18 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ТАРАЗДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ПОЛИЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ ҚҰЖАТ РӘСІМДЕГЕН ҚАНДАСТАР ЕЛДЕН ҚУЫЛУЫ МҮМКІН

ТАРАЗДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ПОЛИЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ ҚҰЖАТ РӘСІМДЕГЕН ҚАНДАСТАР ЕЛДЕН ҚУЫЛУЫ МҮМКІН Тараздағы көші-қон полициясы арқылы құжат рәсімдеген қандастар енді елден қуылуы мүмкін. Өйткені әр елден ата жұртқа қоныс аударған 250 адамға берілген ықтияр хаттың екі жылдан кейін жарамсыз екені анықталған. Сондықтан бұл кісілердің енді Қазақстанда жүруі заңсыз. Осылайша құзырлы орын өкілдерінің кесірінен тығырыққа тірелген ағайын не істерін білмей, бас қатыруда,-деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алматыдан арнайы келген бұл төрт азамат төбесінен жай түскендей болды. Өйткені 2015 жылы Қытайдан көшіп келгенде, Қазақстанда жүрулері үшін төлқұжат есебінде берілген ықтияр хат жарамсыз болып қалған. Мұндай сұмдықтың беті тұрғылықты жер бойынша анықтама алу кезінде ашылған.

"Біз жина дегенді жинадық. Бер дегенін бердік. Енді беріп алып бір жылдан соң құжат жарамсыз дегендері бізге қажет емес. Мен қазақстанға азаматтық алайын деп келдім, мен Қытайға қайта кетейін деп келгенім жоқ. Азаматтық керек маған",-дейді Қанат Берікбол.

Ата жұртты аңсап келген ағайын енді екі ортада тентіреп қалды. Қазір азаматтық алмақ түгілі, Қазақстанда аяқ басып жүрудің өзі мұң. Яғни берілген құжат заңсыз деп табылған соң оның күші жойылған. Ал Қытайдан келгендердің жағдайлары тіптен қиын.

"Қытайлар қабылдамайды. Олар заң шығарып қойған: өз еркімен біздің рұқсатымызсыз азаматтық алмайсың деп. Бұлар барса төтелей олардың құрбандығы сотталу керек. Құжаттыз бір күнде жүре алмайды. Қытайға бара алмайды да, бұлардың тағдыры босқын немесе, түрме жағалаумен өтеді",-Бажигүл Қажыбекқызы.

Екі ортада «босқын» күйіне түскендердің айтуынша, қалалық көші-қон полициясы басқармасындағылар бұл мекемені бизнес орталығына айналдырып алған. Жалпы, осы құзырлы орын өкілдерінің кесірінен 250 адамның ықтияр хаты жарамсыз деп табылған. Оның көбі бұл жайында әлі естімепті. Қазір осы былыққа қатысы бар деген күдікпен қалалық көші-қон полициясы басқармасының басшысы бірнеше инспекторымен бірге қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.

"Нақты қазір ештеме айта алмаймын. Сол қызметтік тексеріс жүргізіледі. Қазіргі таңда сол заңсыз берілгендігі үшін, ішкі істер органдарының қызметкерлері істі болып жатыр ғой. Сондықтан да сол кісілердің кінәсі десек те болады",-дейді Жамбыл облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасының инспекторы Бекзат Досыбаев.

Көші-қон полициясының кесірінен енді 250 адамның тағдыры қыл үстінде. Тексеру кезінде төлқұжат есебінде жүретін ықтиярхаттың жалған екендігі расталса, онда заңға сәкес 250 қандас елден шығарылуы тиіс. Ал бейресми мәліметтерге сүйенсек, жалған құжат ел бойынша тек Жамбыл облысында жасалып, азаматтар тек содан соң әр өңірге жіберіліп отырған.
Просмотров материала: 2 753

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 200 358 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 199 974 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 199 471 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 199 525 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 199 890 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 657 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 725 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 027 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 619 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 701 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 902 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 601 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 641 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 421 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 277 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 796 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 518 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 212 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 609 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 414 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 305 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 137 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 987 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 300 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 211 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 706 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 567 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 056 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 288 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 667 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 043 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 985 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 099 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 051 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 246 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 399 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031