8 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АСТАНАЛЫҚ АРУ ҚАЛТАЛЫ АЗАМАТҚА НЕ ҮШІН ТОҚАЛ БОЛУҒА КЕЛІСЕТІНІН ТҮСІНДІРДІ

04 август 2017, 12:50
Жоғары білімді бойжеткен тұрмысқа шығу үшін не себепті тек қалталы азаматты іздеп жүргенін түсіндірді. Жібек (есімі өзгертілген) есімді жасы 25-тен асқан ару Алматыда филолог мамандығы бойынша білім алған. Осы салада жұмыс істеу мақсатында Астанаға көшіп кеткен. Ата-анасының жалғыз қызы сол қалада қалып, сонда өсіп-өнгісі келетінін де жасырмайды. Жібек Stan.kz сайтының тілшісіне сұхбат бергендегі мақсаты, тоқал болудың ешқандай да ұят еместігін түсіндіргісі келеді.

АСТАНАЛЫҚ АРУ ҚАЛТАЛЫ АЗАМАТҚА НЕ ҮШІН ТОҚАЛ БОЛУҒА КЕЛІСЕТІНІН ТҮСІНДІРДІ


– Жібек, сіз сүйкімді әрі тартымды арулардың қатарына жатасыз, студент кезіңізде де сізге отбасын құруға ұсыныс жасағандар көп болыпты, тұрмысқа шығуыңызға не кедергі болып жүр?

– Мен өзіме лайықты азаматты іздепжүрмін. Өмірлік жолдасым меннен де ақылды болуы шарт. Көп оқыған, ел көрген, жер көрген. Ой тоқтатқан азамат.

– «Жақсы әйел жаман еркекті «адам» етіп алады» деп жатады. Өзіңізге қызыққандардың біреуін таңдап,тәрбиелеп алуға болмайды ма?

– Жоқ. Қазір заман басқа. Оның үстіне, жасым 30-ға жақындады. Маған сол шамалас, тіпті жасы бұдан да үлкен жігіттер сөз салады. Бірақ, өмірінің жартысын сүріп болған адамды қалай тәрбиелеуге болад? Одан қалса, оған не үшін уақытым мен жүйкемді кетіруім керек? Менің тыңғылықты жұмысым бар, енді бала тауып отбасыммен болғым келеді. Ол үшін тура осы Астанада жағдайы жақсы адамды табу керек.

Жағдайы жақсы дегенім ол міндетті түрде үйі, жұмысы, көлігі, жылына екі мәрте ел аралауға жететін табысы болуы керек. Егер маған осындай жағдай жасап бере алмаса несіне оның ұрпағын көбейтіп, өзіме қожайын қылып отырамын.

Басы бар жігіттің табысы да жақсы болады. Ал нағыз жігіт, білімді, намысты, тек жолы болмай жүр деген сөздер меніңше бос әңгіме. Егер ол расымен жігіт деген атқа лайықты болса барлық затты үйлестіре білуі керек. Егер болмай жатса, жетістікке жеткен ағаларымыздың біріне екінші әйел болған дұрыс.

– Сонда тоқал болуға да дайынсыз ба?

– Менде тағы 1-2 жыл уақыт бар. Егер ойымдағыдай басы бос немесе ажырасқан жігіттер табылмаса неге тоқал болмасқа? Мысалы, жұмыс барысында, көшеде көріп танысып қалған қалталы азаматтардан бірнеше мәрте сондай ұсыныстар түсті.

Отбасымда жалғыз қыз болғандықтан ата-анамның ұятын ойладым. Оның үстіне менде қазір әдемілік, сымбат бәрі бар. Сол үшін асықпадым. Бірақ, анама соңғы жылдары тоқалдықтан шошымау керектігін айтып жүрмін, құлағын үйретіп дегендей.

Танымал әйелдердің жартысы тоқал болсада, күйеуін алғашқы отбасынан ажырастырып алса да қазір абыройлы. Басында ел 2-3 жыл дүрлігеді. Кейіннен үйренісіп, тіпті танымал тоқалдардың жақсылығын айтып мақтай кеткен жағдайлар да аз емес.

Несіне жалған намысты ту етіп, өмір бойы бір жалқауды асырап, оған басымды иіп, сүйреуім керек? Қалталы адам ұрпағын далаға тастамайды. Жасы үлкен кісі болса да оның қаны таза, балалары білім мен мәдениетке құштар болады деп ойлаймын. Сондықтан, тоқалдыққа өз еркімен көнген жас қыздарды ешқандай да кінәлаудың керегі жоқ.

– Отбасында жалғыз қызсыз. Неліктен мұндай ойдасыз? Әлде бала күніңізде, мүмкін қазір де отбасылық жағдайларыңыз төмен бе?

– Жоқ. Анам- дәрігер, әкем-қаржыгер. Алматыға оқуға түскенімде сол қаладан үй алдық. Ата-анам мен үшін жұмысын ауыстырып сонда келді. Астанаға кетем дегенімде де ешкім қарсы болмады. Осы қаладан да үй алып берді. Ата-анам жұмыстарын ауыстырып соңымнан келді. Сондықтан ешқашан ақшасыз қалған емеспін.

Бұл менің айналама қарап түйген ойым. Ал негізінде статистика бойынша, махаббатпен емес есеппен қосылған ерлі-зайыптылар сирек ажырасады екен.Себебі олар өз болашақтарын жоспарлай білген. Есеп деген тек ақша емес.

Мінездерінің үйлесімділігі, мамандықтары, ұстанымдары мен көзқарастары. Сондықтан, менің және болашақ балаларымның «жағдайын жасаймын, бірақ екінші немесе үшінші әйелім боласың ба?» дейтін азамат кездесіп жатса ұсынысын қабыл аламын. Бұдан ешқандай да жамандық көрмесім анық.
Просмотров материала: 2 349

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 212 260 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 211 929 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 211 425 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 211 464 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 211 836 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 303 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 334 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 646 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 294 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 371 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 555 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 744 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 823 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 518 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 394 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 241 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 627 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 359 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 760 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 566 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 402 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 247 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 103 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 444 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 328 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 808 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 048 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 158 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 396 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 783 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 137 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 075 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 210 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 152 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 373 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 524 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31