15 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"ВРЕМЯ" ГАЗЕТІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІНЕ ҚАРСЫ ШЫҚТЫ

27 июль 2017, 15:21
"ВРЕМЯ" ГАЗЕТІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІНЕ ҚАРСЫ ШЫҚТЫ Ана тіліміз жайлы сөз қозғалғанда елең етпейтін жан қалмайтындығы белгілі. Өйткені Елбасымыздың өзі «Қазақ елінің болашағы қазақ тілінде» дегенде бекер айтпаған болар. Ол шындығында да солай. Ендеше болашағымыз жайлы, ертеңгі күніміз хақында ой қозғағанда қай-қайсымыз да алаңдап отырамыз. Мемлекеттік мәртебе алғанымен, әлі де сол биіктен көріне алмай жүрген тіліміздің бүгінгі хал-жағдайы «мен қазақпын» деген жанды бей-жай қалдырмайтындығы тағы да шындық. Оның жетістігіне сүйінеміз, кемшілігіне күйінеміз.

Жақында Аятжан Ахметжанның «Баласын орыс сыныптарына беретіндерге жаным ашиды» деген сараптамалық мақаласын оқып, мерейіміз өсіп, бір қуанып қалдық. Енді ше. Автордың нақты дәлел-дәйектерімен тиянақтаған тұжырымы қазіргі таңда қазақ мектептеріндегі білім сапасы орыс мектептеріне қарағанда әлдеқайда жоғары екендігін тайға таңба басқандай етіп көрсетіп береді.

Қазақ мектебінің түлектері бірыңғай ұлттық тестілеуде де орыс мектебіндегі құрдастарынан оқ бойы алда келеді екен. Олар халықаралық олимпиадада да жоғары жетістіктерге жетіп жүрген көрінеді.

Жалпы бүгінгі таңда қазақ мектебінің түлектерінің білім сапасы өте жоғары деңгейде, ал орыс сыныптарының болашағы тым бұлыңғыр. Міне сондықтан да, қай-қайсы ата-ана да бүлдіршіндерді қай мектепке беретіндігінен келгенде қатты ойланғандары дұрыс. Орыс сыныптарының бұрынғы беделі жоқ, қазіргісі қазақ сыныптарынан әлдеқайда төмен. Мақаланы оқығанда мұнымен келіспеске болмайды.

Қазақ тіліне қатысты қай мақала да қызу пікірталасқа ұласатындығы белгілі жайт. Өйткені бізде орыс тілінің пәрмені әлі де күшті. Ол тілде жазып, сөйлейтіндер мұндайда бірден өре түрегелетіндігін көріп те біліп те жүрміз. Бұл жолы да солай болды.

«Время» газетінің өткендегі санында Төлеген Байтукенов деген тілші Аятжанның айтқандарын түгелімен жоққа шығаруға тырысады. Оның келтірген дәлелдерінің бәрімен бірдей келісе қою қиын. Мәселен, қазақ мектептерінің түлектерінің тестілеуде жоғары көрсеткішке жетулері оларға берілетін сұрақтардың тым жеңілдігінде көрінеді. Мәселен, онда «Шұбат қандай сүттен дайындалады?» деген сұрақ бар екен.

Сондай-ақ Баян Есентаева мен Ермек Тұрсынов жайлы сұрақтар да дәл осындай тестіге енген. Төлегеннің бұл дәлелдері тым қисынсыз әрі шындықтан гөрі өтірікке жақындау. Айталық, шұбат жайлы малдың жайын жақсы білетін дәл қазақ баласынан сұралмағанда, тіпті сол шұбаттың не екендігін білмейтін орыс сыныбының түлегінен сұрала ма? Ал Баян Есентаева мен Ермек Тұрсыновқа келер болсақ, бұлардың екеуі де қазақ тілінен мүлдем мақұрым, мақалаларын тек орыс тілінде жазатын «мықтылар». Демек, бұлар орыс тілді аудиторияға жақын адамдар.

