15 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



МАМАНДАР ПЕДОФИЛДІ АНЫҚТАУДЫҢ ЖОЛДАРЫН ТАПТЫ

27 июль 2017, 16:07
МАМАНДАР ПЕДОФИЛДІ АНЫҚТАУДЫҢ ЖОЛДАРЫН ТАПТЫ Жақында 5 жастағы қыз жоғалып кетіп, ол педофилдің пәтерінен табылған. Қарағандылық 50 жастағы ер адамды құқыққорғау органдары қызметкерлерінің тергеуі әлеуметтік желіге таралып кетті. Видеода ол 5 жастағы баланы қалай алдап пәтерені кіргізіп, зорлағанын айтып берді.

«Мен қызды кездестіріп қалдым. Оған кәмпит пен шырын сатып алып бердім. Оларды үйде ішіп, жеуді ұсындым. Қыз келісті» деді ұсталған ер адам.

50 жастағы Қарағанды тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл Қазақстанда бала зорлау бойынша тіркелген алғашқы да, өкінішке орай соңғы қылмыстық іс емес. Әлем бойынша, әр 2 минутта бір бала зорланады. Ал 18-ге толмаған әр үшінші қыз жыныстық бопсалаудың құрбаны болады. Осындай статистиканы көріп тек Қазақстанда ғана емес әлем бойынша жағдайдың мүшкіл екенін байқаймыз.

Мамандардың айтуынша, бейкүнә балаларға жыныстық қорлық көрсететін адамдардың көбі өздері де кішкентай кезінде зорлықты бастан өткергендер.

Кейбірінде психикалық ауытқушылық болады. Депрессияда жүріп, рухани дертінен арыла алмай жүргендер де осындай пасық қадамға барады. Педофилдердің арасында гомосексуалистер де өте көп кездеседі екен. Ал педофил әйелдер құрбан ретінде қыздарға қарағанда ұлдарды көп таңдайды.

Статистика бойынша, балаларды зорлағандардың 30% отбасының бір мүшесі болады. Оның ішінде өгей әкесі, атасы, ағасы және т.б.

Ал 16% отбасы мүшесі емес. Бірақ өз құрбанын жақсы таниды. Отбасымен тығыз араласып, көп жылдар бойы балаға қамқорлық танытып, отбасының сеніміне кіргендер.

Ондайлар айлар бойы кейде жылды жылға соғып бала мен оның әке-шешісінің сеніміне кіру үшін өзін тек жақсы қырынан көрсетуге тырысады. Баланы қыдыртып, киім алып беріп баламен жеке қалу үшін түрлі айлаға барады. Көбі баланың оған толық сенім артпағанына көзі жетпегенше өзінің арам әрекетін жасамайды.

Педофилдер жаныңда жүр...


Мамандардың айтуынша, педофилдер әдетте үйінде ата-ана махаббаты мен жылулығын жеткілікті деңгейде көре алмай жүрген, эмоционалды қолдауға зәру балаларды таңдайды.

Ал кейбірі назарын толық емес отбасына аударады. Себебі онда көбіне балаға деген толық бақылау болмайды. Педофилдер анасы немесе әкесі жұмыс істеп жатқан уақытта баласына қарайтынын айтып, қамқор адам ретінде көрінгісі келеді.

Сондай жақын таныстардың немесе отбасы мүшесінің баланы қорқытып, үркітіп бірнеше уақыт бойы оны зорлап жүрген жағдайлар да жиі болып тұрады. Балалар психологы Оксана Чолак мұндай кезде баланың зорлық көріп жүргенін анықтау үшін баланың ойынына жіті мән беруге кеңес береді.

«Кішкентай балалар бастан өткергенін, іс жүзінде басқа адамдарға немесе ойнағанда ойыншықтарға қайталайды. Оның бойында агрессия, шамадан тыс қорқыныш пайда болса дабыл қағу керек» дейді Оксана Чолак.

Психолог педофилдердің көптеген құйтырқы айланы пайдаланатынын айтады. Мәселен, құпия сақтау ойыны. Себебі бала табиғатынан құпия айтуды, тыңдауды жақсы көреді. Құпия - ересектік өмірге бір табан жақындатқандай көрінеді оларға. Сондықтан құпия аймаласу, махаббат ойыны, сүйісу және т.б айланы ойлап тауып оны екеуіміздің құпиямыз деп әбден санасына сіңіреді.

Мамандар мұндай кезде баламен эмоционалды түрде барынша жақын болуға кеңес береді. Ол сізден ештеңені жасырмай, барлығын ашық айтып бере алатындай сенімді қарым-қатынас орнату қажет.

Балаңызға біреу өз ата-анасынан құпия сақтап, айтпауы керек екенін өтінсе, яғни ол адамның жаман екенін және ол мұны ата-ана ұрысатындықтан жасыруын сұрап отырған жоқ екенін түсіндіріңіз.

