19 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АР-ҰЯТТАН СЫЙЛЫҚ БАСЫМ ТҮСКЕН

31 июль 2017, 13:11
АР-ҰЯТТАН СЫЙЛЫҚ БАСЫМ ТҮСКЕН Ей, адам, сақтап қалшы иманыңды, – депті ғұлама шайыр Әбубәкір Кердері. Қазақ Әбубәкір солай дегенде француз Ги де Мопассан «Алдағы заман алаяқтардікі» («Будущее принадлежит прейдохам») депті. Қос данышпанның бұл айтқандары бүгінгі адамдардың материалдық байлыққа құнығып, сол үшін қандай келеңсіздікке баратыны туралы ғана болса үндемей-ақ жүре берер едік қой. Бірақ олар айтқан бұл кесел адам баласының басқа жануарлар атаулыдан ең басты айырмашылығы рухани жан-дүниесін де жайлап бара жатқанын шыққыр көзіміз көрудей-ақ көріп отыр.

Иә, адамның рухани қазынасының ең басты да қасиетті нышаны – қашан да әдебиет болып келген еді. Күлтіл-бүлтілсіз ақиқатын айтар болсақ, бүгінгі жас қаламгерден бастап әлдеқашан қырықтың қырқасына шығып, елудің еңсесіне мінгендердің істеп жүрген істеріне, әдебиетті күнкөріске, өтірік атақ-даңқ алу құралы ретінде пайдалану үшін жасап жүрген әрекет, тірліктеріне қарап-ақ әлгінде Ә.Кердері айтқан «имансыздықтың», Мопассан айтқан алаяқтықтың небір озық үлгілерін көргендей боласыз.

Біреулер баж етсе баж ете берсін, бірақ бүгінгі қазақ әдебиеті әбден құлдырағаны рас. Сынның жоқтығын, сын айтқан адамды бүргеше талайтындар бар екенін, ешқандай көркемдік талапқа сай келмейтін кітапты ақшамен шығарып жазушы атанып жатқандарды, кім көрінген Жазушылар Одағына мүшелікке қабылданатынын айтпағанда топтасып алып бірін-бірі мақтайтындар үлкен күшке айналғанының өзі, сол топтар бірігіп алып өлеңдері өте қарадүрсін, жасанды, өтірік, пафосқа толы біреулерден керемет ақын жасайтынының өзі-ақ бүгінгі қазақ әдебиетінің (әсіресе поэзияның) құлдырауына басты себеп болып отыр.

Ондайлар әлдебір жерден ақшаның көзін тауып өз тобындағы адамдардың шығарма деуге келмейтін бірнәрселерін шет ел тілінде шығарады да әлгі авторсымақтар менің кітабым ана тілде, мына тілде шықты деп теледидардан, баспасөзден аузы көпіре сөйлеп отырады. Әдетте, дарынсыз, талантсыз, әрі қарабайыр надан адамдар осылай жұрт алдына жиі шығады қолын сермелеп өлең оқиды. Сосын оларды тілеулестері, туыстастары, бірге жүріп, бірге тұратын достары одан әрі мақтайды.

Ол үшін «Фейсбук», «Әдебиет» порталы деп аталатын портал, «Қазақ әдебиетінің» газетінің есігі әрдайым ашық. Ал, «Әдебиет» порталы деп аталатынды басқарып отырған адамның өзінің әдебиеттен хабардарлығы қанша екенін қайдам, бірақ оның жазғанына, сөйлем құрағанына, айтып отырған ойына қарағаннан-ақ көңіліңе кірбің түседі. Жас буын, орта буын осымен тұра тұрсын.

