22 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ДЕПУТАТ: ШЕКАРА БЕКЕТТЕРІНЕ БАТЫР БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ ЕСІМІН БЕРУ КЕРЕК

05 октябрь 2017, 11:29
ДЕПУТАТ: ШЕКАРА БЕКЕТТЕРІНЕ БАТЫР БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ ЕСІМІН БЕРУ КЕРЕК Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл еліміздегі шекара бекеттеріне қазақ батырларының есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елбасы өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында: "Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай", – деп атап көрсетті. Біздің батыр бабаларымыз аумағы жөнінен әлемде тоғызыншы орынды алатын, о шеті мен бұ шетіне құлан жортса тұяғы тозатын, қыран ұшса қанаты талатын ұлан-ғайыр жердің шебін ғасырлар бойы қанын төксе де, арын төкпестен, жанқиярлықпен қорғады. Бүгінгі бейбіт заманда Ұлы Даламыздың шебін қорғаушы жауынгер-шекарашылар да сол батыр бабаларымыздың бүгінгі буыны болып табылады", — деді депутат мәжілістің жалпы отырысында вице-премьер Ерболат Досаевқа жолдаған депутаттық сауалында.

Айтуынша, бүгінде 5 мемлекетпен шектесетін және жалпы ұзындығы 15 мың шақырымдай болатын шекарамызда 300-ге жуық шекара заставасы құрылған. Осы заставаларға сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да ұстатпай, ұрпағына толық мирас еткен батыр бабаларымыздың атын берсек, орынды болар еді.

"Мұның ұлағатты үлгісі де бар. 2017 жылдың 3 сәуірінде қабылданған №157-ші Үкімет қаулысына сәйкес, Өзбекстанмен арамыздағы шекарадағы Қызылорда шекара отрядының 2019-шы әскери бөлімінің "Қызылқұм" шекара заставасы Жанқожа батырдың атымен қайта аталды. Осының алдында, 2014 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында өткен, Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдығына арналған республикалық ауқымдағы іс-шара барысында Қызылқұмдағы шекара бекетіне батырдың есімін беру бастамасын көтерген болатынмын. Бұл бастама жүзеге асты және бұл Қазақстанның Шекара қызметі құрамындағы оныншы атаулы застава болып отыр", — дейді ол.

Бұл, депутаттың айтуынша, біріншіден, ел шебі мен ұлттық қауіпсіздікті қорғаушы шекарашыларымызды дархан далаға қалқан болған батыр бабалардың ұлы рухында, Мәңгілік елдің мақсат-мұратында тәрбиелеуге үлес қосады. Екіншіден, Қазақстан тарихында ерекше орын алар тұлғалардың атын мәңгі қалдыруға қызмет етеді. Сонымен қатар Елбасы рухани жаңғырудың "Туған жер" бағдарламасы аясында ұсынғандай, бұл "есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері" арқылы жас ұрпақтың туған жер тарихын тануына ықпал жасайды.

"Төртіншіден, батыр бабалар атымен аталған шекаралық заставалар – өзге мемлекеттер азаматтарына Қазақстанды әз тарихын және ер ұландарын ұлықтайтын, ұмытпайтын, солардың биік рухымен рухтанатын өр әрі өркенді ел ретінде көрсетіп тұрады. Бесіншіден, бұл меценаттарды шекаралық заставаларға көмек көрсетіп, қамқорлық жасауға тартуға жол ашады. Өйткені шекарашылар өз қызметі үшін қажеттінің барлығымен қамтамасыз етілгенімен, шекаралық заставалардың көбі кеңес заманында тұрғызылған және материалдық-техникалық базасы тоза бастаған", — деп атап өтті депутат.

Бақытбек Смағұл үкімет басшысының орынбасарынан Бөгенбай, Қабанбай, Қарасай, Наурызбай, Ер Жәнібек, Райымбек, Жалаңтөс Баһадүр және басқа да байырғыдан бергіге дейінгі батырларымыздың есімдерін еліміздің әр өңіріндегі шекара заставаларына беру мәселесін қарастырып, тиісті нұсқау беруін сұрады.
Просмотров материала: 2 498

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 449 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 970 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 544 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 592 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 912 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 716 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 834 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 077 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 335 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 474 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 022 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 170 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 470 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 298 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 125 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 349 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 378 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 066 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 462 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 196 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 178 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 009 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 851 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 127 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 060 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 567 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 119 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 881 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 158 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 520 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 856 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 919 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 879 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 099 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 245 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031