21 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



СЕЙСМОЛОГТАР АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ НЕЛІКТЕН ДАБЫЛ ҚАҒЫЛМАҒАНЫН ТҮСІНДІРДІ

СЕЙСМОЛОГТАР АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ НЕЛІКТЕН ДАБЫЛ ҚАҒЫЛМАҒАНЫН ТҮСІНДІРДІ Еліміздің бірнеше облысында сезілген жер сілкінісі жұртты шошытты. Қытайда болған жойқын зілзала бүгін оңтүстік, орталық және шығыс өңірлерін де біраз сілкінткен. Магнитудасы 7 балдан асқан дүмпу елімізге 4 балдық күшпен жетіпті. Одан зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Дегенмен, зілзаланың ошағындағы жағдай мүшкіл. Қытайдың екі аймағында болған дүмпулерден 19 адам қаза тауып, келген шығын көлемі миллиондап есептелуде, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Таңғы жерасты дүмпуі еліміздің біраз өңіріндегі жұртты қобалжытты. Бұл жолы жер сілкінісі Алматы, Талдықорған және Жаркентте 4 балды, ал Өскенмен мен Қарағандыда 2 балды құраған. Құдай сақтап, өлім-жітім жоқ. Ал магнитудасы 7 балға жеткен жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 485 шақырым жерде, Қытайдың Шыңжаң автономиялық ауданында тіркеліпті. Алматы жұрты дүмпуді бірінші рет таңғы сағат 5 жарымдарда, сосын араға бір сағат салып екінші рет сезді. Сейсмологтар таулы аймақ үшін бұл қалыпты жағдай дегенді алға тартуда.

"3-4 балдық жер сілкінісі бізге қайырлы күн тілеумен бірдей дүние. Туғанынан Алматыда тұратындар бұған оянбайды да. Біз барлығын білдік, халыққа қауіп төнбейтін болғандықтан дабыл қағылмайды. Мұндай зілзаланың күші нысандарды қиратуға жетпейді",-деді Сейсмология институтының директоры Әнуар Боранбаев.

Мамандар мұндай жер сілкінісі әзірге қайталанбайды деп сендіріп отыр. Ал Қытайда соңғы тәулік ішінде екі күшті дүмпу тіркелген. Оның артынан 40-қа жуық афтершок болыпты. Біріншісінің магнитудасы 7 балға жетсе, екіншісі 6,6 балл. Қазір Қытайдағы табиғат апатының салдарын жоюға барлық күш жұмылдырылып, 40 мың адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Мынау – зілзала болған сәтте түсірілген кадрлер. Үрейленген жұрт баспанасынан, кеңсе мен дүкендерден қашып шығуда. Олардың барлығы ғимартаттардың жер сілкінісіне төтеп берер-бермесін білмей, алысырақ кетуге асыққан. Сичуань провинциясындағылар бүгінгі түнді көліктерінде немесе тігілген шатырларда өткізді. Ал таңның атысымен тура осындай зілзала елдің солтүстік-батысындағы Шыңжаң автономиясында қайталанған.

Ресми ақпарат бойынша екі жер сілкінісінен 19 адам қаза тауып, 200-ден астамы жарақаттанған. Көз жұмғандардың ішінде Франция мен Канада азаматтары бар. 140 ғимарат толығымен қираса, мыңға жуығы қатты зардап шегіпті.

Жергілікті билік қара тізім толығуы мүмкін деп отыр. Себебі, зілзала эпицентрінде болған туристер тобынан әзірге дейін хабар жоқ. Құтқарушылардың күші жеткіліксіз болғандықтан, оларға көмекке әскерилер, полиция мен өрт сөндірушілер тартылған. Көрші провинциялардан ауыз су, азық-түлік, дәрі-дәрмек пен киім-кешек жеткізілуде. Апат аймақтарында тұратын жұрттың үйіне қашан оралатыны белгісіз. Себебі, Қытай сейсмологтары жер сілкінісі әлі де қайталануы мүмкін деп отыр.
Просмотров материала: 2 885

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 216 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 884 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 213 381 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 213 420 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 793 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 397 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 432 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 754 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 401 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 471 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 663 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 766 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 860 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 537 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 415 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 309 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 649 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 387 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 787 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 589 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 421 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 264 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 120 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 465 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 351 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 827 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 119 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 172 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 414 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 802 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 156 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 094 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 230 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 172 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 391 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 543 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31