10 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЖАМАН АЙҒЫР: "АЛЖАС" ҚАШАНҒЫ АЛЖАСА БЕРМЕК?!

17 июль 2017, 11:35
ЖАМАН АЙҒЫР: "АЛЖАС" ҚАШАНҒЫ АЛЖАСА БЕРМЕК?! "Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек, Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек". Қазақ үшін жігіт пен жылқының арасында көп айырма жоқ cекілді. Жақсы жігіттің мінезі жылқының мінезімен астастыра суреттеліп, мақталып жататыны бар. Ал, даттауға келгенде қазақ сөзге сараңдық танытыпты. Мінейтін адамының мінін жылқының мініне телуді ар санаса керек. Бәлки, бұрынғы замандарда ұлтымызда дәл бүгінгіндей жатырынан безінген ешкім болмаған шығар.

Қазір жатырынан безіну, өз ұлтына қарсы шығып, етегінен тартып отыру кейбір азаматтардың күнделікті әдетіне айналып барады.

Еліміздегі орыс диаспорасы "Алжас, Алжас" деп астына көпшік қойып жүрген Олжас Сүлейменов ағамыз алжасып кеткелі қашан. Ол елдің рухани дамуына, қазақ ұлтының қазақ мемлекетінің заңды мұрагеріне айнала бастауына қарсылығын көрсетіп, тіпті Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатына доқ көрсетіп жүр.

Олжас Сүлейменов сонда Елбасыға қарсы ма?

Біріншіден, "Біз сияқты елге тәуелсіздікке жету қауіпті" дейді ол.

Ал, Елбасымыз болса, әр сұхбатында елдің тәуелсіздікке жетуінің мәні мен маңызын түсіндіріп, қазақ ұлтының жүрегіне үміт сәулесін жағып келеді.

Олжастың ойынша, біз толық тәуелсіздік алмағанбыз. Біз қолаңсы сасыған аю көршінің қолтығында әлі күнге тұншығып отырмыз. Әрине, көрші Ресейдің қоныштан басқыш саясаты бізді еркімізге жібермей отырғаны рас. Бірақ, біз Тәуелсіз ел болғанымыз, бұл тәуелсіздік мың-миллиондардың қанымен келгенін Олжастардың мойындамай отыруы Елбасыға қарсылық қана емес, "арқасүйер Ресейім бар" деп аз санды орыс диаспорасымен бірігіп алып, мұқым қазаққа сес көрсету. Елбасының ұстанымын мансұқтап, бүйректен сирақ шығару.

Екіншіден, "Алжас Амарханұлы" қазақтың бауырмалдығын, қонақжайлығын, бейбітшілік сүйгіштігін жоққа шығарып, қазақты үш жүзге бөлуге тырысатынын да сұхбаттарында анық айтып жүр. Руаралық, ұлтаралық араздықты тудырған адам ҚР заңдары бойынша жазалануға тиіс. Ол "қазақтың бірлігін сақтап тұрған қазақстандағы өзге диаспоралар" деп бір бүтін қазақты мыңға бөліп, өзге болмаса, өзіміз ел болмайтынымызды күн сайын елге уағыздаудан жағы талмай келеді."Әзірше бізді біріктіріп ұстап тұрған Төртінші жүз – Республикамыздың көп ұлттан құралған халқы" дейді ол. Қазақстанды біріктіруші, өзге диаспоралардың ұйытқысы қазақ екенін Елбасы екі сөзінің бірінде айтып жүргеніне мың мысал келтіруге болады. Сонда сол Елбасының сөзіне қарсы болуы арқылы Алжас Амарханұлы нені дәлелдемек?

Үшіншіден, латынға көшуге де қарсы болып отырған негізгі көзір осы кейіпкеріміз. Бұрынғыларды айтпай-ақ қоялық, Нұрсұлтан Назарбаев Рухани жаңғыру туралы мақаласында, кешегі Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында латынға көшу заманның талабы екенін айтты. Елбасының осы саясатының етегіне жабысып, тартқылап отырған тағы да Олжас көкеміз.

"Жаман айғыр жатырына шабады" дейді қазақ. Еңсесін енді көтеріп, саны 18 миллионға жетіп, қазақтыққа бет бұрған қарақұрым халқына жаман айғырдай азынап жүрген Олжас Сүлейменовке шалма салып, бастықтыратын бір ұлдың тумағаны ма? Олжас бір кездері қазаққа тұлға болғанын жоққа шығармаймыз. Бірақ, соңғы кездері ол тұлғалықтан тайды. Бір кездері пайғамбардай құрметке лайық болған ол қазір қазаққа "пайғамбар" емес. Орыстың - қолжаулығы. Ол қолжаулық қазірге ғана қол сүртуге жарап тұр. Ертең... Ертең қол тұрмақ, өзге жерді сүртуге де жарамай қалады.

Олжас "АЗиЯ"-сы арқылы қазақты бір қуантып еді, одан кейінгі мың күнәсін осы бір еңбегіне бола кешіре беру - қазаққа қана тән қасиет болса керек. Бірақ, шыдамның да шегі бар емес пе? Олжас Сүлейменов ел мен Елбасыға сес көрсетуін доғарып, ендігі қалған аз өмірін ғылымға қарай бұрып, қазақтың рухани жаңғыруына мүмкіндік берсе деп ойлаймыз. Біздің бұл ойымызды жаман айғыр құптай ма екен?

Әй қайдам, жатырына шауып үйренге жаман айғырды мініп отырған иесі оған мүмкіндік бере қоймас.
Просмотров материала: 2 402

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 724 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 408 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 907 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 943 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 314 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 800 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 834 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 166 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 846 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 876 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 081 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 869 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 001 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 632 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 509 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 527 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 749 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 502 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 900 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 697 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 510 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 355 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 199 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 567 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 444 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 932 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 356 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 259 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 495 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 895 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 238 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 184 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 327 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 258 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 502 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 638 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031