосуың керек делінеді. Мұсылман халық деп түрік, өзге де ағайындарға кетіп жатқан қыздар бар.

Бірақ, өз дәстүрің мен тілің бар. Бәрібір де олардың салты басқа. Өз ата салтыңды құрметтей алмай, өзге ұлттың әулетін көркейтемін деген бекер. Ертеңгі күні аралас некеден туған баланы не қазақ па, не басқа ма ажырата алмай отырасың.

Өз қазақ тілін білмесе, осы тілде ойламаса ол баласын болашақта қалай «қазақ» етіп тәрбиелейді? Бұл жерде қан тазалығы, тіл, дін, дәстүр жатыр. Дұрыс тәрбие көрген ұл-қыз ешуақытта өзге ұлтқа тұрмысқа шықпайды немесе үйленбейді. Ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп өскен, санасы, намысы, ар-ұяты бар адам ешуақытта жат жұрттықпен көңіл қоспайды.

Бойында қазақылығы басым қыз-бала өтпелі сезімге алданбайды, ондай қадамға ешқашан бармайды деп ойлаймын. Дегенмен жастықтың буымен қателік жасап, кейіннен оны түсініп жатқандары да бар.

Өмірқұл Айниязов, әнші:

– Әрине, қазақ қызының қазақ жігітінің қолынан ұстағанын қалаймын. Бірақ қыздарымыздың өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығып жатқанын айтпастан бұрын қазақ жігіттерінің жағдайына көңіл бөлгеніміз дұрыс шығар?! Оның үйлі, қалталы, намысшыл болуы қажет. Бұл мемлекет саясатының үлесінде. Сонда бәлкім, қарагөз қарындастарымыздың өзге ұлт өкілінің етегінен ұстауы азаяды.

Ал, «сен неге өзге ұлтына тидің?» деп қыздың намысына тию сананың таяздығы. Кейбір қазақ жігітінің видеоға түсіріп, ұрысуын дұрыс деп айта алмаймын. Ол өзінің мәдениетсіздігін көрсетеді. Неге десеңіз, қыздың шетел азаматымен көңіл қосуына біз де кінәліміз. Өйткені заңымыз әлсіз, шетел азаматы елімізге келіп білгенін істейді.

Басқа мемлекеттерде сол елдің қызын алу үшін үлкен қаржы төлеу керек екенін естимін. Ал бізде қыз алуда еш салық қойылмаған. Керісінше, шетелдіктің азаматтық алуына жағдай жасалған.

Біздің түсінгеніміз, Өмірқұл Айниязов қазақ қыздарын шетелдіктерге күйеуге беріп, олардан ақша өндіруіміз керек деп есептейді. Сондай заң шығару керек екен. Әлде әнші басқаны меңзеді ме?


Сейфуллин Жолбарыс, әнші-сазгер:


– Әркім пешенесіне жазылғанын көреді. Әр адамның өмірі өз қолында. «Қазақ қыздары өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығып жатыр екен» деп араласу еркектікке жатпайды. Бірақ, қыздарымыздың өзге ұлт өкілінің етегінен ұстағанын құптамаймын, әркімде таңдау құқығы бар, кім кімге үйленсе де өзі біледі емес пе?! Сондықтан, «өзге ұлтқа тұрмысқа шықтың» деп оны қорлап, намысына тию дұрыс емес.
Кейбір кісілер «Қызымды шетелге күйеуге бермеймін» деп бөседі. Әй, егер пешенесіне жазылғаны сол болса қайтеді? Мен де қыз өсіріп отырмын. Елдерге ақыл үйретіп алып, ертеңгі күні басыма сол келіп тұрмасын деп қорқып отырмын. Қызымның бойында қазақылығы басым, әжесінің тәрбиесін алған. Малайзияда оқығанымен шетелдік болып кеттім демейді. Не нәрсеге қарсылық білідірсең, Алла тағала соны алдыңа әкелуі мүмкін. Сондықтан ауыздан шыққан әр сөзімізге абай болайық. Ұлтқа жанымыз ашиды деп қазақ қызын өзге ұлт өкілімен ұстап алып, оны әшкерелеген жігіттер ертеңгі күні түрмеге қамалып қалмасына кім кепіл береді?

Конституция заңында «Қазақ қызы басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шықса қарсылық білдіріңдер» деген сөз жазылмаған. Шетелге күйеуге шықан қыздарды уайымдағаннан бұрын, одан да балалар үйіндегі жетімдердің өзге елге сатылып жатқанын ойласын. «Тоқтаңдар, шетел азаматына тимеңдер. Ол дұрыс емес» деп байбалам салатындай олар он жастағы қыздар емес қой. Барлығының өз басы, санасы бар. Дұрыс па, жоқ қате ме, өздері шешу керек.

Кейбіреулер әдейілеп шетел азаматына тұрмысқа шығайын демейді. Шетелде білім алып жүріп, сол жақта танысып қалады. Сол себептен диванда отырып алып әр қызға кінә тағуға болмайды. Қыздарымыз басқа елдің жігітіне тұрмысқа шықты екен деп, ұлтымыз жойылады деуге болмайды. Мәселен, үйдегі жеңгең ұлты орыс болғанымен, қазақша сөйлейді. Тіптен дүкенде қазақша сөйлесе, сатушылар мәз болып затын тегін беруге дайын тұрады. Біздің халықтың ұлылығы да осында жатыр. Балаларым да қазақ тілінде өсіп жатыр.

Әзірлеген Анар Дәукен
ДЕРЕККӨЗ: sn.kz
Просмотров материала: 6 046

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 148 871 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 148 680 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 148 337 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 148 360 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 148 663 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 783 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 935 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 089 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 691 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 895 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 868 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 034 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 911 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 788 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 612 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 750 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 902 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 567 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 935 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 667 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 670 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 513 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 355 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 609 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 551 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 062 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 484 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 393 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 632 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 984 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 390 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 374 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 416 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 357 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 586 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 734 Просмотров





Опрос


«    Май 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031