17 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкенттің мектептері жекелеген фирмалардың мүддесіне жұмыс істей ме?

30 январь 2018, 9:05
Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Ж.Тәжиеваның назарына!

Бүгінде мектептегі мұғалімдер мен оқушылардан ақша жинау мәселесі жиі айтылатыны жасырын емес. Әлеуметтік желілер де күн тәртібіндегі мәселенің көрігін қыздырып, қоғамдағы «күйіп» тұрған тақырып төңірегінде өзара пікір таластырып жатады. Бірі мектептегі «бассыздықты» айтып байбалам салса, енді бірі «ремонтқа» да ата-аналардан ақша жиналатын айтып, мұң шағады. Тағы бірі киелі оқу орнын «базарға» теңейді. Жел сөзге ерік беріп, желіні шулатып жатқандардың қай сөзіне сенесің, дегенмен «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» деген тағы бар.

Осыдан бір-екі жыл бұрын болса керек, «Фиркан» ойын-сауық орталығына оқушыларды апару үшін 200 теңгелік билет дайындалғаны жайлы хабар тараған еді. Оны ата-аналардың бірі «бақыт билетіне» теңеп, әлеуметтік желіге жариялап жіберген соң іле-шала ақпараттық құралдар іліп ала жөнелгені бар.

Бірақ, Бақыт Молдапанаев есімді желі қолданушының аты жөні соқырға таяқ ұстатқандай анық жазылғанымен білім бөліміндегілер желі қолданушылардың қолтығына жел бүркіген «бақыт билетінің» авторын таппай, ақыры сиырқұйымшақтанып барып ұмытылғандай болды. Бір қызығы, сол кезде «ондай мәселеге жол бермейміз» деп шала бүлінген жауапты басшылар бүгін тағы сондай «сорақылыққа» жол беріп жатқанын байқамай қалған сияқты.

Мысалы, біздің ұғымымыздағы мектеп балаларға білім беретін, тәрбиелейтін орын. Ол жерге кез келген көлденеңатты келіп, өзқ мүддесіне байланысты жұмыс істеуіне болмайды. Мекеме басшылары өз ұжымында не болып жатқанын білуге тиіс. Демек «фирканның» кезекті билеттерін таратып жүргенінен хабардар. Оқушылардың қолында жүрген жылтырақ қағаз оны тәрбиелеп отырған мұғалімдердің назарынан тыс қалуы мүмкін емес.

Ал, сорақылық дегенге келетін болсақ, аталмыш билетте бес аттракционға тегін отыруды жарнамалай отырып, қалайда баланы қызықтыру керек екенін байқатады. Сөйтеді де жанамалай отырып өздерінің басқа қызметтерін тыққыштайды. Сенбесеңіз ережесін оқып көріңіз. 1. Бұл купон бес аттракционға тегін отыруға мүмкіндік береді. 2. Егер де сізде карта болмаса, кассадан сатып ала аласыз, карта құны 200 теңге. 3. Бұл купон тегін таратылады. Бір купон тек бір балаға ғана жарамды. 4. Бұл купон топпен кіруге арналмаған. 5. Купон 28.02.2018 жылға дейін жарамды. 6. Ойын картаны 5 000 теңгеге толықтырған жағдайда Funky Town ұсынған 1 000 000 теңге ұтыс ойынына арналған қосымша 5 тегін купон беріледі. Ұтыс ойын 2018-ші жылдың 22-ші наурызында «Фиркан City» өтеді. (Купонды картаға салу үшін міндетті түрде ойын картаны кем дегенде 500 теңгеге толтыру керек, автомат ойындарын ойнау үшін).

Осылай деген ұзақ сонар сөздің арасынан біз балалардың қауіпсіздігі жайлы бір ауыз сөз таппадық. Оны кім апарады, қалай апарады – ол жағы да түсініксіз. Жылтырақ қағазға әдемілеп шығарған жарнамасынан қалай да ақша істеу керек деген ниетті аңғардық. Бәлкім, бала тағдырын ойыншық көріп отырғандар билет сатылса, ақша жиналса болды деп отырған шығар.

