30 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ШЕНЕУНІКТІҢ БАЛАСЫНАН НЕГЕ ЧЕМПИОН ШЫҚПАЙДЫ?

23 август 2017, 15:51
ШЕНЕУНІКТІҢ БАЛАСЫНАН НЕГЕ ЧЕМПИОН ШЫҚПАЙДЫ? Сонымен, RBK банкі басқарма басшысының орынбасары болып парламент мәжілісінің төрағасы Н.Нығматулиннің отыз жасқа әлі тола қоймаған (29 жаста) ұлы Нұрхан Нұрланов тағайындалды. Н.Нұрланов бұған дейін Qazaq банкіне басшылық жасаған.

Мұнай мен газға қатысты ұлттық компаниялардың орталықтағы ғимараттарында тәжірибе жинақтаған. Жалпы, Нығматулин әулеті дарынды һәм талантты жастарға толы. Мәселен, мәжіліс төрағасы Нұрланның егізі, экс-депутат Ерланның қызы Малика отыз жасқа толар-толмас шағында Астана қаласы әкімдігіндегі құрылымы ең үлкен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарған еді.

Содан бері Астанада қанша әкім ауысса да, Маликаның қызметі төмендемей, қайта әкімнің орынбасарлығына дейін құстай көтерілді.

Басшылық жасауға келгенде Нығматулиннің үрім-бұтағы сияқты жолы болғыш шенеуніктердің балалары бізде шаш етектен баршылық.

Мәселен, не тындырғанын кім білсін, әйтеуір, теріскейдегі екі облысты ұзақ жылдар алма-кезек басқарған Сергей Кулагиннің ұлы Павел Кулагин жақында ғана Алматының Түрксіб ауданының әкімі болып тағайындалды. Алматы тұрғындары, мәселен, Павелді мүлдем танымайды. Павелдің өзі Алматының Түрксіб ауданын картадан ғана тауып бере алатын шығар?!. Бірақ бізде мұндай қайшылықтарды ескеретін жоғарыда жан бар ма?

Әрине, әкімнің баласы әкім болмасын деген заң жоқ. Бірақ әкесінің ықпалы болмаса, 31 жастағы Павел Сергейұлы осындай қызметке қол жеткізер ме еді?
Жалпы, бізде мемлекеттік билік пен бизнестегі басшылық орындар әкеден мұраға қалатын құндылыққа, заңдылыққа айналып бара жатқандай. Қызмет басындағы жастардың биографиясына қарасаңыз, бұған бірден көзіңіз жетеді.

Мысалы, жиырма жылдан астам уақыттан бері президент кеңсесінің меңгерушісі қызметін атқарып келе жатқан Махмұд Қасымбектің ұлы Жеңіс Қасымбек қазір инвестициялар және даму министрі креслосында нық отыр.

Ұзақ жылдар бойы мәжілістегі орнын босатпаған экс-депутат Кенжеғали Сағадиевтің ұлы Ерлан Сағадиев білім және ғылым министрі болып тағайындалды.
Президент аппаратының жетекшісі Әділбек Жақсыбековтің ұлы Дәурен қазір Қазақстандағы ең бай 50 кәсіпкердің бірі. Оның да қызметтерінен ат үркеді.
Әкім атанған, үкімет басқарған, бірнеше министрлікке жетекшілік жасаған, сосын елші болып елден ұзап кеткен Иманғали Тасмағамбетовтің күйеубаласы Кеңес Рахышев те ауадан ақша жасай білетін өте талантты бизнесменнің бірі.

Президенттің жиендері, сенатор Дариға Назарбаеваның ұлдары да қатардағы шенеуніктің балаларынан қалыспайды. Айсұлтаны биліктің айналасындағы «халық жаулары» туралы әлеуметтік желіде бір-екі пост жазып еді, футбол саласындағы шенеунікке айналып шыға келді. Нұрәлісі де жақында ғана президент атанып, альпинизм федерациясын басқарды.

Екі мәрте қорғаныс министрі болған Мұхтар Алтынбаевтың баласы Мүслім де «әке көрген оқ жонады» дегенді дәлелдеп, қауіпсіздік кеңесінде үлкен қызмет атқарып жүр.

Бірнеше облыста ректорлық қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан соң мәжілістің мандатын иеленіп, талай жыл «Нұр Отанның» отымен кіріп, күлімен шыққан Уәлихан Бишімбаевтың ұлы Қуандық Бишімбаев та ұлттық экономика министрі боп жүрген жерінен тергеу орындарына түсіп қалмағанында ол да талантты жастардың бірі болатын.

Мәжіліс төрағасы қызметін атқарған Қабиболла Жақыповтың баласы Аслан да Бишімбаевпен бірге істі болмағанда осы тізімнің ішінде жарқырап жүретіні анық еді.

Міне, осындай мысалдарды айтып тауыса алмайсың. Шетел елшілігіндегі қызметкерлердің көбі бүгінгі шенділердің ағайын-туысы. Тіпті аудандық әкімдікте жүрген басшылардың әке-шешелері Астанадағы бір дөкей болып шығады.

Несін айтасыз, үрім-бұтағы, ағайын-бауырына мемлекеттік қызметті шашудай шашуға келгенде шенділеріміз мәрт қой. Осыдан да болар, біздің елде билік пен бизнес туралы әңгіме бола қалса, мына нәрсе міндетті түрде айтылады: егер бір шенеунік билік баспалдағында жылдам-жылдам көтеріліп, үлкен қызметке қол жеткізіп жатса, «бұл пәленшенің адамы, соның командасы, соның жақыны, туысқаны ғой» деп.

Ал егер бір адам үлкен бизнесте бас айналатын табысқа қол жеткізіп жатса, «бұл пәленшенің бизнесі, мұның артында сол тұр, соның ықпалы ғой» деген әңгіме айтылады. Бұл біздің елде саяси элитаның ішінде таныс-білісің, қолдаушы-демеушің болмаса, билік баспалдағында өрлеу-өсу, бизнес нарығында даму-баю болмайтынын айғақтап тұрғандай. Қош, бұған келіспеске амалымыз жоқ.

Бір қарағанда шенді-шенеуніктің баласында сапалы жерде оқуға, шет тілдерін үйренуге, қиялын ұштап әлемді аралауға, дүниенің көкжиегін көруге мүмкіндік өте зор. Басқалармен салыстырғанда олар жақсы киінеді, жақсы жерде оқиды, терең, жан-жақты білім алады. Бір сөзбен айтқанда, олар дарынды һәм талантты.

Бірақ жоқшылық көрмей өскен шенеуніктердің осы ұрпақтары әкелері сияқты басшылық қызметке неге құштар? Материалдық таршылықты білмей өскен шенеуніктердің балалары неге елді аузына қаратқан ақын болмайды?

Солардың арасынан қазақты әлемге танытатын жазушы немесе суретшы неге шықпайды? Шенеуніктің балалары спортта жұлдыздай жанып, неге Олимпиада чемпионы болмайды? Әлде бұл жастарды әкелері өздеріндей шенеунік болсын деп қана тәрбиелей ме?

Оралхан ДӘУІТ

Дереккөз: Жас Алаш
Просмотров материала: 2 397

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 202 207 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 201 831 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 201 325 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 201 384 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 747 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 761 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 819 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 124 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 740 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 816 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 006 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 627 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 655 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 434 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 287 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 877 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 532 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 227 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 624 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 445 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 315 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 147 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 002 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 325 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 226 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 715 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 647 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 065 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 299 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 678 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 055 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 992 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 114 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 062 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 263 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 414 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031