7 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҰБТ - ҰЛТТЫҚ БІРЫҢАЙ ТӘЛКЕК

16 август 2017, 11:36
ҰБТ - ҰЛТТЫҚ БІРЫҢАЙ ТӘЛКЕК Жылда осы: айқай-шу, өзіне-өзі қол салу, сауатсыз сұрақтар, жылаған жас, күрсінген ата-ана, реформашыл министр. Қанша жыл өтсе де, бірде-бір рет тыныш тестілеу өткізе алмай-ақ қойдық. Министрлік «дұрыс таңдау жасамады» деп талапкерді кінәлайды, ата-ана министрлікті кінәлайды. Ақыры кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін айырудан қаласың. Болашақтың таңдауы емес, құдды жүйке тестілеу жүйесі дерсіз. Жүйе демекші, елдегі жаңармақ түгіл, жаңғырмаған жүйенің әлдеқашан сыр бере бастағанының бір көрінісі де осы – ҰБТ. Әйтпесе мектеп бітірушілерді жыл сайын тәлкекке салмай, тым құрығанда тестілеуді бір жүйеге түсіруге болар еді. Мәселен, биыл 84 041 талапкер тестілеуден өтіпті. Айналдырған 84 041 баланың оқуға түскен яки түспегенін анықтауды білдей министрлік грант тізімін екі қайтара жариялап жүріп әрең шешті. Осымен шешіле қалса, әрине.

ЖҮЙКЕ СЫНАҒЫ – 2017

Ә дегенде биылғы тестілеу бұрынғы жылдармен салыстырғанда тып-тыныш өтіп жатқандай болған-ды. Алдыңғы жылдары тестіден өте алмаған өрімдей жастардың өз-өзіне қол салып, өмірін қиған оқиғалар жиілеп кетіп еді. Оның сыртында сауатсыз сұрақтар талапкерді ғана емес, тестіні бақылаған қалың жұртқа да тегін басқатырғыш болғаны бар.

Биыл жаманат хабар да жоқ, қисық сауал да жоқ, тест төңірегі тыныштыққа арбалғандай күйде еді. «Шынымен бір жүйеге түскен екен-ау» деп сенер-сенбесімізді білмей, ақсарбас атауға сәл-ақ қалғанда шу ете қалды. Бәсе...

Тамыздың 10-ы күні Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары жарияланды деген хабар тарады. Іле желідегі жұрт бір-бірін құттықтасып, мәз-мейрам болды. Өгіз де аман, арба да аман, әйтеуір, өттік-ау десті. Бірақ жоғары балл алып, «Алтын белгі» иеленіп, ойша оқуға түсіп үлгергендер төмен балмен грантқа түсіп кеткендерді тізімнен көргенде «бұ қалай болғаны сонда, әділдік қайда?» десіп министрліктен бір-ақ шыққан.

Баланың болашағы сынға түскенде кім болса да аянып қалмасы анық қой. «Үштілділік» реформасына ғалымдар, сарапшылар, өзге де көзіқарақты жұрт жаппай қарсы болғанда, бұлғаң салып ұстатпаған Сағадиев баласын жетектеп ызаға булыққан, тау қопарардай екпінмен жетіп барған ата-аналарды көргенде дереу кабинетінен шығып, грант төңірегіндегі дауды түсіндіріп, «Алтын белгі», жоғары балл алған ешбір бала оқусыз қалмайды» деп сендіріпті. Жұрт қолдан келер қайран жоқ екенін біліп, министрдің сөзіне амалсыз сеніп тарқасқан.

ДАУДЫҢ БАСЫ – «АЛТЫН БЕЛГІ»

Даудың шығу себебі – 2017 жылғы тест қорытындылары сарапталмай, қажетті категориялар бойынша бөлінбей тұтас жарияланып кеткен. Мәселен, ол жарияланымда арнайы жеңілдік қарастырылған жетімдер, мүгедектер, ауыл квотасы сынды категорияға жататын талапкерлер жалпы тест қорытындысында бөлекше көрсетілмей, көптің ішінде кеткен.

Содан келіп «Алтын белгі» иегерлері мен жоғары балл жинағандар тұрғанда, төмен балл алғандар қалайша оқуға түсіп кетеді деп шу шыққан. Ал 14 тамызда жарық көрген екінші тест қорытындысында жоғарыдағы категорияларға жататындар бөлекше көрсетілген. Сөйтіп, бір даудың басы қайырылады. Бірақ мұнымен мәселе түбегейлі шешіліп кеткен жоқ.

