15 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



НАРЫҚ ЗАҢЫ ТІЛ САЯСАТЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?!

25 июль 2017, 11:51
НАРЫҚ ЗАҢЫ ТІЛ САЯСАТЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?! Осыдан жиырма жыл бұрын орыс тілі әлемде қолданушылығы жағынан ағылшын тілінен кейінгі екінші орындағы тіл еді. Ал қазір бірнеше сатыға сырғып кетті. Ағылшын тілі өзінің функционалдылығын жоғалта қоймады.

Қазақстан да орыс тілінің әлемде құдіреті өтіп тұрған уақытында қостілділікті қостай білді (шынын айту қажет, бұл қостілділік емес, әлдеқайда диглоссияға жақын еді), ал қазір үштілділік үлгіге (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) өтіп кетті. Бұл тек Қазақстанға ғана тән емес, бүкіл әлемге тән құбылыс әрі әлемдік тілдік тенденция еді.

Алайда ұлттық сана сезімін идеология ете алған елдер бұл құбылысқа берілмей отыр, соның өзінде де әлемдік бағыт пен жаппай жаһандану тілдік саясатқа әсер етпей отырмады, бұл мемлекеттердің де әлемдік құбылысқа санасуына тура келді. Бүгінгі әлемдік тілдік саясатта нарықтық заң жүріп тұр. Ал нарықтық заңның концепциясы белгілі: өзара тығыз қарым-қатынасты орнату. Өзара қарым-қатынасты қанағаттандыру үшін тілдік әртүрлілікті қысқартып, ірі тілдерді кеңінен тарату. Интенсивті әрі ұзақ уақытқа созылған қарым-қатынас қостілділікке, одан әрі көптілділікке алып келетіні белгілі.

Глобалдануға дейінгі кезеңде тілдік саясат мемлекет ішінен басқарылатын, ғаламдану кезеңінде тілдік саясат халықаралық деңгейде жүргізіледі. Жаһанданудың өзі әлемдік байланысты қарқынды түрде орнату, дамыту. Демек халықаралық бағыт пен бағдар мемлекет ішіндегі тілдік саясатқа тікелей әсер етіп отырады. Әрі ғылым мен білімнің, мәдениеттің дамуы қостілділікке деген қабілеттілікті арттырды.

Үндістанда жергілікті хинди тілімен қатар ағылшын тілі де мемлекеттік тілдер қатарына жатады әрі халықаралық, әрі ұлтаралық қатынас тілі болып табылады. Алайда Үндістанда ағылшын тілі уақытша ғана мемлекеттік тіл ретінде бекітілген. Егер ертеңгі күні нарықтың заң бойынша ағылшындық қатынас қысқарса ағылшын тілінен бұл мемлекет еркін бас тарта салмақ.

Сол тәрізді Чехия да неміс тілінен толық түрде бас тарқан еді. Алайда ағылшындармен тікелей қатынасқа түсіп отырған ирландықтар ағылшын тілінен бас тарта қоймады, африка мемлекеттері де француз тілінен алшақтамады, есесінде ағылшын тілінің статусын бекітіп көптілділікті тудырды. Африка француз тілінің, экс-кеңестік кеңістік орыс тілінің позициясында. Себебі бұл тілдер әлемдік нарыққа тікелей жол салып беретін делдал-тілдер еді.

Тіпті, ЕуроОдақта 23 мемлекет мүшелікте және барлық мемлекеттердің мемлекеттік тілдері бұл одақта формалды түрде қолданыс тілі (23 тіл де), алайда жұмыс тілі негізінен, ағылшын, француз, неміс, испан, итальян, поляк тілі болып табылады. Себебі Еуропа экономикасының генераторы болып отырған – Франция мен Германия. Мәселен, 1951 жылы ЕО құрылған уақытта темір мен болат өндіру арқылы Еуропаның экономикасын көтеруге әсер еткен мемлекеттердің тілдері негізгі жұмыс тілі болды: француз, неміс, итальян, нидерланд.

