23 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒА АЛМАЙ ОТЫРҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛУІ МҮМКІН

05 сентябрь 2017, 9:28
КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒА АЛМАЙ ОТЫРҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛУІ МҮМКІН Елімізде ресми түрде жаңа саяси маусым басталды. Кеше сенаторлар мен мәжілісмендер жазғы каникулдан оралды. Парламенттің 6-шы шақырылымының 3-ші сессиясын президенттің өзі келіп ашты. Мемлекет басшысы әбден тынығып, демалып келген депутаттарға алдағы уақытта қандай заңдарды жаңарту керектігін айтты. Ең алдымен міндетті медициналық сақтандыру туралы заңды жіті қарау, Ұлттық банктің құзыретін кеңейтіп, екінші деңгейлі банктерді қатаң қадағалау, сондай-ақ тергеушілердің қолына түскен әр істі бақылауды тапсырды, деп жазды КТК телеарнасы.

Екі айдан бері бос тұрған парламенттің ғимаратында бүгін қызу тіршілік басталды. Алдымен ауыл-аймақты аралап сайлаушыларымен кездескеннен кейін шекара асып, демалып келген депутаттар тегіс жұмысқа оралды. Олар жылда парламенттің кіре берісінде жазғы каникулды кім қайда өткізгенін жарыса айтып жататын. Биыл халық қалаулылары жұмбақ күйде жүр, демалыстан алған әсерлерімен де аса бөліскісі жоқ.

Ал жаңа маусымды ашқан Президент бірден тапсырма беруге кірісті. Ескертуді Нұрсұлтан Назарбаев міндетті медициналық сақтандыруды келістіре алмай отырған Денсаулық сақтау министрінен бастады. Өйткені, ведомство арнайы қор құрып, азаматтардан 5 миллиардтан астам теңге жинап алған. Алайда жаңа жүйеге толық көшуге дайын емес.

"У нас 2,7 миллиона человек считаются самозанятыми. Я все время задаю всем министрам социальной защиты вопрос - где это такое есть в мире слово "самозанятые"? Это самый прямой уход от налогов, вот что это такое!Министр здравоохранения, я прав или нет? Почему вы говорите, что мы переходим к медицинскому страхованию, если у нас такие вопросы? Давайте этих переведем на страховое, а этим будем платить. Тогда скажет, почему я должен платить, если какая-то часть населения будет бесплатно получать эти услуги? Давайте разбираться", деді ҚР Президенті Н.Назарбаев.

Яғни, басынан дау арылмаған міндетті медициналық сақтандыру тағы 2 жылға кейінге қалдырылуы мүмкін. Өйткені, министр Біртанов қосымша уақыт сұрап отыр. Бұдан кейін Назарбаев депутаттарға Ұлттық банктің құзыретін кеңейтуді ұсынды. Бас банк екінші деңгейлі банктерді қатаң қадағалауы тиіс. Әйтпесе, жеке банктер мемлекеттің мойнына мініп алған. Субсидиялардың қайда жұмсалып жатқаны тағы түсініксіз.

"Банки все частные работали, дошли до ручки – и теперь государство опять финансирует. Надо кончать с этим. Надо эти банки лучше уничтожить и взять на себя, чем им платить. Почему мы должны частника – сам работает, зарабатывает – и ещё и субсидировать?", деді ҚР Президенті Н.Назарбаев.

Назарбаев тергеушілердің арасындағы былықтан да хабардар. Президент қылмыстық істі тергеуді түбегейлі реформалау керек деп отыр. Қазір полицейлер қолына түскен күдіктінің айыбын қалай дәлелдесе де өзі біледі. Қадағалап жатқан ешкім жоқ.

"Человека, допустим, осуждают по какой-то статье, что-то он там проворовался или что-то такое сделал, и смотрит следователь, что не хватает фактов для доказательств... Так вот, ему "припаяют" побочное, что его жена купила какой-то дом. И уже начинают судить по этому. Это в какие рамки лезет вообще? И это делается следствием, потому что нет контроля от начала до доведения до суда. Сейчас мы над этим работаем", деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, президент ұлттық компаниялардың ішкі және сыртқы несиесін қайта есептеуді де тапсырды. Белшеден қарызға батқан квазимемлекеттік мекемелерді шетінен банкрот жасау керек деді Назарбаев.

Яғни, депутаттар президент айтқан осы мәселелерді жаңа заң жобаларында қарауы тиіс. Ал қолы ұзарып, құзыреті кеңейген депутаттар жаңа сессияны жаңа билікпен бастайды. Халық қалаулылары Үкімет мүшелерінің соңына май шам алып түспек. Уәдесінде тұрмаған, міндетін орындай алмаған министрлерді аямаймыз деп отыр.

"Нәтижесі болмаса, , министрге: «рахмет, басқа салаға жол болсын дейміз». Әр бюджеттің тиыны тиімді пайдаланылуы керек", деді мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсова.

Бір сағатқа жуық заң шығарушы органның алдында тұрған міндетті тізбелеген Президент Қазақстанның кибер қорғанысын күшейтіп, хаккерлердің шабуылына қарсы тұратын құжатты да қысқа уақытта қарап шығуға кеңес берді. Себебі қазір интернеттен төнген қауіп-қатер үдеп барады. Ал ұзақ демалыстан соң жұмысқа белсене кіріскен Парламент алдағы сәрсенбіде 12 заң жобасын қарамақ. Жалпы, депутаттар осы сессияда Салық кодексі, Ұлттық банктің қызметі, валюталық реттеу, бюджет сынды маңызды заңдарды қабылдайды.
Просмотров материала: 2 195

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 219 057 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 218 731 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 218 236 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 218 274 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 218 648 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 642 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 678 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 008 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 680 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 719 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 918 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 823 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 933 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 586 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 465 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 415 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 698 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 446 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 855 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 649 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 466 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 305 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 159 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 512 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 400 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 888 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 246 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 215 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 457 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 849 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 198 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 143 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 284 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 218 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 452 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 594 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930