16 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



82 отбасы шиеттей бала-шағасымен далада қалатын түрі бар (видео)

06 февраль 2018, 10:49
Астана іргесіндегі Ильинка ауылының 82 отбасы шиеттей бала-шағасымен далада қаламыз ба деп қорқып отыр. Өйткені, сот кооператив құрып, бірігіп салынған баспана күрелсін деген шешім шығарыпты. Алайда, бар жиған-терген соңғы тиынын пәтерге санап берген тұрғындар үйді босатпаймыз, әкімдік заңдастырып берсін деген ұстанымда. Бұл жайлы 31 арна хабарлады.

Астана іргесіндегі Ильинка ауылындағы бұл екі үйді тұрғындар кооператив негізінде бірігіп, 2016 жылы тұрғызып алған. Жатақхана үлгісіндегі баспананы содан бері жас отбасылар мен жарымжан жандар паналап отыр. Тұрғындар «баға аспандап тұрған Астанада бала-шағамен пәтер жалдау айлықпен күнін әрең көріп жүргендерге оңай емес. Ең болмаса, ай сайын қожайынға санап берер тиынымыз қалтамызда қалады, әрі өз үйіміз деп 20 шаршы метр бөлмені 3 жарым миллион теңгеден сатып алдық» - дейді.

ӘСЕЛ СҮЛЕЙМЕНОВА, тұрғын:

— Осының алдында времянкада тұрдық, жер үйде пеш жағып, жалдап тұрдық 40 мыңға.

Айлығы шайлығына жетпей жүрген жас отбасылардың бұл баспанаға қызығатындай жөні бар. Нарықтағы бағадан үш есе арзандығы өз алдына, әр пәтердің жуынатын бөлмесі, тамақ пісіретін газы бар әрі ұядай жып жылы. Ең өкініштісі құжаттары түгел емес. Оның үстіне әкімдік өкілдері жақында сотқа шағымданып, заңсыз салынған баспана күрелсін деген шешім шығарыпты. Бір бөлмеге бар жиғанын санап берген Қайыровтар отбасы енді далада қаламыз ба деп үрейлі.

РИЗАГҮЛ ҚАЙЫРОВА, тұрғын:

— Әрине қорқамыз, баспанасыз қаламыз ғой, кішкентай баламен қайда барамыз?

ҚАНИЯ ҚАБИ, тұрғын:

— Көмектесінші бізге, құлатпасыншы мына үйді. Кішкентай балалар отыр міне. Ертең балалар келеді. Қаншама өмірге айналайындар, көмектессін бізге.

Ал үйді салған кооператив басшылары әкімдіктің рұқсатымен алдымен екі қабатты үй тұрғызғанын айтады. Алайда, арзан пәтер сұрағандардың саны артқасын үшінші қабатты қосып, қосымша екінші баспананы бастауға тура келіпті. Тіпті, шенділер салған айыппұлдардың бәрін төледік деп отыр.

Бұл уәжбен тек шенділер келіспейді. Сот шешімімен бір үйдің үшінші қабаты және екінші үй толықтай бұзуға жіберілуі тиіс. Өйткені, бұл баспаналар әкімдіктің рұқсатынсыз заңсыз салынған дейді.

ОКСАНА ИБРАЕВА, Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

— Біз бұл екі үйге жоспарсыз тексеру жүргіздік. Құрылысшыларды әкімдіктің рұқсатынсыз үй салғаны үшін әкімшілік жауапқа тарттық. Және қосымша сотқа бердік. Қазір Есіл аудандық сотының күрелсін деген шешімі заңды күшіне кірді.

Алайда, 82 отбасы соңғы тиынымызға сатып алған баспанамызды күретпейміз деп бекініп отыр. Керісінше, Үкіметке елордаға күн сайын келетін жастарды жалдамалы пәтер құлдығынан құтқаратын арзан үйлердің санын көбейтуді ұсынбақшы.

Гүлбану Әниятқызы, Нұркен Тоқмурзин.

Просмотров материала: 2 310

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 204 492 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 204 125 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 203 618 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 203 680 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 204 040 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 887 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 943 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 250 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 880 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 951 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 138 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 662 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 692 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 455 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 313 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 980 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 550 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 257 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 657 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 469 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 338 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 169 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 030 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 352 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 250 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 736 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 762 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 088 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 321 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 700 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 074 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 015 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 139 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 086 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 286 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 444 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930