26 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



1 ТАМЫЗДАН БАСТАП ЖОЛАҚЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ

20 июль 2017, 13:36
1 ТАМЫЗДАН БАСТАП ЖОЛАҚЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ Алматыда 1-ші тамыздан бастап жолақысы 150 теңгеге қымбаттайды. Бұл - қоғамдық көліктерде қолма-қол төлем жасайтындарға белгіленген құн. Ал, «Оңай» картасы бар жолаушылар бәз қалпынша 80 теңгемен қатынайды. Сондай-ақ, метроның да жол жүру құны 80 теңге болып қала бермек, деп хабарлайды BAQ.kz.

Келер айдан бастап қоғамдық көліктерде қолма-қол ақша төлейтін алматылықтар бір билетті 80 емес, 150 теңгеге сатып алатын болады. Бұл - жолаушылардың электронды төлем жүйесіне жаппай көшуіне түрткі.

Сөйтіп, жауаптылар көлеңкелі бизнеспен мықтап күресуге білек сыбанады. Нәтижесін берсе, жиналған қаржының бір бөлігін қалтасына басатын кондукторлар мен жүргізушілер айла асыра алмайды. Жаңа тариф қаладағы қоғамдық көліктердің барлығына бірдей бекітіледі. Тек, метрода ғана жол жүру құны өзгеріссіз қалады.

«Біздің ойымызша 1 тамыздан бастап дифф тариф енгізіледі. Метроның бағасы 80 теңге болады, ол көтерілмейді. Өйткені, метро автокөлік заңына келмейді. Қоғамдық кеңестен кейін біз әкімнің постановлениесін юстицияға енгіземіз. Одан кейін, юстиция оны тіркеген соң 10 күннен кейін ол күшіне енеді»,- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, Бекзат БЕКІШЕВ.

Десе де, жаңа бастама толық күшіне енуі үшін соңғы шешімді қоғамдық кеңес мүшелері қабылдайды екен. Олардың тең жартысы бір реттік төлем құнының көтерілуін құптаса, ендігілері 150 теңге халықтың қалтасына соққы деп кесіп айтты.

Бұл ретте жауаптылар қаладағы жеңілдігі бар жолаушылар бұрынғыдай арнайы карталарымен төлем жасайтынын жеткізді. Демек, 150 теңге тек «Оңай» картасы жоқ туристер мен қала қонақтары үшін бекітілетін болады.

«Дифф тариф дегеніміз 150 теңге, ол жай бір кез-келген сан. Ол 200 болуы мүмкін еді жай ынталандыру үшін. Ал, жалпы біздің есебіміз 149 жарымның ішіне кіретіні - оның ішіндегі жанармайы бар, 30 пайызы жалақы, көлік жаңартуы.

Үкіметпен бекітілген методикасы бар өзінің, сол бойынша дайындалған есеп. Әкімшіліктің ұсынысы бойынша, түскен 150 теңгеден жүргузішіні ынталандыру үшін 50 теңгесі жүргізушіге беріледі. Сонымен, оның жалақысы көтерілетін болады», - деді «Алматы қалалық жолаушыларды тасымалдау кәсіпорындарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі, Сәбит АМАНБАЕВ.

Қазіргі уақытта қалада жолаушылардың 70 пайызы қоғамдық көлікте жолақысын «Оңай» картасымен төлесе, қалғаны қолма-қол есеп айырысады екен. Бір реттік жол құны қымбаттаған соң, тасымалға жауаптылар жолаушылар ағынын нақты есепке алмақ. Әрі, көлеңкеде жатқан 6 млн теңгеге жуық қаржыны жарыққа шығармақ.

«Қазір қаладағы қоғамдық көліктерде жолақысынан күн сайын 25 млн теңге көлемінде табыс түсіп отыр. Жаз мезгілі болғандықтан, біздің студенттер, оқушылар, оларды сабаққа апаратын ата-аналары қоғамдық көлікпен жүріп жүрген жоқ.

Ал, басқа мезгілдерде күнделікті табыс 33 млн теңгеге дейін жетеді. Бірақ, бір реттік төлемді 150 теңгеге көтергенде біз көлеңкеде жатқан 25 пайыз ақшаны жарыққа шығарамыз. Осылайша, жол ақыдан түсетін күнделікті қаржы 45 млнға дейін жетеді»,- деді «Алматы қаласы көлік холдинігі» ЖШС директоры, Садир ХАМРАЕВ.

Алматы қаласы көлік холдингінің пайымдауынша, бір реттік төлем 150 теңгеге көтерілгенде "Оңай" картасын қолданушылардың қатары 98 пайызға дейін артады. Қалған 2 пайызы, қоғамдық көлікке жиі бас сұқпайтындар болмақ.

Айта кетсек, қалада "Оңай" картасымен орта есеппен күн сайын 480 мыңға жуық транзакция жүргізіледі екен. Ал, электронды карта іске қосылғалы бері бір жыл ішінде жасалған транзакция көлемі 174 млн-нан асып жығылады.
Просмотров материала: 2 068

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 205 989 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 205 629 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 205 121 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 205 179 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 205 545 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 962 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 016 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 321 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 957 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 032 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 219 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 678 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 711 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 463 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 323 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 071 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 561 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 269 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 672 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 483 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 346 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 181 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 041 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 367 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 261 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 744 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 856 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 098 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 331 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 710 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 079 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 021 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 150 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 095 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 299 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 459 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930