23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ПРЕЗИДЕНТТІК БИЛІККЕ КІМДЕР ТАЛАСПАҚ?!

07 август 2017, 10:11
ПРЕЗИДЕНТТІК БИЛІККЕ КІМДЕР ТАЛАСПАҚ?! Қазанның 15-інде өтетін Қырғызстандағы президенттік сайлауға үміткер болуға 59 адам өтініш тапсырды. Осы елдің орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, саяси партиялар атынан президенттікке 11 адам, өзін-өзі ұсынғандар саны 48 адам болған. Үміткерлерді іріктеу, яғни талап пен шарттан өткен кандидаттардың тізімі 10 қыркүйекте анықталмақ. Сөйтіп, көршіміз бесінші президентін сайлауға білек сыбана кіріспек. Сарапшылар бұл додада кімнің жеңіске жетерін қазірден болжауға жүрексініп тұрғандай. Себебі сайлау ашық, бәсеке мықты, тартыс сұмдық. Ал бізде...

Бізде Назарбаевтың президенттік өкілеттілігінің мерзімі 2020 жылдың сәуірінде аяқталады. Осы кезде үштаған (отбасы, олигархтар, айналасы) «бастаған саяси реформаны түбіне дейін жеткізбедіңіз», «халық әлі жаңғырып болған жоқ, бір мерзім және отырыңыз» деп үлкен кісіні жібермей қоймаса, Н.Назарбаев сайлауға түспеуі мүмкін.

Ғайыптан тайып сондай күн туа қалса, президенттік билікке кімдер таласпақ? Бұл сұраққа келгенде қырғыздарды шаңға көміп, жорға жүріспен-ақ оқ бойы озып кететін шамамыз бар. Енді-ші, Алатаудың арғы бетіндегі ағайын екі айдан кейін сайланатын президенттерін әлі танымай отыр. Оның қасында біз екі жылдан соң болуы тиіс сайлаудағы кандидаттарды қазірден түстеп айта аламыз. Сонымен, жуырда ғана қол қойылған сайлау заңы бо­йынша, халық арасында беделі зор Мұхтар Шаханов президенттік сайлауда үміткер ретінде де тіркеле алмайды. Себебі халық ақыны, тіл жанашыры бес жыл мемлекеттік қызметте (мемқызмет) істемеген.

Әрине, М.Шахановтың депутат болған кездері бар. Бірақ заңның мың қатпарына бұл уәжді салып жіберсеңіз, депутаттық мемқызметке саналмай қалады. Шахановта жоқ мемқызмет өтілі 1990 жылдардың ортасынан бері оппозицияда жүрген, көпшіліктің алдында екі тілде шешен сөйлейтін, пікірсайыстарда ысылған саясаткер Әміржан Қосановта бар. Бірақ оның өзі де президенттік сайлауға қатыса алмайды. Себебі үміткерді республикалық деңгейдегі қоғамдық ұйым не саяси партия ұсынуы міндет. Ә.Қосановта мұның екеуі де жоқ.

Аса ықпалды байлардың қатарындағы Райымбек Баталов, Нұрлан Смағұлов, Бауыржан Оспанов сияқты ірі бизнесмендер де АҚШ-тағы Д.Трамп сияқты президенттік сайлауда бақтарын сынай алмайды. Себебі, жоғарыда айтқандай, оларда не мемқызмет өтілі, не ұсынатын саяси партиялары жоқ. Сонда сайлауға кім түспек?

Жаңа заңның талабы оппозиция ауылындағы Жармахан Тұяқбайдың оң жамбасына келеді. Үкілеп ұсынатын партиясы (ЖСДП), көзір ғып көрсететін мемқызмет өтілі бар. Әрине, дәрігерлер «денсаулығы мемлекет басқаруға келмейді» демесе, Ж.Тұяқбайға үміткер ретінде тіркелуге еш кедергі жоқ. Бірақ жетпіске жеткен саясаткер «Жас Алашқа» жуырда берген сұхбатында жастарға орнын босатқысы келетінін айтқан еді. Яғни Қазақстанды әділ басқарсам деген 12 жыл бұрынғы жалын мен жігер жоқ.

