19 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"САЯСИ ЭЛИТАНЫҢ САТҚЫН БОЛҒАНЫН МОЙЫНДАЙТЫН УАҚЫТ КЕЛДІ" - ТАРИХШЫ

14 июль 2017, 15:40
"САЯСИ ЭЛИТАНЫҢ САТҚЫН БОЛҒАНЫН МОЙЫНДАЙТЫН УАҚЫТ КЕЛДІ" - ТАРИХШЫ Қазақ жеріне келген ақ патша билігі де, сол секілді Совет үкіметі де легитимді емес-тін. Қазақ тарихындағы осы ақиқат әлі күнге құжат түрінде айқындалмай келеді.

Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы Мәмбет Қойгелді kaz.365info.kz медиа-порталына берген сұқбатында мәлім етті. Оның пікірінше, қазақ жеріне алғаш аяқ басқан кездегі совет үкіметінің легитимді еместігін ашық мойындап, тіпті бізге оны арнайы құжатпен растау керек.

Совет өкіметі Қазақстанға заңсыз келді

— Қазақстанда патшалық билік легитимді болған жоқ. Оны күшпен алып, ысырып тастаған Совет билігі де легитимді болған жоқ.

Ол кезде жалғыз легитимді билік болды. Ол – 1917 жылы желтоқсанда Орынборда құрылған Алашорда үкіметі. Міне, сол заңды билік болатын. Қай тұрғыдан алсақ та ол сол кездегі жалғыз заңды билік болатын.
Алашорда қазақ қоғамында орта ғасырдан қалыптасқан саяси дәстүр ретінде шақырылған ІІ-ші жалпықазақ съезінде құрылды. Ол съезді ешкім заңсыз деп айта алмайды. Оны тек Совет тарихнамасы, идеологиясы заңсыз, бұзық секілді көрсетті. Ал, шын мәнінде, заң тұрғысынан, тарих тұрғысынан барлығын зерттеп, нақты бағасын берсек, ол сол кездегі заңды үкімет болатын.

Қазақ жерінде ұлттың игі жақсылары, үлкендері, дуалы ауыздары бас қосатын құрылтай жиналыс бүкіл ұлттың атынан шешім қабылдайды. Ол саяси немесе басқа шешім бола ма, оны қазақ қоғамы мойындайды, соны орындайды. Сондықтан І-ші, одан соң ІІ-ші жалпықазақ съезі де осы дәстүр бойынша шақырылды. Осы құрылтай съезі жабық түрде Алашорда үкіметін сайлады. Жабық түрде оның төрағасын сайлады. Ал Алаш партиясы шешімін бүкіл қазақ халқы мойындады.

Ал Совет өкіметін қазақ қоғамы шақырған жоқ, совет өкіметіне қазақ қоғамы ашық түгілі жабық түрде де дауыс берген жоқ. Референдум, сайлау өтті ме? Жоқ. Сондықтан зерттеуші ретінде, менің түсінігім бойынша, Совет үкіметі легитимді емес.
Біз осыны ашық түрде мойындайтын, тіпті болмаса арнайы құжатпен оны растайтын уақыт жетті деп білемін, — дейді ол.

Совет өкіметі Қазақстанға заңсыз келді

Қазақстанда патшалық билік легитимді болған жоқ. Оны күшпен алып, ысырып тастаған Совет билігі де легитимді болған жоқ.

Ол кезде жалғыз легитимді билік болды. Ол – 1917 жылы желтоқсанда Орынборда құрылған Алашорда үкіметі. Міне, сол заңды билік болатын. Қай тұрғыдан алсақ та ол сол кездегі жалғыз заңды билік болатын.
Алашорда қазақ қоғамында орта ғасырдан қалыптасқан саяси дәстүр ретінде шақырылған ІІ-ші жалпықазақ съезінде құрылды. Ол съезді ешкім заңсыз деп айта алмайды. Оны тек Совет тарихнамасы, идеологиясы заңсыз, бұзық секілді көрсетті. Ал, шын мәнінде, заң тұрғысынан, тарих тұрғысынан барлығын зерттеп, нақты бағасын берсек, ол сол кездегі заңды үкімет болатын.

Қазақ жерінде ұлттың игі жақсылары, үлкендері, дуалы ауыздары бас қосатын құрылтай жиналыс бүкіл ұлттың атынан шешім қабылдайды. Ол саяси немесе басқа шешім бола ма, оны қазақ қоғамы мойындайды, соны орындайды. Сондықтан І-ші, одан соң ІІ-ші жалпықазақ съезі де осы дәстүр бойынша шақырылды. Осы құрылтай съезі жабық түрде Алашорда үкіметін сайлады. Жабық түрде оның төрағасын сайлады. Ал Алаш партиясы шешімін бүкіл қазақ халқы мойындады.

Ал Совет өкіметін қазақ қоғамы шақырған жоқ, совет өкіметіне қазақ қоғамы ашық түгілі жабық түрде де дауыс берген жоқ. Референдум, сайлау өтті ме? Жоқ. Сондықтан зерттеуші ретінде, менің түсінігім бойынша, Совет үкіметі легитимді емес.
Біз осыны ашық түрде мойындайтын, тіпті болмаса арнайы құжатпен оны растайтын уақыт жетті деп білемін, — дейді ол.