Әбубәкір Кердері мен Мопассанның нағыз әулие екеніне бүгінгі аға буын қатарына әлдеқашан ілігіп, ақсақал атанып та жүрген бір топ қаламгер өздерін «Франц Кафка сыйлығының лауреатымыз» деп дүниені дүрліктіргеннен бері көзіміз жеткендей болды. Осыдан бірер жыл бұрын «Қазақ әдебиеті» газетінде ерлі-зайыпты Әкім Тарази мен Роза Мұқанова әлем әдебиетіне қосқан үлесі үшін Ф. Кафка атындағы сыйлықты алды деген хабар шыққанда «е-е, әлем әдебиеті де жетер жеріне жеткен екен» деп күліп едік. Өйткені, бұл екі жазушының да суреткерлік шеберлігін әлемдік деңгейдегі шығармалармен салыстыру қиынға соғарынан біраз хабардар болатынбыз.

Иә, әдетте сыйлық және медаль дегеніміз екеуі екі нәрсе екені белгілі. Отандық та, шетелдік те әдебиеттің білгірі, сыншы Амангелді Кеңшілікұлы Әкім Тарази мен Роза Мұқанованың алғаны ешқандай да Кафка атындағы сыйлық емес медаль дегені үшін Роза ханым Амангелдіні «қызғанып, қызылкеңірдек болғанына» таңдандым, дей келіп, әлдебір өткен күндердегі уақиғаны қопарып «Неғылған арсыздық» дегенге шейін барыпты. Әдеби орта білетін Амангелді Кафка сыйлығын Әкім ақсақал мен Роза ханымнан қызғанатындай олармен бәсекеге түскен жоқ еді.

Екіншіден, Роза ханым алып бара жатқан талант иесі болмаса да қаламгер-әйел деген аты бар болғандықтан есік алдындағы қазан-ошақ, қора-қопсының айналасындағы төмен етек кейбір қатын-қалаштарша бас салып бұлай тулауы өте орынсыз. Ерсілік дегенді қойсаңшы, Рекең Халықаралық Франц Кафка сыйлығын алған тұңғыш қазақ қызы атандым дейді. Бұл енді адамның өзіне-өзі атақ беруі ме, әлде мен сондаймын деп әруақ шақыру ма ол жағын білмейміз.

Бірақ Әкім ақсақал (Кафка сыйлығын алған алғашқы ақсақал деген ат беремізбе, қайтеміз?) мен Роза ханымның алғаны ешқандай да сыйлық емес. Ол – медаль. Оны түсіндірмес бұрын Розаның мына сөйлеміне қараңыз: «Егер Амангелді сыйлық атаулыны зерттейтін маман иесі болса..»,-дейді ол. «Мамандық иесі» дегенді дұрыс айта алмай «маман иесі» деп отырған адамды жазушы деудің өзі де қиындау емес пе?

Иә, Ф.Кафка атындағы сыйлық пен медаль екеуі екі нәрсе. Роза айтқандай «маман иесі» болмасақ та оны зерттеп көрдік. Сөйтсек, Ф.Кафка атындағы Алтын медаль және Ф.Кафка атындағы кіші медаль деген болады екен. Ол марапатты беруге «АРІА» деп аталатын әдебиетшілер мен журналистердің халықаралық Одағы деген бар. Өзіне «Кафка атындағы сыйлықты алған алғашқы қазақ» деп ат қойып алған Роза Мұқанова оның қайсысын алғанын өзі біледі.

Бұл екі медальді да академик Д. Кудыков басқаратын «Арнаулы номинациялық комиссия» екшеуден, талқылаудан өткізіп барып көрнекті әдебиетшілерге, журналистерге, өнер шеберлеріне, мәдениет қайраткерлері мен көрнекті меценаттарға береді. Осы «APIA» Одағы медаль иегері болғандарға оны салтанатты түрде тапсыру сәтінде «АРІА» баспасынан кітабын шығаруға сертификат береді.