Көпшілік келесі президент ретінде Иманғали Тасмағамбетовті көргісі келеді. Бірақ ол кісінің нән сайлауға түсуіне бір кедергі бар сияқты. Мәселен, жыл басында сенатта өткен жиынның бірінде әділет министрі Марат Бекетаев: «Қазақстанда тұрмайтын елшілердің президенттікке үміткер болуға құқығы жоқ. Себебі конституциялық заң талабы бойынша президенттікке үміткер Қазақстанда тұруы керек. Ал елшілер Қазақстанда тұрмайды. Сондықтан олар үміткер болуы мүмкін емес», – деген еді. Яғни сан жылдардан бері президенттік тақтан қарға адым жерде жүрген Иманғали Тасмағамбетов Ресейге елшілікке кеткелі екінші елбасы атану мүмкіндігіне алдағы 10 жылға нүкте қойғандай.

Дегенмен біздегі заңдар құбылмалы ғой, Ақорданың ішкі ойындарында И.Тасмағамбетовтің айы аяқастынан оңынан туып кетсе, конституциялық кеңес «елшілер де сайлауға қатыса алады. Себебі Қазақстан елшілігі орналасқан жер де Қазақстанның аумағы» деп тәпсірлей салуы әбден мүмкін. Демек, алдағы президенттік сайлауда үміткер болып тіркелуге И.Тасмағамбетовте болмашы ғана үміт, 0,1 пайыз сәттілік бар.

Президенттің үлкен күйеубаласы Тимур Құлыбаевтың сайлауға түсудегі мүмкіндігі И.Тасмағамбетовтікі сияқты тамшыдай ғана. Егер «Самұрық-Қазына» қорын басқарғаны мемқызметке жататын болса, онда жолы ашық. Жатпаса, жаңа заң тәртібімен ол президенттік сайлауға түсе алмайды. Т.Құлыбаевтың әйелі, президенттің ортаншы қызы Динара Назарбаеваның сайлауға түсу мүмкіндігі де күйеуінікі сияқты шектеулі. Президенттің немере інісі Қ.Сатыбалды, жиендері Айсұлтан, Нұрәлінің жағдайлары да осындай. Отбасы мүшелері ішінен президенттік сайлауға қатысуға сенатор Дариға Назарбаева мен ҰҚК-де қызмет істейтін президенттің немере інісі Самат Әбіштің мүмкіндіктері өте мол.

Ал айналасындағыларын түгендесек, жаңа заңның талаптары сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҰҚК жетекшісі, президенттің мәңгілік көмекшісі Кәрім Мәсімов, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, «Самұрық-Қазына» басшысы Өмірзақ Шөкеевтерге құйып қойғандай. Көріп отырсыздар, жуырда ғана қабылданған сайлау заңының шарттарына қарап-ақ келесі президенттің сұлбасын елестете беруге болады. Қырғыз ағайындар сияқты 59 үміткерге үңіліп бас ауыртпаймыз.

Айтпақшы, сайлау заңының осы көктемде ойда-жоқта осылайша өзгере қалғанына қарап-ақ президенттік сайлау 2020 жылы емес, 2018-де өтуі мүмкін деп болжам жасауға да болады. Неге десеңіз, келесі жылы Ресейде президенттік сайлау. Кремльдің біздің ішкі мәселемізге қарайтын шамасы жоқ кезде қарбаласа сайлау өткізіп жіберу саяси элитаға тиімді.

Мәселенің екінші жағы, АҚШ пен Ресей қарым-қатынасы жақын арада түзелмейтін болды. АҚШ салған жаңа санкциялар орыстардың экономикасына қосымша ауыр соққы. Оның салқыны бізге де келіп үлгерді.

Теңге құнын жоғалтты. Бюджет түбі тесілуге жақын. Билік құшағын айқара ашып, сағына күтіп отырған қытай кәсіпкерлері 2-3 жылда экономиканы өрлетіп үлгермейді (тіпті бұл инвесторлардың түпкі мақсаты экспансия емес, Қазақстан экономикасын гүлдендіру дегенге сене қою қиын). Сан жылдардан бері майшелпек жегізген мұнайдан күдер үзілді.

Сайлаушыларға бұрынғыдай 30 пайыз жалақыны шашудай шашып жіберетін қор жоқ. Демек, халық «рухани жаңғыруға» алданып, ЭКСПО-ның дүбіріне малданып бітер сәтте, келер жылдың көктемінде кезектен тыс сайлау өткізе салу билік үшін тиімді-ақ. Ондай сайлау өткізу билік үшін түк қиын емес. Мәселе біреу ғана – бұл жолы бас кандидаттың аты өзгере ме?


Руслан ЕРБОТА

Дереккөз: Жас Алаш
Просмотров материала: 1 988

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 361 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 194 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 834 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 858 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 167 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 479 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 655 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 723 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 913 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 056 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 436 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 650 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 354 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 456 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 320 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 114 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 823 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 169 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 365 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930