23 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЗАҢДЫ ОРЫНДАП ҚАРЫҚ ҚЫЛМАҒАНДАР, ЗАҢ ШЫҒАРУМЕН ҚАЛАЙ АЙНАЛЫСАДЫ?!

14 июль 2017, 12:53
ЗАҢДЫ ОРЫНДАП ҚАРЫҚ ҚЫЛМАҒАНДАР, ЗАҢ ШЫҒАРУМЕН ҚАЛАЙ АЙНАЛЫСАДЫ?! Қазақстаның Жоғарғы палатасы, ақсақалдар кеңесінің сайлауы өткен айда аяқталған. Додаға "допуск" алған депутаттардың дені жаңарды, рас. Арасында өткен шақырылымның өкілдері де болды, экс-әкімдер де болды.

Ұзын-ырғасы 47 сенатордың 15-ін Президент өз қалауы бойынша тағайындайтыны және рас. Міне, сол тағайындаулар басталған көрінеді.

Тәкең енді Заң шығармақ

Мемлекет басшысы бұйрығыме екінші ғарышкер, РФ Халық батыры Талғат Мұсабаев сенатор болып сайланды.

Талғат Амангелдіұлының саяси амбициясы мен іскерлік репутациясы сын көтермейді десек те, қазақтың екінші ғарышкері біраз жыл Қазғарышты басқарды. Дәл, Ресей Протоны қазақ даласына опырыла құлап, 600 тонна гептил уы жауындай жауған кезде.

Ендігі сенатор - Талғат Амангелдіұлы сол кездің өзінде "Ол Ресейдің жалға алып отырған жері. Оған біздің араласуға құқымыз жоқ. Ішкі шаруасы" деп бір көкіді. Одан, журналистке әкіреңдеп, мінезін көрсетті.

Айтпақшы, ҚР Заң шығару органының Жоғарғы палатасының бұл өкілі қазақ тілінде қатырып сөйлей алмайды.

Реформатор министр Жұмағұлов та сенатор атанды

Сонымен, Президенттің ерекше назарына ілінген тағы бір "сенатор" -Бақытжан Жұмағұлов.

Қазақстаның Білім және ғылым министрлігін басқарып, реформа жасаған азамат. Қазақстанның саяси кадрларының ішіндегі реформаторлар классының өкілі.

Бәкең, білім беру жүйесін жаңғырта алмай кеткен еді. Айтпақшы, Бақытжан Жұмағұлов не үшін министр қызметінен кеткен еді?

Тәуелсіз Қазақстанның 12-ші Білім және ғылым министрі болып әккі саясаткер Бақытжан Жұмағұлов тағайындалғанда, көп жұрт мипалау болған министрліктің жұмысы ілгерілейді деп сенді. ҚазҰУ-ды басқарған, ҚР президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары болған. Түймебаевтан қалған түйінді Жұмағұлов шеше алды ма?

Иә, Бақытжан Тұрсынұлы көп адам армандайтын лауазымды қызметтерді атқарса да «ғылым саласының адамы» болып қала білген жан. Университет атын жамылған бiлiм беру ошақтарының бiрсыпырасын жапты. Талапты күшейтті.

Бірақ, 1 сыныптан бастап ағылшын тілін үйрету туралы сөз дәл осы Жұмағұловтың аузынан естілді. Үкімет сағатында солай сөйлеген Бақытжан Тұрсынұлына қазақ интелегенциясы қарсы шықты.

Сөйтіп, түрлі дау-дамайдың ортасында қалған экс-министрдің, яғни ендігі сенатордың ол кезде не себепті жұмыстан кеткені белгісіз болып қалған еді.

Бірақ, ол министр болған соңғы жылы бір топ ғалым Жұмағұловты докторлық диссертация жазу кезінде плагиаттықпен айналысты деп айыптаған болатын. Ал 2013 жылдың мамыр айында Білім министрінің орынбасары Саят Шаяхметов қамауға алынды. Ол бюджет қаржысын миллиардтап қалтаға басты деп айыпталған. Бақытжан Жұмағұлов Білім жәні ғылым министрлігін 3 жыл басқарды.

Айта кетейік, саяси сахнада ойыншы емес, ойыншық ретінде көрінген жоғарыда екеумен қатар, тағы екі азаматқа Президенттің көңілі ауыпты. Олар - Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева мен Владимир Васильевич Волков.

Бұл төртеуі үшін Сенаттағы орынды босатқандар кімдер?

Ендігі экс-сенаторлар - Нұртай Әбіқаев, Икрам Адырбеков, Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев, Людмила Григорьевна Полторабатько сенаторлықтан босатылды.

Оларды бұл қызметтен босату үшін Президент Назарбаев жарлық шығарды.

Нұртай Әбіқаев - ұзақ жылдар ҰҚК-ны басқарған «сұр кардинал». Түрлі саяси қызметтерді атқарды. Ең бастысы экономика ғылымының докторы. Тұп-тура 70 жаста. Күні кеше ғана сенаторлықтан босаған Әбіқаевтың ендігі саяси креслосы туралы түрлі болжам айтылуда. Дегенмен зейнеткер саясаткердің бір керекке жарары бар дейді білетіндер.

Ардагер Алтынбаев Мұхбар ақсақал биыл 72 жаста. Әскери адам. Зейнеткер. Мұхтар Алтынбаев еліміздің Қорғаныс минстрі қызметін атқарған.

Ал міне, Поторабатько Людмила ханым туралы ақпар аз. Сенатор ханымның жұмысы да, өзі де жасырын адам. Не істеп жүрді, не бітірді бізге түгілі Ақордаға жақын жақтағы азаматтарға беймәлім. Мәлімі - 64 жастағы Людмилиа ханым ЖаңаСібірдің тумасы. Сот болған, құқық саласының маманы.

Ал Тәшкеннің тумасы Икрам Абдырбеков 67 жасында зейнетке шығып отыр.

Түйін: Жоғарыдағы саяси кадрларға қарай тұра, мынадай ойға қалдық. Ақорда саяси кадрға тапшы ма, әлде өз саласында там-тұмдап тірлік ете алмағандарды сенатқа жинау қағидасы қалыптасып қалған ба?

Сенаттың өткен шақырылымында депутат болған Аңсар Мұсаханов Алматы облысын басқара алмай, Президенттің алдында тілі күрмеліп, ұятқа қалған еді. Артынша, дереу Сенатқа барды. Былтырдан бері басы дауға қалған Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі Ерік Сұлтанов биыл сенатор атанды.

Вице-министр болған Алберт Рау қызметінен босай сала - Мәжіліс депутаты атанды. Экс-әкім Серік Үмбетов те, Бақтықожа Ізмұхамбетов те депутат. Экс-министр Владимир Божко да депутат.

Сонда экс дегеннің бәрі депутат бола ма? Заңды орындап қарық қылмағандар, Заң шығарумен қалай айналысады? Парадокс.

Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 2 142

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 205 602 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 205 240 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 204 733 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 204 793 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 205 157 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 941 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 997 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 302 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 937 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 012 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 196 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 673 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 706 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 461 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 321 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 065 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 559 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 267 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 668 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 482 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 343 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 179 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 039 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 260 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 742 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 848 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 096 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 330 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 709 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 078 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 020 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 148 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 092 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 296 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 454 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930