Бұл ұйым комиссиясы іріктеп ұсынған материалдар сосын Прагаға жөнелтіліп, онда Ф.Кафка атындағы Алтын медальмен марапаттау бойынша халықаралық комитет дегенге жіберіледі. Ал біздің медалистер оны бізге «Халықаралық тәуелсіз сарапшылар» берді дейді. Олар кімдер? Мұның аржағында нендей құпия жатыр? Біз осы «АРІА» берген Ф. Кафка медалі иегерлерінің тізімін де қарап шықтық, бірақ олардың арасынан Әкім Тарази, Роза Мұқанова, Асқар Алтай, Немат Келімбетов, Шөмішбай Сариев деген кісі есімдерін көре алмадық.

Адамның парық-парасаттылығы бір ауыз сөзінен-ақ көрініп қалады. Көрнекті жазушы Төлен Әбдіков осы дау-шарға байланысты, «бұл медаль әдеби сыйлыққа жата ма, жоқ па десеңіз, әдеби сыйлықтардың жанында қаржысы болады. Ал бұл медальға ешқандай ақша қосып берілмейді»-деп тайға таңба басқандай ақиқатты айтып беріпті. Оны біз де тексеріп көрдік.

Сөйтсек, Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлықты Чехияның Франц Кафка Қоғамы деп аталатын қоғам мен Прага қалалық әкімшілігі бірлесіп береді екен. Және ол халықаралық деген аты бар «Алаш» сыйлығын шүлен таратқандай дорба-дорбасымен бірден 40-тан астам адамға таратып беретін Қазақстан Жазушылар Одағына ұқсап емес, жылына бір адамға ғана (әр саладан) береді екен.

Төлен Әбдіктің сөзінің жөні бар. Бұл сыйлықтың иегеріне 10000 АҚШ доллары және Кафканың қола мүсіні қосып тапсырылатын көрінеді. Оны әйгілі чех жазушы-драматургі Вацлав Гавель 2010 жылы алыпты. Одан кейін 2011 жылы Дж.Бэнвилл, 2012 жылы Д.Тодрова, 2013 жылы – Амос Оз, 2014 жылы Я.Лянько, 2015 жылы Э.Мендоса және өткен 2016 жылы Кл.Магрис алған. Бұл тізімнен де не Әкім ақсақалдың, не Роза ханымның, не Асқар, Алтай мен Шөмішбай Сариев дегендердің аты-жөнін қанша іздесек те таппадық.

Иә, әңгімеміздің басында қазіргі әдебиетіміздің қазір қандай күйге түскеніне бір-екі-ақ ауыз сөз айттық. Ертең сол үшінде бізді жерден алып, жерге салатындар шығатынын да білеміз.

Қайталап айтайық, қазір екінің бірі ақшасын төлеп кітабын шетелде шығарады да теледидардан, баспасөзден менің кітабым, өлеңдерім пәлен елдің тілінде шықты деп ісіп-кеуіп отырғанын көретін болдық. Жөні түзу сөйлем құрай алмайтындар бірін-бірі мақтап, сіз данышпансыз, сіз ұлы ақынсыз деп теледидарды, интернетті азан-қазан қылады. Қолына интернет сайт түскен өлеңі шикілі-пісілі біреулер жыр жинақтарға алғысөз жазатын болды.

Міне, әдеби сынның, ашық талқыға салып пікірталас өткізу дегеннің бәрі әлдеқашан жойылып, әдебиетке үш қайнаса сорпасы қосылмайтындар пәлен деген фестивальдің, пәлен деген бәйгенің жеңімпазы атануынан, бірін-бірі тамыр-таныстықпен өтірік мақтаудың кесірінен біздің әдебиетіміз қазір осындай күйге түсті. Ал әдебиеті мұндай күйге түскен елдің көсегесі көгеріп кетуі... Әй, қиын-ау!

Мырзан КЕНЖЕБАЙ, ақын

Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 2 176

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 336 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 157 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 161 791 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 161 831 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 122 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 544 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 686 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 896 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 739 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 919 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 705 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 514 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 159 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 018 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 837 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 005 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 120 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 788 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 164 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 894 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 902 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 739 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 580 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 836 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 784 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 291 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 737 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 614 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 877 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 207 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 617 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 593 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 629 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 583 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 817 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 956 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031