19 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМ НЕЛІКТЕН ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫМАЙ ТҰР?!

24 июль 2017, 13:51
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМ НЕЛІКТЕН ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫМАЙ ТҰР?! Жаз бастала салысымен еңбек демалысына шыққандардың бәрі жан-жаққа демалуға кетеді. Бірі шетел асып, жаңа ортамен танысуды жөн көрсе, енді бірі отандық туризмді дамытуға үлес қоссам дейді. Тіпті кейбірі Қазақстанда демалғаннан гөрі шетел арзан деп жатады. Енді бірі отандық туризмнің қызмет сапасына көңілі толмай жатады. Ал мұндай мәселелерді реттеуде Қазақстанға не кедергі? Бір-екі күн бұрын құрылған "Қазақ туризм" мәселелерді реттей ала ма? Бұл сұрақтарға Қазақстан туризмі үшін жұмыс істеп жүрген азаматтар жауап берді.

Статистикаға сенсек, 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанның туризміне қызыққандар қазақстандықтардың өздері болған. Яғни "іштегі" туристер санының өсімі 6 пайызды құраған. Мысалы демалушылардың көпшілігі Алматы, Алакөл, Бұқтырма, Бурабай сынды танымал демалыс орындарын таңдапты.

Тіпті Алакөлдің өзіне 2015 жылы шамамен 200 мың адам барса, 2016 жылы 300 мыңға жуық турист барған. 2017 жылдың қорытындысын енді көреміз. Ал олардан түскен қаражат қандай? Статистика комитетінің ресми парақшасында тек 2014 жылға дейінгі мәлімет бар. Сонымен комитет ұсынған мәліметке сүйенсек, 2014 жылы Қазақстанның туризм секторындағы негізгі капиталдың жалпы жинақталуы 4 млрд 810 млн теңгеден асқан. Кестеден көріп тұрғанымыздай көрсеткіш 2013 жылға қарағанда азайған.

ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМ НЕЛІКТЕН ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫМАЙ ТҰР?!


Үкімет болса 2020 жылға қарай туристік кластер бойынша 5 негізгі жоба жүзеге асырылса Жалпы ішкі өнімдегі туризмнің үлесі 3 пайызға дейін көтерілетінін болжап отыр. Яғни туристер ағыны 8,5 миллионға дейін артып, туризм саласынан түсетін табыс 10,2 млрд доллар болуы мүмкін. Бірақ бұл жай ғана болжам. Ал туризм саласындағылар не дейді?

Таулар өзін сата алмайды, оны сататын адам керек

Сонымен Қазақстанның туристік агенттіктер қауымдастығының президенті Әсел Нүркебаеваның сөзінше, Мемлекет қазақстандық туристік объектілерді сата білу керек, турагенттіктер мен туроператорларды оқытуға қаржы бөлу қажет. Сондай-ақ "Түркияда демалу Қазақстаннан арзан" деген қате пікірден арылу керек. "Ішкі туризм туроператорлар мен турагенттіктер үшін бизнес ретінде тиімсіз деген пікір қалыптасқан. Бірақ мұндай пікірді турбизнесте хабары жоқ адам айтады.

Менің болжауымша, Қазақстанда туризммен кәсіби түрде айналысатын 10-15 қана компания бар. Ескеретін нәрсе, қазақстандық туроператорлар мен агенттік директорларының ешбірі "Қазақстандағы туристік орындар тиімсіз" деп айтпайды. Яғни мәселе қадамның дұрыс жасалуында болып тұр. Мысалы кейбір турагенттіктер Алакөлдің жолы нашар болғандықтан тур сата алмайтындарын айтады. Әрине мен мұнымен келісем. Бірақ бұл Алакөлге барушыларға 100 пайызға шек қоя алмайды", - дейді Әсел Нүркебаева. Сондай-ақ, ол Бурабайға саяхаттау Түркияға барудан да арзан болатынын атап өтті. "Осы жылы қазақстандықтардың көбі демалу үшін Қазақстанды таңдап отыр.

Яғни бірден Түркия Қазақстандағы курорттардан арзан деп айтуға болмайды. Мысалы Түркияда екі адам демалса шамамен 640 мың теңге кетеді. Ал менің есебімше, Бурабайда Rixos-та 5 күн демалу үшін екі адамға 350 мың теңге жұмсалады, оған ұшақ бағасы және екі адамның тамағы кіреді. Сондықтан Түркия Қазақстаннан арзан деп айтудың қажеті жоқ», — дейді ол. Бұдан бөлек, Әсел Нүркебаева туризм саласында жұмыс істеп, түрлі саяхаттарды ұйымдастыратындарды қаржыландыру керектігін айтады.

