23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



МЕҢ НЕГЕ ҚАУІПТІ?

04 август 2017, 19:18
Бұрын халқымыз сәбиге Меңдіқыз , Меңлібек, Қалдыгүл, Қалжан деген есімдерді қойғанда денесіндегі мең кетеді деп ырымдағаны белгілі. Ал онколог дәрігерлер бір ауыздан қалды алып тастауға кеңес береді. Туғаннан теріңізге шыққан нүктедей дақтан құтылу -қатерлі ісіктің алдын-алу екенін ескертеді. Өкінішке қарай , мән бермейміз. Меңнің қауіпті екеніне сенгіміз келмейді. Қалдан пайда болатын кеселдер және хирургиялық операцияның құны қанша тұрады? Осы жайында Алматы қалалық Онкологиялық орталықтың онколог хирургі Хәкімжан Бекішевпен әңгімелескен едім.

МЕҢ НЕГЕ ҚАУІПТІ?


- Күннің астында жеңі қысқа көйлекпен неге жүрсіз? Ультракүлгін сәуледен теріңіз зиян шегеді. Денедегі меңнің үлкеюі, жарақат алуына да күн сәулесі қатты әсер етеді. Бұрын апаларымыздың терісі неге жұмсақ болды? Есіңізге түсіріп көріңізші. Себебі, ол кісілер жеңі қысқа көйлекті кимеген. Желден, күннің көзінен терісін қорғаған. Қазіргі қыз-келіншектер денені тұмшаламаса да, теріні қыздырады, ашық жүреді, күннен қорғанбайды. Содан терілері қатты, - деп Хәкімжан Бекішев күлді.

Хәкімжан Бекішев онколог –хирург , еңбек өтілі 30 жыл. Жылына 500 операция жасайды. Тәжірибелі маман.

-Меңнен қалай құтылуға болады?

-Меңді хирургиялық әдіспен, яғни кесіп , физикалық лазермен , электрмен күйдіру, сұйық азотпен алып тастауға болады. Солардың ішінде тиімдісі хирургиялық әдіс . Денеден сылып алынған меңді гистологиялық зерттеуге жібереміз. Оның нәтижесі өте маңызды. Емделуші ағзасында қатерлі ісіктің бар-жоғынан хабар алады.

МЕҢ НЕГЕ ҚАУІПТІ?


-Қарақаттай қал соншалықты қауіпті дегенге сену қиын екен.

-Оныңыз рас. Бізге келетін пациенттердің бәрі сіз сияқты ойлайды. Басым бөлігі қорқады. Екіншіден қалдың түсі, түрі ,тіпті пішіні өзгеруі мүмкін. Қышиды, ісінеді, іріңдейді және қанайды. Үшіншіден эстетикалық жағынан адамға меңнің пішіні өзгеріп, ыңғайсыздық туындайды. Өткенде бір кісінің иығындағы қалының үлкендігі сонша салмағы 2 келіге жеткен. Отамен алып тастадық. Төртіншіден, қалды алып тастау қатерлі ісіктің алдын алу. Меңнің ішіндегі қара дақтар-меланома дегені өте қауіпті. Оны медицинада қара ісік деп те атайды. Денеге тез жайылады. Меланома асқынғанда адам өмірін сақтап қалу қиындайды. Сондықтан меңді ертерек дәрігерге тексертіп, қауіптің бетін қайтаруға болады.

-Дертін асқындырып келетіндер көп пе?

- Көбіне әйелдер денесінде өзгеріс пайда болса тез байқайды. Күдігін сейілту үшін медициналық көмекке жүгінеді. Өкінішке қарай ер кісілер кеселді асқындырып келеді. Сондықтан теріңізде пигменттік кез-келген дақты тексерту қаперіңізде жүрсін

МЕҢ НЕГЕ ҚАУІПТІ?


Хәкімжан БЕКІШЕВ Алматы қалалық Онкологиялық орталықтың онколог-хирургі .

- Түймедей меңнің қатерлі ісікке айналуына не түрткі болады?

- Экологияның әсері бар , көбінесе майлы, қуырылған тағамдарды жиі тұтынудың салдарынан ағзадағы зат алмасу процесі бұзылады. Шектен тыс күнге теріні қыздыру ,артық салмақ, жарақаттап алу, түгін жұлу да зиян. Қатерлі ісікті қоздыратын факторлар әрқалай.

-Сіз күннің сәулесі пигменттік дақтардың өзгеруіне әкеледі дедіңіз. Ал қазіргі кезде таңсық емес ,теріні жасанды түрде қыздыру сәнге айналды. Бұл зиян емес пе?