Геноцид екені даусыз, неменеге бүгежектейміз?

"САЯСИ ЭЛИТАНЫҢ САТҚЫН БОЛҒАНЫН МОЙЫНДАЙТЫН УАҚЫТ КЕЛДІ" - ТАРИХШЫСондай-ақ тарихшы 1992 жылғы Жоғарғы кеңес қабылдаған қаулыны жаңғырту керек деп санайды.

— 1992 жылы басында Жоғарғы кеңестің советтік реформаларға байланысты қаулысы ресми газеттерге жарияланды. Мен сол комиссияның құрамында болғанмын.

Комиссияның қорытындысы бойынша Қазақстанда жүргізілген эксперименттің салдарынан қазақ халқының қырғынға ұшырауын геноцид деп бағалаған. Мен осы бағаны дұрыс деп санаймын.
… Көрші елдердегі тарихшылар былай дейді: „Мұндай жағдайлар барлық империялық құрылымдарда болған. Жаңа, мықты, индустриалды қоғам құру үшін осындай ауыр жолдан, осындай қырғыннан барлық мемлекеттер өткен-мыс„. Шындығында, бұл жәй сөз емес. Бұл ниеті түзу адамдар айтатын сөз емес. Ешқандай қырғынды ақтауға болмайды. Қазақ халқына келер болсақ, бұл жәй қателік емес. Бұл большевиктік үкіметтің мақсатты түрде жүргізген саясатының салдары.



Голощекинмен Смағұл Сәдуақасов бастаған саяси топ жұлысты


"САЯСИ ЭЛИТАНЫҢ САТҚЫН БОЛҒАНЫН МОЙЫНДАЙТЫН УАҚЫТ КЕЛДІ" - ТАРИХШЫСол үлкен қырғынды жасаған Голощекинді орнынан алып тастау үшін күрескен қазақ зиялыларынан тұратын саяси топ болыпты. Олар „Уберитье этого Голощекина„ деп ашықтан-ашық айтыпты.

— Мысалы, 1927-28 жылдары Смағұл Сәдуақасов бастаған топ Голощекинді биліктен кетіруге тырысты. Ашаршылыққа дейін кетіруге тырысқан. Коллективизация, конфискацияның қарсаңында.
Жағыпар Сұлтанбеков, Ыдырыс Мұстанбаев. Олар Троцкимен, Зеновьев, Каменовпен тікелей байланысқа шығып отырды. „Голощекинді алып тастаңдар, осыған көмектесіңіздер „ — деді. Ал Троцкидің не дегенін білесіз бе? Мәселе Голощекинде емес, мәселе Сталинде деді. Өйткені Троцкилердің негізгі жауы Сталин болатын. Олар Сталинге қарсы бірге шығайық деді. Біздің зиялыларымыз оған келіскен жоқ, — дейді Мәмбет Қойгелді.

Өзбек, қырғызға қарағанда қазақтың саяси элитасы ұлтын сатқыш болып шықты


Дегенмен сол кезде Голощекин жанында болған басқарушы қазақтың саяси тобы өте мансапшыл, билікқұмар болып шықты. „Қазақтың ерекше қырылуына солардың да тікелей қатысы бар, оны мойындауымыз керек„ — дейді тарихшы.

— Біз көп жағдайда жылап-еңіреп барлық кінәні басқаға жапқанды жақсы көреміз. Мәскеуге, Сталиннің билігіне аударамыз. Қазақ халқының қырып-жойылуына қазақ билігін басқарушы саяси элита да белгілі бір деңгейде кінәлі. Мәселен, қазақ халқының 49 процентінің көзі жойылып кетті. Бір ұлттың жартысына жуығы қырылып қалды. Неге өзбек, қырғыз емес, қазақ осылай көп қырғынға ұшырады? Оларда да сондай саясат жүрді, олар да қырылды, бірақ қазақ ерекше көп қырылды.

Негізінен, постсоветтік елдер ішінде Ресейдің, Украинаның, содан соң Қазақстанның халқы көп қырылды. Неге? Біздің ұлттық басқарушы элитаның кемшілігінен, әрине. Біз оны мойындауымыз керек. Біз Мәскеу тапсырма берсе, оны асыра орындауға тырысамыз. Осы — біздің халқымыздың үлкен трагедиясы. Мысалы, Өзбекстанды алалық.

Мәскеу тапсырма береді, өзбектер басында „иә, иә„ деп құп көрген ыңғай танытады да артын сұйылтып жібереді. Мейілінше, ұлтқа қарсы дүниеден айналып өтудің жолын қарастыратын еді.
Ал бізде олай болмады, — дейді Мәмбет Қойгелді.

Дереккөз: Қазақ Үні
Просмотров материала: 2 076

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 337 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 158 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 161 792 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 161 832 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 123 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 544 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 686 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 896 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 739 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 919 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 705 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 514 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 159 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 018 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 837 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 005 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 120 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 788 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 164 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 894 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 902 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 739 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 580 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 836 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 784 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 291 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 737 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 614 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 877 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 207 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 617 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 593 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 629 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 583 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 817 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 956 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031