12 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БІР ЖАСАР БАЛАНЫҢ БАСЫНА ҚУРАҒАН АҒАШ ҚҰЛАП МЕРТ БОЛДЫ

БІР ЖАСАР БАЛАНЫҢ БАСЫНА ҚУРАҒАН АҒАШ ҚҰЛАП МЕРТ БОЛДЫ Кәрі ағаш сәбидің өліміне себеп болды! Алматы облысында кепкен талдың бұтағы 1 жасар баланың үстіне құлап кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қарағаш анасының қолында келе жатқан нәрестенің тура басына түсіпті. Салдарынан, ол бірден есінен танып, ауруханадағы жан сақтау бөлімінде шетінеген. Қара жамылған ата-ана ақ халаттыларды да, жасыл желекке жауаптыларды да кінәлап отыр. Айтуларынша, ауруханада бір дәрігерді 4 сағат күткендіктен, баланың жағдайы нашарлап кеткен. Ал ағаш кескіштер өз жұмысына немқұрайлы қарамағанда мұндай болмас па еді дейді олар.

Қайғылы оқиға өткен сейсенбіде болған. Ал, 1 жасар бүлдіршіннің өліміне мына кәрі ағаш себеп болыпты. Баласын көтерген ана осы маңнан өтіп бара жатқан кезде, жоғарыдан талдың бұтағы құлаған. Әрі ол әдейі көздегендей, баланың басына түсіпті.

Сол күні Қайрат пен Әйгерім кешкі серуеннен қайтып келе жатыпты. Ал оқыс жағдай үйіне санаулы қадам қалғанда болған.

"Бұтақтың ұзындығы 1 метрдей и жуандығы мынадай. Ана бұтақ құласа ол не то что 1 жастағы бала, ол үлкен адамның өзін өлтіріп тастайды. Қалай құласа да, жанымен, тік құласа да",-дейді сәбидің әкесі Қайрат Ғабиден.

Содан сәби дауыс шығармастан, талып қалған. Ал абдырап қалған ата-ана жақын жердегі дәріханаға барып, көмек сұрапты.

"Ата-анасы маған жүгіріп келді. Балаға қарасам, қозғалмай жатыр екен. Өзім көмектесе алмасымды білдім. Сөйтіп, далада тұрған бейтаныс жігіттердің көлігіне отырғызып, ауруханаға жібердім",-дейді куәгер Анастасия Анушкевич.

Сөйтіп, 1 жасар Аңсар жан сақтау бөліміне түскен. Тек нейрохирургті тым ұзақ күтуге тура келіпті. Қамкөңіл ана ол дер кезінде келгенде, балам аман қалар ма еді деп отыр.

Ақыры талдың бұтағы басына құлаған баланың жағдайы нашарлап, ауруханада көз жұмған. Ал дәрігерлер қолдан келгенімізді жасадық деп отыр. Бірақ Аңсар Ғабиденнің жарақаты тым ауыр болған.

Ал Қаскелеңдегі кәрі ағаштарды жеке компания бақылайды екен. Бұған дейін өз ісіне немқұрайды қараған олар бүгін Аңсардың өмірін жалмаған талды кесіп кетті. Тек жауапты компания жағдайға жұрттың өзін кінәлайды. Өйткені тұрғындар алдымен әкімдікке қураған ағашты кесу туралы өтініш жазуы керек екен.

Әрі ағаш кесушілер бұл жұмысқа биыл ақша тым аз бөлінген дейді. Тіпті, әкімдік берген 1 миллион 700 мың теңге бітіп те қалған. Ал Қаскелеңде қурап, түбі кепкен ағаштар әлі де көп. Бір күні олардың да құлап, тағы біреуді мерт қылмасына еш кепілдік жоқ. Ал,тәртіп сақшылары 1 жасар баланың өлімін «жазатайым оқиға» ретінде тіркеп, қазір тексеру жүргізіп жатыр.
Просмотров материала: 3 098

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 226 498 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 226 193 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 225 696 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 225 744 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 226 098 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 066 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 086 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 430 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 137 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 152 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 353 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 957 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 088 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 702 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 583 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 641 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 821 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 577 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 993 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 767 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 583 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 434 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 275 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 647 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 511 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 011 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 450 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 329 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 563 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 963 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 310 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 246 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 388 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 325 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 586 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 700 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30