8 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ИМАМДАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ЖАРИЯ БОЛДЫ

04 август 2017, 11:29
ИМАМДАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ЖАРИЯ БОЛДЫ Қазақ жастарының шетелге барып, өз беттерінше діни білім алуы қауіпті! Дін істері министрі бүгін осындай ескерту жасады. Өйткені, жолдамасыз түрлі демеушілердің көмегімен шекара асып, араб тілін үйренуге кеткендердің көбі жат ағымның жетегінде жүр дейді Нұрлан Ермекбаев. Сондықтан, министр ата-аналардан ұл-қыздарына барынша сақ болуын сұрап отыр. Сондай-ақ, елімізде қажылыққа барудың тәртібі де өзгермекші. Яғни, діни туризмді ұйымдастырушы компанияларға талап қатаяды. Ал ауыл-аймақтардағы имамдардың жалақысын көтермек, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Мысырға араб тілін үйренуге кетіп, абақтыдан бір-ақ шыққан 6 студентке қатысты оқиғадан кейін Дін істері министрінен де маза кеткен көрінеді. Бүгін Нұрлан Ермекбаев ел азаматтарына, әсіресе жастарға министрліктің жолдамасынсыз шетел асып, діни білім алу аса қауіпті деп дабыл қақты.

Тіпті министр демеушілердің көмегімен діни курс тәмамдағандарды Діни басқармаға қарасты мекемелер мен мешіттер мүлдем жұмысқа қабылдамайтынын да ескертті. Өйткені, араб тілін оқу үшін шетелге кеткендердің көбі жат ағымды насихаттаушылардың уысына түсіп қалады екен. Ал ондай студенттер елімізге оралған соң қоғамдағы діни ахуалға үлкен қауіп төндіреді.

"Абырой болғанда Мысырдағы студенттердің мәселесі жеңіл шешілді. Жалпы, өз беттерінше шетелге сауат ашуға кеткен жастар радикалды дінді уағыздаушыларға жиі алданады. Сондықтан, ата-аналар балаларға дұрыс бағыт, тәрбие берсе",- деді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Министрліктің мәліметінше, қазір шетелде үш жүз азамат ресми түрде діни білім алуда. Жалпы, Ермекбаевтың алаңдауына негіз бар. Қазір шалғайдағы кейбір елді-мекендерде діни жағдай ушығып тұр. Ал экстремистік топ мүшелері шоғырланған аймақтарда жұмыс істейтін теологтар жоқтың қасы. Ол жерлеге жоғары білімді имамдар бармайды. Өйткені, ауылдардағы мешіттерде жалақы өте төмен.

Имамдардың жалақысы тікелей садақа жәшіктеріне түскен қаражатқа байланысты болады. Мысалыға, кейбір ауылдарда мешіттерде имамдардың жалақысы 20 мың теңге. Осындай аз жалақы оның үстіне ол тұрақсыз болған жағдайда имамдар қауіпсіздікті қорғайтын күнделікті міндететрін толық шеше алмайды.

Яғни, онсыз да сауаты таяз имамдардың жұртқа түзу жол көрсетіп, уағыз айтуға шамасы жетпейді. Ондай молдалардың өздері жат ағымды ұсытанушылар мен қылмыстық топтарға тәуелді болуы мүмкін дейді министр. Енді тәжірибелі имамдарды ауыл-аймаққа тарту үшін қайырымдылық қор құрып, жалақыны көтермек. Сондай-ақ, елімізде қажылыққа бару тәртібі де өзгереді. Министрлік діни туризмді ұйымдастырушы мекемелерге жаңа талаптар әзірлеп жатыр.

"Діни туризмді ұйымдастырушы компаниялар қажылық парызын өтеуге ниететнген адамның денсаулығына, қауіпсіздігіне жауап беріп, діни арандатушылардың ықпалынан қорғауы тиіс. Өйткені қазір Сауд Арабиясының билігі экстремизм, радикализммен қатаң күрес жүргізуде",-деді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Енді қажылыққа аттанған азаматтар әлемнің 8 елінде түрлі инфекцияға қарсы екпе салдыруына болады. Бұл да Сауд Арабиясының талабы.

Бұдан бөлек, Ермекбаев елімізде қайырымдылық іс жасаймын деп жөнсіз мешіт салуды да тоқтатуды ұсынды. Себебі, көптеген жаңа мешіт-медреселерге адам аяқ баспайды, бос тұр. Сондықтан министр қалталыларға мешіттің орнына қоғамға қажетті - жол, көпір, мектеп, арухана слауға кеңес берді.
Просмотров материала: 2 100

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 212 259 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 211 928 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 211 424 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 211 463 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 211 835 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 303 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 334 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 646 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 294 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 371 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 555 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 744 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 823 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 518 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 394 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 241 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 627 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 359 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 760 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 566 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 402 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 247 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 103 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 444 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 328 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 808 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 048 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 158 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 396 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 783 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 137 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 075 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 210 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 152 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 373 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 524 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31