- Осы сұрақ төңірегінде айтатын болсам, даулы тақырып. Әзірге оның зияны бар ма,жоқ па, ол жағы белгісіз. Дегенмен теріні жасанды түрде түсін өзгертуге кеңес бермеймін. Тері үлкен орган. Ағзаны басқа микробтардан, сыртқы факторлардың әсерінен қорғайды. Денеге тырысқан киімдер кию, күнге қыздырыну тері үшін пайдасы жоқ.

- Әңгімеңізге рахмет!

Меңнен қалай құтылдым?

Бала кезде пайда болған ернімдегі нүктедей мең соңғы екі-үш жылда қарақаттай болды. Алдырып тастау ойымда болған жоқ. Өйткені ауырмайды, қышымайды. Биыл көктемде дәрігерлер емханада өтетін ашық есік күніне шақырып, медициналық тексеруден өттім. Онкологқа кірдім. Дәрігер денемді түгел шолып , қарап шықты. Ернімдегі қалды алдыру керек деп ескертіп, терапевтке жолдама берді. Шынымды айтсам, емханадан шыққаннан кейін онкологтың айтқанын ұмытып кеттім. Сол күні түскен маммографиялық аппараттың қорытындысын алып, екі-үш күннен кейін онколог-маммологқа бардым. Маммологтың ернімдегі қалға көзі бірден түсті. Емханадағы жалпы тәжірибе дәрігеріне жедел қаралуға кеңес берді. Жалпы тәжірибе дәрігері бірнеше талдаулар, медициналық тексерулерге жолдама беріп, екі күнде тапсырдым. Оның ішінде ВИЧ/ СПИД –ке өткізген талдау қорытындысын ұзақ күттім. Операция алдында бағасы 6300 теңгедей онкомаркерлік зерттеудің қорытындысы керек.

Талдау нәтижелерін алып, Алматы қалалық онкологиялық орталықтың онколог –хирургы Хәкімжан Бекішевке бардым. Операция күнін белгілеп, операция жасалатын күні таңертең ақылы бөлімге, сосын кассаға бардым.

Айтпақшы операция алдында мең жайында ырымдар да,тыйымдарды көп естідім. Ата-анам, ата-енем көздері үйренген қалға пышақ тигізгенімді қаламады . Олар ол әр адам туғанда берілетін Алланың сыйы деп түсіндірді. Таныс кісілер меңнің ырыс-құт әкелетінін айтты. Көршім қалдан кейін қатерлі ісігі асқынып, емделушінің о дүниеге аттанып кеткенін айтып жүрегімді тас төбеме шығарды. Олар операциядан бас тартуға үгіттегенін түсіндім. Бәрі алаңдап жүр. Дегенмен өзім дәрігерге сендім.

Сонымен меңді кесіп алып тастау үшін кассаға 24300 теңге ақша санап бердім. Неліктен екенін ешкім түсіндірмеді, палатаға жатқан жоқпын, тіпті бас сұқпадым. Сол үшін 3 мың теңге шығындадым. Операциядан кейін медбике жараның аузын спиртпен сүртіп, онколог хирург бақылауда ұстады ,3 күнге 4200 теңге . Ал гистологиялық тексеру -6450 теңге. Барлығы 37950 теңге жұмсадым. Бұған қоса , 1900 теңгеден операцияға қажет 2 жіпті алдым. Операциядан кейін 7 күн антибиотиктер қабылдау керек. Бұл дәрілердің міндеті инфекцияны тұншықтыру. Жалпы дәрі-дәрмекке 13300 теңге суға сіңген құмдай ғайып болды. Қарақаттай қалдан құтылу үшін 55 050 теңге кетті. Енді тыртықты жоятын крем бар екен. Оның бағасы 8500 теңге екен.

Операциядан кейін көп сөйлеуге болмайды, тамақты блендермен езіп, түтікшемен ішесіз. Шынымды айтсам, ұмытшақ ауру сияқты ,қалдың ізі қалғаны болмаса , ауырып, қиналған шақтарды ұмытып қалдым. Мең мазаласа онколог дәрігерге жол тартыңыз. Өйткені ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз.

Жазира Бегалы журналист ,Алматы.

Дереккөз: gonzo.kz
Просмотров материала: 4 428

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 358 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 191 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 831 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 855 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 164 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 479 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 655 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 723 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 913 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 056 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 436 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 650 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 354 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 456 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 320 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 114 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 823 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 169 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 365 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930