Ол – грантқа іліне алмай қалған «Алтын белгі» иегерлері. Қолданыстағы заңға сәйкес, «Алтын белгі» алған оқушы грантқа түседі. Бұрын солай ың-шыңсыз жүзеге асып келген. Ал биыл «Алтын белгі» алғандардың біразы грантқа ілінбей қалды. Тап осы жерден дау үдей түсті. Министрлікке барып, әділдік талап еткен де, негізінен, осы «Алтын белгі» иегерлері. Бұл дауды министрлік әрбір арыз-шағымды республикалық комиссияның талқысына салып, қосымша гранттар үлестіріп әрең шешті.

Сөйтіп, «Алтын белгі» алып, оқуға түсе алмадық деп шағымданғандар енді университеттердiң, бiлiм және ғылым министрлiгi мен денсаулық сақтау министрлiгi қаражаты есебiнен оқитын болды. Нәтижесiнде биылғы гранттар саны бастапқысынан 1487-ге көбейді. Ал, жалпы, биылғы оқу жылына мемлекеттен 37 932 білім гранты бөлініп, оған ілінуге 84 041 талапкер білім сынына түскен. Ортадан «Алтын белгінің» дауы қосылып, грант саны 3,5 пайызға өсті. Осымен ата-аналар үшін биылғы жүйке сынағы, талапкерлер үшін ұлттық бірыңғай тәлкек аяқталғандай.

«АЛТЫН БЕЛГІ» НЕМЕСЕ МИНИСТРЛІКТІҢ МИБОТҚАСЫ

Шынтуайтында, ҰБТ-ның биылғы дауын министрлік өзі жасады. Сағадиев «реформасы» ә дегенде тестілеудің кезеңін екіге бөлді және «Алтын белгіні» анықтауды мектептің құзырына берді. Тестілеудің бірінші кезеңінде мектеп бітіруші орта білім аттестатын алу үшін мектепте тест тапсырды. Одан кейін екінші кезеңге өтіп, ҰБТ-ға қатысты.

Мектеп әкімшілігі өз ішінде ешкімді аттестатсыз қалдырмайтыны белгілі. Ал мәселе «Алтын белгіге» келгенде мектеп пен ата-аналар «құдай бердіге» балап, аспаннан алтын жаудырғанға ұқсайды. Мысалы, бұрнағы жылдары «Алтын белгіге» ұсынылған оқушылардың 49 пайызы белгіні қорғаған болса, биыл бұл көрсеткіш 94 пайызға бір-ақ барған. «Алтын белгі» аспаннан жауды деп отырғанымыз – осы. Бұл баяғы «қолыңда барда қонышыңнан бас» дейтін ағайынның мінезі.

«Алтын белгінің» тым көбейіп кеткені күдік тудырып, министрлік төмен балл алған белгі иелері оқыған мектептерді тексереміз деп белсеніп отыр. Министрліктің белсенгеніне болайын, бәленің бәрін өзі бастап беріп, енді келіп тексермекші. Жарайды, тексерсін, тамыр-таныстық, жеңұшынан жалғасқан жемқорлыққа сәл де болса сабақ болар. Бірақ айналып келіп комиссияның шешімімен «Алтын белгі» иегерлеріне қосымша грант үлестірді ғой. Сөйтіп, министрлік өз тұзағына өзі тұтылып отыр.

«Алтын белгіге» қатысты министрліктің миботқасы мұнымен бітпейді. Министрлік ҰБТ басталмай тұрып «Алтын белгіге» жеңілдіктер болмайды» деп жар салды да, құжат қабылдау кезең басталғанда барып «Алтын белгінің» артықшылығы сақталатынын айтты. Сөйтіп, «Алтын белгі» иегерлеріне грант таратып шықты. Министрлік неге түлкібұлаңға салып, елді шатастырғанына әлі нақты түсініктеме берген жоқ. Ал біз министрліктің басқатырғышын өзімізше шешіп көрейік.

