11 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



САҒАДИЕВ ЕЛБАСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫНА ҚАРСЫ МА?

28 июль 2017, 14:47
САҒАДИЕВ ЕЛБАСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫНА ҚАРСЫ МА? Біздегі басы даудан арылмаған министрдің бірі болса, ол Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Министр болып келгеннен бастап қоғамның қарсылығына ұшыраумен келеді. Оның себебі министрдің ұлт болашағына деген жауапкершіліксіздігінен болса керекті. Бірақ, біздің минсистрді қоғамның пікірі қызықтырмайды да. Біздің пікірімізге қызықпайтын министр енді Елбасының сөзіне де қарсы келе бастаған сияқты.

Астанада жақында Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өткені естеріңізде. Құрылтайда Елбасы шеттегі қазаққа деген ықылас-пейілін білдіріп, Қазақ Елінен білім алғысы келетін жастарға мүмкіндік жасауды айта келіп: «Сонымен қатар, жастарға қолдау көрсету қажет. Үкіметке отандастарымыздың жоғары білім алуын қолжетімді ету үшін оларға бөлінген квотаны 2 есе көбейтуді тапсырамын. Үкімет шетелдегі қандастарымыздың ана тілінде білім алу мүмкіндіктерін қарастыруы керек» деп үкіметке нақты тапсырма берген еді. Үкімет болса, Елбасы тапсырмасын құрылтай өткен залда қалдырып кеткен сияқты. Егер, Елбасының тапсырмасын орындаған болса, біздің жоғарғы оқу орындарымыз магистратура мен докторантураға үміткер қандастарымызды «Шетел азаматтарына грант жоқ» деп қайтармас еді.

Екі-үш күннен бері жоғарғы оқу орындары магистратура бөлімінде білім алғысы келген талапкерлерді «шетелден келген қандастарымызға грант жоқ» деп құжаттары қабылдамай, тек бірден ақылы бөлімге құжаттарын өткізуге кеңес беріп жатқанын естідік. Сондай талапкерлердің бірі Лаулат Жеңісбек атты қандасымыз: «Қытайдың Бижиңдегі Ауыл Шаруашылық университетінен бакалавр бітіріп келіп, Астанадағы Сәкен Сейфулин атындағы агротехникалық университетінен мамандығым бойынша жалғасты оқиын деп едім.

Басында университеттің қабылдау комиссиясы құжаттарымызды қабылдамай, шетел азаматтары тек ақылы бөлімге құжат өткізе алатын туралы өткен жылғы қаулы бар екенін, қазір құжат қабылдай алмайтындығын, министрлік жаңа қаулы берсе ғана қабылдай алатынын айттып күте тұруды айтқан еді. Бірақ, әлі жаңа қаулы қабылданбапты.

Ауыл шаруашылық университеті құжатымызды қабылдаған жоқ» деп хабарласып, Сәкен Сейфулин атындағы агротехникалық университетінің қабылдау комиссясының мүшесі Жазира Мейрамханова деген кісінің нөмірін берді. Аталған комиссия мүшесіне телефон шалып сұрап едім, Жазира Мейрамханова ханым «Шетел азаматтарына грант жоқ, құжаттарын қабылдай алмаймыз. Нақты себебін Білім және ғылым министрлігінен сұраңыз» деп қысқа қайырды.

Бұл мәселе төңірегінде Алматыдағы университеттерге де кіріп шыққан болатынбыз. Бірнеше қандасымыз, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің де «Магистратура мен докторантурада оралмандарға білім гранты» жоқ деп жатыр деп хабарласушылар болған еді. Талапкерлер хабарласқаннан кейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заңгері Бахытжан Сапаров мырзадан барып мән-жайды ұғысқан едік.

Бақытжан Сапаров: «Біздің қолымызда Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысы бар. Бұл қаулығы ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 қаулысы арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Мұнда: «Магистратурада, докторантурада және резидентурада шетелдіктерді оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады.

Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады» деген ереже бар. Бірақ, биылға дейін бұған қарамай грант беріп келдік. Биыл осы ережеге сүйеніп, шетел азматтарына грант жоқ дегенбіз. Бүгін талапкерлердің өтініштеріне байланысты университет басшылары ақылдасып, шеттен келген ағайындардың құжаттарын қабылдайтын болып шештік.

Бірақ, білім және ғылым министрлігі мен үкіметке осы ережеге қосымша енгізуге, шетел азаматтары деген жерге қандастарымыздан басқа дегенді енгізуге бәріңіз күш салсаңыздар болар еді. Бұл ережені біз жасап алғандай, біз жаман атты болады екенбіз» деп ойын ашық айтты.

Үкіметтің бір қаулысы, екі университетте екі түрлі қабылдау. Шын айтқанда Қазақ Ұлттық университеті ағайындық танытып отыр. Олар да қашанғы ағайындық таныта бермек. Ал Астанадағы агротехникалық университетінен білім алғысы келген жастарымыз осы бір қаулының кеселінен далада қалып отыр. Егер білім және ғылым министрі Сағадиев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына қарсы шыққысы келмесе, үкіметтің осы қаулысына өзгерту енгізсін. Магистратура мен докторантурада білім алғысы келетін шетел азаматы болып табылатын қандастарымызға кедергі жасамауы керек.

Қазіргі кезде шетелдегі қандастарымыздың жағдайы белгілі. Әсіресе, қытайдағы қазақтардың қытай үкіметінен көріп жатқан қысымы күннен күнге артуда. Ол жақтағы ағайынға қолымыздан басқа көмек келмесе де, осынддағы келгендерінің кеудесінен кері итеруге қақымыз жоқ. Министр Сағадиев арман қуып келген қазақ баласын кері қайтарамай, кертартпа қаулыны тезірек түзесін деп талап етеміз.

Бұның бәрін тек Білім және Ғылым министрі Сағадиевтың ғана әдірісіне арнамаймын. Үкіметке Бақытжан Сағынтаев келгенде де қазақ қоғамы қуанған еді. Ендеше, Сағадиев саған айтам, Сағынтаев сен тыңда. Президенттің тапсырмас мен қазақтың үмітін жерге таптамаңыздар.

Тұрдыбек ҚҰРМЕТХАН

Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 2 241

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 735 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 419 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 918 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 954 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 325 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 800 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 834 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 166 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 846 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 876 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 081 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 869 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 001 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 632 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 509 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 527 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 749 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 503 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 900 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 697 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 510 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 355 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 199 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 567 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 444 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 932 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 356 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 259 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 495 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 895 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 238 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 184 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 327 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 259 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 502 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 638 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031