Әлемдік тілдік үрдіс бойынша қостілділік (билингвизм) негізгі тілдік формулаға айналды. Әлемнің 70%-і, ал Еуропаның 80%-і қостілді деп танылады. Алайда, қарап отырсақ, қуатты мемлекеттер тек біртілділік (монотілділік) саясатында ғана отыр. Мәселен, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Қытай. АҚШ-тың Конституциясында ағылшын тілі мемлекеттік тіл ретінде бекітілмеген, алайда мемлекет аумағында мемлекеттік тіл статусында ағылшын тілі және бұл әлемдік деңгейде «гиперорталықтанған тіл».

Тіпті бұл тіл жағдаятына қатысты әлемдік стереотип те қалыптасып үлгерді: экономикасы қуатты, мәдениеті артық елдер біртілді де артта қалған мешеу мемлекеттер қостілді не көптілді! Қостілділік – қалыпты, ал біртілділік – ерекшелік ретінде қаралуда! Ал ағылшын тілінің бүкіл әлемдік супертілге айналуына өткен ғасырда үлкен капитал мен финанстық қор жинап алған АҚШ-тың держава-экономикасы әсер етіп отырғаны белгілі. Бүкіл әлемдік мұнай қорының 60%-ын иеленіп отырған 22 мемлекеттен құралған арабстанның классикалық тілі исламның фундаменті болғаны былай тұрсын, АҚШ-қа әсер ете алатын экономикасымен араб тілін әлемдік тілдер қатарына қосып отыр. 12 мемлекеттен құралған МЭЕҰ-ның (ОПЕК) 7 мемлекеті дәл осы арабтық елдер.

АҚШ-пен экономикасы жағынан теңбе-тең келе алатын бір мемлекет бар, бұл – Қытай. Дәл осы тұста қытай тілінің мәртебесі туралы да айтпаса да түсінікті. Қазірдің өзінде ағылшын тілі мен қытай тілін қарсы қою (vs) үрдісі пайда болды. Бұл екі тілдің қайсысы болашақта әлемдік супертілге айналуға мүмкіндігі бар екендігі хақында айтыс-тартыстар тууда.

Қазақстан да Ресеймен экономикалық одақта отырғандықтан да Ресейдің ықпалымен орыс тілін қолдап отырмыз, оның үстіне Қазақстанның әлемдік саясаттағы көпветорлы бағыты мемлекет ішінде тағы бір тілдің синтезін алып келді, бұл – ағылшын тіл. Әлемдік рынокка шығу үшін де ағылшын тілін делдал ретінде пайдаланамыз.

Ал ағылшын тіліне деген Қазақстандық тілдік саясат өз кезегінде Қазақстанның ЕуроОдаққа деген интеграциясын қабілеттендірмек. Украина мемлекеті де соңғы бірнеше жыл бойы Еуропалық мемлекеттермен ықпалдастығын, қатынасын орнату үшін, сонымен қатар өз кезегінде ЕО-қа кіру үшін Еуропа мемлекеттері қолданып отырған тілдік плюрализм саясатына жанталаса кірісуде, ЖОО Еуростандартпен шет тілдерін оқыту үдерістерін жүргізіп жатыр. Ал өз кезегінде КСРО-ның ыдырауынан кейін Ресейлік символ орыс тілі де посткеңестік кеңістіктен ығыса бастады, Ресей билігі әсер ете алмай қалғандықтан да бұл елдер орыс тілінен бас тартуда.

Ал әлемде болып жатқан маркетингтік басқыншылық – бизнес де тілдер саясатының нарықтың заңға тәуелділігін арттырып отыр.

Тілдік саясатты да, тілдік әсер етушілік коэфициенті де мемлекеттің тікелей экономикасына байлынысты.

ҚЫМБАТ ИСЛАМБЕК

Дереккөз: Ult.kz
Просмотров материала: 2 042

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 715 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 546 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 173 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 222 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 504 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 061 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 196 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 421 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 421 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 587 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 314 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 840 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 343 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 197 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 016 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 208 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 294 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 960 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 067 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 084 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 916 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 750 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 015 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 956 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 469 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 935 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 062 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 389 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 803 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 760 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 812 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 763 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 988 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 136 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031