Қолданыстағы заң бойынша «Алтын белгі» алып, оны қорғап шыққан талапкерге артықшылық беріледі. Ал әлі жоба күйіндегі заңда бұл артықшылық алынып тасталған көрінеді. Министрлік бекітілмеген заң жобасына сүйеніп, «Алтын белгіге» жеңілдіктер болмайды» деп ақпарат таратқан. Соған қарағанда Сағадиевтің кеңсесі заңды парламентсіз өздері қабылдап жібере жаздаған сияқты.

Өйткені қолданыстағы заңда көрсетілген «Алтын белгі» артықшылықтары болмайды деп жобаға иек артып хабар таратудың өзі заңға қайшы – жалған ақпарат тарату болып саналады. Алайда аңдамай айтылған сөзді соңында жуып-шайғандай болып, «Алтын белгі» иегерлеріне заң бойынша артықшылықтарын ескеріп, қосымша грант берді. Егер «Алтын белгі» беруді мектептердің құзыретіне бермей, бұрынғы жолымен жүргенде қосымша грант бөліп, бюджетті шығындамас еді.

«Алтын белгі» алып, аз балл жинаған түлектер оқыған мектептерді тексереміз» деп министрліктің тепсініп отырғаны жіберген қателіктерін енді түсініп жатқаны болса керек. Әрине, кінәлі біреуді табатын да шығар. Сөйтіп, Сағадиев кеңсесі өзін ақтап алар. Ол жағына келгенде біздің министрліктер алдына жан салмайды.

Әзірге тек қай мектептің соры қайнайтыны ғана белгісіз. Осылайша білім және ғылым министрлігі елді шатастырып қана қоймай, өзі де шатасып, қолданыстағы заңның емес, жоба күйіндегі заңның сөзін айтып, заңға қайшы ақпар таратып жұртты әбден әбігерге салды. Бұл әбігердің аты бар: ол – Сағадиевтің білім реформасы деп аталады.

БАСТЫСЫ – БІЛІМ АЛУ ЕМЕС, «МОДНЫЙ» МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ

ҰБТ-ның тағы бір бітпей келе жатқан жыры бар. Ол – мамандық таңдау. Биылғы талапкерлердің бұрынғылардан өзгеріп кеткен ештеңесі жоқ екен. Талапкерлердің көбі сол баяғы «заңгер», «экономист», «халықаралық қатынастар», «құқық қорғау қызметі», «қаржы», «маркетинг», «жалпы медицина» қатарлы мамандықтарды таңдапты.

Ал мемлекеттік гранттардың көбі нарық қажет етіп отырған техникалық мамандықтарға бөлінгеніне қарамастан, талапкер мен ата-ананың таңдауы «модадан» түспей келе жатқан мамандықтарға ауады екен. Біздіңше, талапкер таңдауына жүйе қалыптастырған бүгінгі қоғамда әсер етіп отыр. Мәселен, «заңгер», «экономист», «халықаралық қатынастар», «құқық қорғау қызметі», «қаржы» дейтін мамандықты жұрт ақшаның ортасы деп ойлайды. Өйткені экономисті оқып, елдің емес, өзінің экономикасын өсіріп жүргендердің өмірін көреді, заңгерді бітіріп алып, құқық қорғау органдарына жұмысқа тұрып, шылқып байып кеткендерді де біледі, аталған мамандықпен оқығандарды қарап тұрса, бәрі бастық, бәрі бай.

Содан жас баланың есі кетеді де. Байлық бар құндылықтың бастауы болып тұрған заманда жас талапкердің таңдауына таңғалмайсыз. Ата-анасын да сөге алмаймыз. Сондай таңдау жасауға жеткізген жүйені жазғырмасаңыз... Таңдаудың өзі бұлай болғанда, білім бәсекесіне түсер болашақ туралы ойлаудың өзі артық сияқты... Білім емес, мода қуудан әлі арыла алмай келеміз.

Өміржан ӘБДІХАЛЫҚҰЛЫ

Дереккөз: Жас Алаш
Просмотров материала: 2 725

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 125 396 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 125 226 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 124 873 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 124 900 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 125 207 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 582 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 750 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 825 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 039 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 192 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 552 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 364 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 666 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 560 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 370 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 482 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 672 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 339 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 682 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 447 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 443 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 280 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 130 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 373 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 309 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 835 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 192 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 159 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 379 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 712 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 134 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 146 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 187 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 115 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 344 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 495 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031