1 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жат ағымға ілескен әйел біреудің алтыншы әйелі болам деп, жалғыз ұлынан бас тартты

30 январь 2018, 12:53
Радикалды діни көзқарасты ұстанған алматылық өзінің өгей баласына қысым көрсеткен. Ойын баласын оқудан шеттетіп, Ислам дінін қабылдауға мәжбүрлеген жат ағым өкілі – жеткіншекке компьютер мен түрлі гаджеттерді қолдануға тыйым салған. Тіпті, сурет салып, ән тыңдауға рұқсат бермеген. Осы әрекеттердің барлығын «харам» деп, бұғанасы бекімеген баланы еркіндігінен айырған. Өрімдей баланың анасы да жат ағымның жетегінде кеткен жігіттің сөзін сөйлеп, ақыр соңында өз баласын өзектен теуіпті. Анықталғаны – баласынан бас тартқан ана салафизм ағымына ілескен жігіттің алтыншы әйелі атанған деп мәлімдейді Алматы телеарнасы.

Жүзін жасырып, атын атамауды өтінген бұл бала қазір жетінші сыныпта оқиды. Бірақ осыдан 2 жарым жыл бұрын сабаққа ден қоюды мүлдем ұмытқан. Туған анасы жат ағымның жетегінде кеткен жігітке еріп, 6-шы әйелі болуға келісіпті. Осыдан кейін, «сақалды» өгей әке өрімдей баланың берекесін қашырады. Жап-жақсы оқып жүрген жеткіншек аз уақытта күрт өзгеріп сала берген.

Өрімдей баланың анасы қазір хиджап киіп, намаз оқиды. Бұрын христиан дінінде жүрген келіншек қаба сақал өсірген жігітпен танысқан күннен бастап, оның шырмауынан шыға алмапты. Өгей әкеден әбден қорлық көрген бала анасынан қайыр болмаған соң, өз әкесіне хабарласып, араша түсуін өтінеді. Осыдан кейін, жәбірленуші тарап құзырлы орындарға шағымданған екен.

«Шаңырақ» орталығының дінтанушылары арнайы өздерінің әдістерімен анықтады. Тестілеу жүргізді, түрлі сұрақтар қойды. Осы арқылы оның қазіргі кезде көп мәселе тудырып жүрген теріс діни ағымның белсенді мүшесі екендігі туралы қорытынды шығардық», – деді Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.

Өздерінен өзгені харам санайтын теріс ағым өкілдері осы оқиғадан кейін «Шаңырақ» оңалту орталығының мамандарымен тілдескен. Дінтанушылар адасқандарды райынан қайтаруға тырысыпты. Бірақ мәмілеге келуден бас тартқан олар өрімдей баланы керек етпейтіндерін анық білдірген.

Анасының серігі көрсеткен қысымға шыдамаған бала қазір өз әкесімен бірге тұрады. Аудандық сот жеткіншекті әкесіне беруді ұйғарыпты. Ал кәмелет жасына толмаған өренге өзеуреген салафиттің ісімен енді құзырлы органдар айналысады. Қазір күдікті тек жат ағым өкілі ретінде тіркеуге алыныпты. Ал санасы шырмалуға шақ қалған баланың әкесі – бұл оқиға көпке сабақ болса екен, дейді.

Анықталғаны – баланы теріс ағымға итермелеген күдікті салафиттердің ішіндегі матхалиттердің қатарынан екен. Ол Сауд Арабиясында кеңінен танылған Назратулла Әбдіқадыров мен Махмад Дильмурадтардың уағызын тыңдаған болуы керек. Былтырғы жылы бір ғана Алматыда теріс ағым ұстанған 570 адам анықталған екен. Дінтанушылардың ықпалымен олардың жартысына жуығы дәстүрлі дін жолына түскен.
Просмотров материала: 3 030

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 220 340 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 220 022 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 219 526 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 219 563 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 219 940 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 708 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 740 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 074 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 749 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 784 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 987 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 833 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 953 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 601 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 478 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 440 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 710 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 460 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 865 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 662 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 479 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 314 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 167 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 525 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 408 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 897 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 262 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 220 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 462 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 856 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 212 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 156 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 298 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 224 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 467 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 605 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031