Ертеңгі күні бір Ташмат әкә келеді де, өзінің сықырлап қалған автобусына балаларды толтырып ала жөнеледі. Бала болған соң арасында еркетотайлары да болады. Бір-бірінің үстіне мінгесіп, әлімжеттілік жасамауына кім кепіл? Жаман айтпай жақсы жоқ, басиесіз балаларды топырлатып жүріп бір жағдайға ұрынып қалсақ оған кім жауап береді? Әлде оқыс оқиғаға жол беріп алғаннан кейін барып бір-бірімізді кінәлап шыға келеміз бе? Неге ондай олқылықтарға жол бермеудің амалын қарастырмаймыз?

Әрине, бұл бассыздыққа барып отырғандарды білім бөліміндегілер білмей отыр дей алмаймыз. Бәлкім, бұған көз жұма қарап отырғандардың да аузы майланып қалған шығар. Өзіңіз ойлап көріңізші, Шымкенттегі жүз елуге жуық мектептің жүз мыңнан астам оқушысының он пайызы 200 теңгеден жинап беретін болса, қанша ақша жиналады? Оған жаңа жоғарыда көрсетілген қосымша ынталандыру ойындарын қосыңыз.

Таяуда Ақтөбе облысында орын алған өртенген автобус оқиғасы дүйім жұрттың жағасын ұстатты. Бір мезетте елу екі адамның отқа оранып, алаулаған қызыл жалынға күйіп кеткенін көз алдыңа елестетудің өзі қиын. Кейіннен анықталғанындай автобус біраз жылдан бері арнайы тексеруден өтпеген екен. Демек, оның адам тасымалдау үшін рейске қойылғанын өзі дұрыс емес. Оған кім жауап береді?

Біз неге осы олқылық орын алмай жатып дабыл қақпаймыз? Мұндай сорақылық алдағы уақытта тағы қайталанбауы үшін неге тиісті адамдарды жауапқа тартпаймыз? Біздің бүгінгі көтеріп отырған мәселеміз де, міне, осыған саяды. Бүгін қалтаның қамымен жасалған пендешілік қарекет, ертеңгі күні қасірет болып жатпасын деңіз.

Осыдан біраз жыл бұрын біздің редакцияға шымкенттік Рахым Өтенов есімді азамат арызданып келген еді. Кіші баласы Шаруханмен Тараз қаласына қарай өз көліктерімен шыққан олар, жолда жүрісі суыт автобусты көреді. Қарсы бағытта шайқатылып келе жатқан автобустың жүрісінен секем алған олар көліктерін жол жиегіне шығарып тоқтап тұрады.

Мақсат – жүрісі ұнамаған автобусты өткізіп жіберу. Бірақ, ажал туралап келсе алмай қоймайды екен, автобус өз жолынан ауытқып, қарсы беттегі жолға шығып, одан өтіп жол жиегінде тұрған бұларға соқтығысады ғой. Сол жерде Шерухан көз жұмады да, Рахым аға ауруханада ес жияды. Кісі өлімі орын алған соң тексеру-тергеу басталады.

Анықталғаны – бұл автобус та біраз жылдан бері арнайы тексеруден өтпеген екен. Сонда қалай, адам өлімі орын алмаса оның заңдылығы тексерілмей ме? Мүлдем тексерілмейді десек, мұнымыз ақылға сыймайды. Алайда «шымкентшелеп» тексерілетін жұмыстың үнемі осылай шикілігі шығып жататынын бүгінде жеті жасар баладан жетпіс жастағы қарияға дейін айтып отыратын болған емес пе? Біз де бүгінгі тақырыпты қауіп еткеннен көтеріп отырмыз.

Тек көтеріп қана қоймай, білім ошағына келіп, балаларға купон тарататындардың бұл әрекеті қаншалықты заңға тура келетінін білгіміз келеді. Айтылған мәселелерге байланысты тиісты сала басшылары елге жария ететіндей тұшымды жауап береді деген сенімдеміз.

Айдын СӘТЖАН
ДЕРЕККӨЗ: qazygurt.kz
Просмотров материала: 2 830

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 152 940 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 152 752 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 152 399 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 152 430 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 152 727 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 004 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 150 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 325 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 000 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 191 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 099 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 167 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 974 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 846 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 672 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 818 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 957 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 624 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 995 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 722 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 728 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 574 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 413 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 668 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 614 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 123 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 553 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 450 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 697 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 040 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 451 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 429 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 470 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 413 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 650 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 790 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30