Оның сөзінше, ұсақ дүниелерден гөрі ірі бизнеске қаржы жұмсалу керек. "Егер біз ұсақ қолөнершілерге қаржы салсақ және субсидияласақ бұдан Қазақстанның туризмі жанданбайды. Біріншіден, ірі дүниелерді қаржыландыру керек. Ірі дүниелер ол бизнес, туроператорлар. Яғни туристік салада тәжірибесі бар адамдар туризм өнімдерін сата білу керек.

Қарапайым дүниелерді сатудан бастау керек. Мысалы біздегі таулар мыңдаған жылдан бері бар, олар біздің фишкамыз. Оны пайдалана білу керек. Олар туристер келетін нысан ретінде өзін-өзі сата алмайды ғой. Оны сауатты түрде туристерге сатып, саяхат ұйымдастыра алатын адамдар қажет", - дейді ол.

Инфрақұрылым нашар

Ал Қазақстанның туристер қауымдастығының төрағасы Рашида Шайкенова мемлекет инфрақұрылымды дамыту сынды шараларды қолға алу керектігін айтады. "Транспорттық логистиканы дамыту мемлекеттің жауапкершілігінде. Бізде демалу орындарына қысқа мерзімде жетіп баруға мүмкіндік қарастырылмаған.

Біз бұл мәселені көтердік және осы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бізге жеңіл авиация керек. Біз Көлсайға тез ұшып баратындай болуымыз керек. Сондықтан транспорт логистикасын дамыту мемлекеттің мойнында. Тіпті жол сапасын да жақсарту мемлекеттің жауапкершілігіне кіреді", - дейді Рашида Шайкенова.

Сондай-ақ, ол Алматыға келетін туристер үшін турагенттіктер дұрыс жұмыс істеп отырмағанын айтады. "Жаз айында Алматы қаласына туристер көп келеді. Ал біздің фирмалар саяхаттаы тек демалыс күндеріне ғана ұйымдастырып, сол кезде ғана қала сыртына шығуға болады. Ал егер шетелдік сейсенбі күні қыдырғысы келсе ол ешқайда бара алмай қалуы мүмкін деген сөз.

Ол экотурист, яғни ақшасын үнемдейді. Ал бізде автобус жоқ. Біз Алматы қаласының әкімдігіне жазғы уақытта туристерді тасымалдайтын чартерлік автобустар керек екенін айтып келеміз, бірақ бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ", - дейді ол. Бұдан бөлек, Рашида Шайкенова аз уақыт қана бұрын құрылған "Қазақ туризм" ұлттық компаниясының осы мәселелерді шешуде және ішкі туризмді дамытуда маңызы зор екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл жоба туристік бағыттағы жарнамалардың дамуына және алға жылжуына мүмкіндік береді.

"Енді осы компанияның арқасында Қазақстанда туристік бренд қалыптасатын шығар, елдің туризм саласының халықаралық нарықта дамуы үшін жарнама жүйесімен айналысамыз. Форматты, қызмет алаңын өзгеру керек. Мұның бәрі елге туристерді тарту үшін және Қазақстанның танымалдығын арттыру мақсатында жасалып отыр", - деді ол.

Сонымен спикерлер атап өткендей, отандық туризм дамуы үшін әлі біраз жұмыстар атқарылу керек. Шешілмеген мәселе әлі де көп. Жаңа құрылған "Қазақ туризм" атқаратын жұмыстар да аз емес. Тек ұлттық компания деген атауға лайық болып, отандық туризмнің жүгін арқалаған соң абыроймен көтерсе болғаны.

Дереккөз: THE QAZAQ TIMES
Просмотров материала: 6 290

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 350 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 171 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 161 805 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 161 845 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 136 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 545 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 687 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 897 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 740 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 920 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 706 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 514 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 160 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 018 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 837 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 005 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 120 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 788 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 164 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 894 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 903 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 739 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 581 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 836 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 784 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 291 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 738 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 614 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 877 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 207 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 617 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 593 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 630 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 583 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 817 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 956 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031