Балаңызбен көп уақыт өткізуге тырысыңыз.

Оның бос уақытта немен айланысатынын үнемі сұрастырып отырыңыз.

Ал мектеп жасына дейінгі балаларға бейтаныс адамдармен қалай сөйлесіп, олардан қандай қауіп келу мүмкін екенін ертегі түрінде жеткізу қажет.

«Кез келген ата-ана қайғының алдын алғысы келетіндігі орынды. Сондықтан, оқыс оқиғалар кезінде оның өзін қалай ұстап, қандай әрекет жасау қажеттігін ертегі арқылы түсіндіру керек. Мәселен, кішкентай қоянға белгісіз аю жақындағанда, ол дереу қашып кетті. Себебі, оның анасы оған танымайтын жандармен мүлде сөйлеспеуді үйретті деген секілді. Бала өзін сол қоянның кейпінде сезінеді. Бұл оның әлемге деген кіршіксіз көзқарасын кірлетпеуге және психикасына зақым келтірмеу үшін қажет. Ал қиын жағдайға тап болғанда, бастан өткергені туралы есте қалған сәтті басқа жарқын істермен алмастыруға тырысу керек. Бірақ, өкінішке орай бала ешқашан бұрыңғыдай бола алмайды» дейді балалар психологы Оксана Чолак.

Педофилді қалай тануға болады?

Ересек адам түгілі кішкентай балаларға сексуалды негізде зорлық көрсетушілер көбейген заманда балаға сақ болу керек екені анық. Қауіпсіздік шараларын қолдану керек. Күнделікті араласып-құраласып жүрген көршің немесе үйге келіп жүрген жақының сондай әрекетке баруы мүмкін болса, жағдай тіптен нашар. Баланы сыртқы қауіпті факторлар мен адамдардан қорғау үшін педофилді оның педофил екенін анықтай алу керек. Мұның оңайға соқпайтыны анық. Себебі педофилдер басқа адамдар секілді күледі, қалжыңдасады, жұмыс істейді, оқиды т.б. Десек те, психологтар оларды анықтаудың басты қағидалары бар екенін айтады.

Олар:

Педофилдер ересектерге онша мән бермесе де, кішкентай балаларға ерекше қызығушылық танытады. Олар балаларды үлкен адам секілді қабылдайды. Мәселен, сіз ересек адамға қандай қарым-қатынас жасасаңыз олар да балалармен солай сөйлесуі мүмкін.

Педофилдер әдетте барлық баланы жақсы көретінін және өздерін әлі күнге дейін бала секілді сезінетіндерін айтады.

Педофил тек егде жастағы адам емес, 20-дан сәл ғана асқан жап-жас жігітте, әйел де болуы мүмкін. Соңғысы көп кездесе бермейді.

Сақтық шаралары

Мамандар баланы жақын таныс емес адамдармен тастамауға кеңес береді. Тіпті туыс ағайындылардың өзін баламен жеке қалдырмау керектігін айтады. Себебі қазіргі заманда олардан да қауіп төнуі мүмкін.

Бала күтушіні жалдасаңыз міндетті түрде жасырын камера орнатыңыз.

Балаңызды ғаламторда кіммен сөйлесіп жүргенін қатаң бақылауда ұстаңыз. Балаңыздың желіде отырған уақыты мен сайттарын қараңыз. Себебі педофилдер баланы әлеуметтік желі арқылы да табуы мүмкін.

Балаңызға өзге адамдар оның ұятты жерлерін ұстауға болмайтынын және ондай жағдай бола қалса айқайлап, қашу керектігін үйретіп қойыңыз.

Балаларға әуестігі бар адамдар туралы жиі еститініміз өте өкінішті. Педофилия секілді ауыр науқасқа ұшыраған адамдардың әрекеті күн санап артып келеді. Бұл тұста тек құзырлы органдарға сүйеніп қана қоймай, әрбір адам бейтаныс балаға қамқорлық танытып, оның жанында кетіп бара жатқан адамға жіті мән берсе. Бейкүнә, ешқандай арамдығы мен жаман ойы жоқ бала кез келген адамға иланатыны анық қой. Оның түрлі-түсті әлемін қара күйемен былғамау әрбір ересектің міндеті. Періштедей пәк баланың психикасын бұзып, көңіліне қаяу түсіру арқылы тұтас елдің болашағына балта шабамыз. Буыны қатпаған, өмірді енді танып келе жатқан баланы аман-есен үлкен өмірге қадам бастыру біздің, үлкендердің міндеті.

Дереккөз: kamshy.kz
Просмотров материала: 2 598

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 716 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 547 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 174 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 223 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 505 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 061 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 196 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 421 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 421 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 587 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 314 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 840 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 343 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 197 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 016 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 208 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 294 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 960 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 067 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 084 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 916 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 750 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 015 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 956 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 469 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 935 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 062 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 389 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 803 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 760 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 812 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 763 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 988 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 136 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031