Егер дәл осындай сұрақтар болса, онда олардың қазақ мектептерінің түлектеріне қойылуы мүлдем түсініксіз. Мұны аз десеңіз, автордың пайымдауынша қазақ мектептерінің мұғалімдері тым ұстамсыз, қит етсе балаға қол көтеретін көрінеді. Оның үстіне биттеп кету де осы мектептерден табылады. Қысқасы, қазақ сыныптарының орыс сыныптарынан артық болмақ түгілі, оның деңгейіне жетуге ертерек.

Жарайды, пікірталасында қыза-қыза келе не демейді. Алайда автордың келтірген бір фактісіне тоқталмай өтуге болмас. Төлегеннің айтуынша, қазақ мектептері халықаралық тестілеуде орыс мектептерінен ең кемі бір жарым жыл арта қалатындығы белгілі болыпты. Бұл рас болса, құрғақ мақтампаздыққа бой ұра бермей, осынау дабыл қағарлық жағдайдан дұрыс қорытынды шығарып, кемшілікті түзеуге жедел кірісу қажет шығар. «Жауырды жаба тоқуға болмас». Өз ішімізде жақсы болғанмен, онымызды халықаралық дәрежеде дәлелдей алмай жатсақ, жаман аты кімге келеді? Әрине, өзімізге.

Төлегеннің бұл айтқандарына онша сеніңкіремей, өзге де ақпараттық көздерге зер салдық. Сөйтсек автордың пікірінің де жаны бар көрінеді. Бұған camoniter.kz сайтында келтірілген біраз жайттар куә. Онда PISA-2015 халықаралық зерттеу шеңберінде өткізілген табиғаттану-ғылыми пәндер бойынша тестілеудің қорытындысы туралы Ұлттық есеп келтірілген. Ол Білім және ғылым министрлігі мен «Ақпараттық-сараптамалық орталық» АҚ басшылығымен дайындалған. Авторлары С.Ирсалиев, А.Култуманова, Е.Сабырұлы мен М.Аманғазы делінген.

Осынау есепте келтірілген фактілер кім-кімге де ой саларлық. Егер рас болса, онда бүкіл қазақ мектептерінің бағдарламасын қайта қарау керек, ал өтірік болса, онда мұны оны әзірлеген ғалымдардың ар-ұятына қалдырдық. Дегенмен, бұл есептен қорытынды жасамасақ, кемшілігімізді жасырып, қымтап қойып отырғанымыз демеске лаж жоқ. Енді сол аталмыш есептің түйінді тұсына зар салып көрелік. Сөзімізді бұрмалады демес үшін, тұпнұсқада қалай жазылса, сол күйінде беруді жөн көрдік.

«Показатель успешности выполнения естественнонаучной части международного теста PISA-2015 казахстанскими 15-летними обучающимися составил 456 баллов. Высокие показатели компетенций данного направления демонстрируют участники Сингапура (556), Японии (538) и Эстонии (534).

В PISA-2015 Казахстан представили 3 562 15-летних участника с казахским и 2 218 с русским языками обучения. Казахстанские участники, обучающиеся на русском языке, показали более успешное выполнение теста PISA в сравнении со сверстниками с казахским языком обучения. Разница в показателях в разрезе языков обучения составляет 50 баллов. Согласно пересмотренной методике ОЭСР, разница в 30 баллов по международной шкале PISA равна одному году обучения. Таким образом, разрыв функциональных компетенций участников организаций образования с казахским и русским языками составляет более чем полтора года обучения».

Ал енді бұған Білім және ғылым министрлігі не дер екен? Жауап күтеміз.

Жайберген Болатов

qazaquni.kz
Просмотров материала: 2 836

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 715 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 546 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 173 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 222 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 504 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 061 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 196 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 421 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 421 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 587 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 314 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 840 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 343 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 197 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 016 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 208 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 294 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 960 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 067 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 084 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 916 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 750 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 015 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 956 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 469 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 935 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 062 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 389 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 803 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 760 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 812 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 763 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 988 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 136 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031